Менің сүйікті үй жануарым

Оралова Зауре Саутбековна

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы, маңызы туралы түсінік беру. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, айтқандай зейін қойып тыңдауға үйрету , сұрақ-жауап, жұмбақ шешу арқылы тәжирибелік жұмыстар арқылы тіл байлықтарын дамыту. Үй жануарларының бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, түстерді ажырата білуді үйрету, мүсіндеу дөңгелек  кесектерді илеу дағдыларын жетілдіру, және жапсыру дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ жауап, практикалық ойындар, тәжірибе.

Ресурстар, дамытушы орта: үй жануарлардың суреттері, ойынға қажетті құралдар.

Шаттық шеңбері:

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Көп танысты көреміз

Алдымыздан кезіккен

Бәріне де ізетпен

Иіліп сәлем береміз

Сұрақ-жауап:

-Қазір жылдың қандай мезгілі?

-Көктем айларын кім айтады?

-Наурыз,сәуір, мамыр.

-Жарайды, балалар  мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін кім табады ?

1.Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын салыңдаршы.

Балалар: Қой — мә — мә маңырайды

Ой, бәрекелді балалар жарайсыңдар!

  1. Өріске ерте өреді,

Біздерге сүт береді.  (сиыр)

Сиыр — мө — мө мөңірейді

3.Бәрінен жүйрік

Үстіне адамдар отырады.(ат)

Жылқы — е — е — е кісінейді

4.Басында екі таяғы бар.

Төрт аяғы, сақалы бар. (ешкі)

Ешкі — бә — бә маңырайды

Балалар қой ,сиыр, жылқы, ешкі қандай  жануарлары екен ?

-Олар қайда тіршілік етеді?

-Ауылда.

-Ендеше біз, балалар үй жанурларымен жақын танысу үшін  ауылға саяхатқа барамыз.

Ол үшін балалар жылы киінуіміз керек (аяғымызға аяқ киімізді, үстімізге курткамызды, басымызға бас киімді киеміз)

Балалар біздің баратын жеріміз алыс. Біз ауылға пойезбен барайық (музыка әуенімен)

Үй жануарларын көрсету, жеке-жеке мағұлмат беру.

«Төлдерін, балаларын ата»

Сиыр-бұзау,

Жылқы- құлын

Қой-қозы

Ешкі-лақ

Балалар қазір біз үй жануарларына шөп береміз.

«Шөп , жем беру» ойыны (балалар арбаны алып қойға шөп береді, жылқыға жем береді)

Балалар мынау қандай жануар?- Сиыр

Енді осы сиырды сауып үйренеміз.

«Сиыр сауу» ойыны (қыздар сиыр сауады)

Сиырдың сүті қандай екен?-Ақ

Балалар мына нелер түр қарандаршы: сүт, айран ,құрт, шәлі, наски.

Осының бәрін біз қайдан  алады екенбіз?

-Үй жануарлардан

Тақтамен жұмыс: Қойдан- ет ,тері, жүн аламыз.(жүннен наски тоқимыз,теріден ішік тігеміз)

Балалар міні үй жануарлары бізге өте пайдалы екен.

Сергіту сәті

Ерте тұрып таңертең

Апам сауды сиырды

Сүт қайнатып, сапырып

Ұйытады айранды.

Бірінші топ — сүт беретін жануарлар сиырды мақталы таяқшамен жасайық

Екінші топ- ет беретін қойдың жүнін жабыстырамыз.

Үшінші топ қымыз беретін жануарды жылқыны  ермексазбен домалақтап  жасаймыз.

Төртінші топ- сүзбеден құрт жасаймыз.

«Топқа қайту» (музыка әуенімен)

Қорытынды:

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылау.

-Балалар бүгін біз қайда бардық?

-Қандай үй жануарлары бар екен?

Жарайсыдар балалар! Бүгінгі оқу іс әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар, үй жанурлары туралы жақсы біледі екенсіңдер.

Бүгінгі оқу іс-әрекеті аяқталды, қонақтармен қоштасамыз.

Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Бүгінгі келген қонаққа

Сау болыңыз деп, айтамыз.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх