Апсаматова Асия Нурхамитовна
Ақмола облысы білім басқармасының
Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы
Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы МКҚК
Мен – тәрбиешімін. Мамандығыммен мақтанамын!
Тәрбиеші қызметі – үлкен жауапкершілік, сабырлылық пен мейірімділікті талап ететін асыл міндет. Себебі біз – болашақтың тұтқасын ұстап тұрған балалардың алғашқы ұстазымыз.
Балабақша – баланың екінші үйі болса, тәрбиеші – екінші анасы. Кішкентай бүлдіршіндердің әр қадамын бақылап, әр сөзін тыңдап, алғашқы әдеп пен білім нәрін бойларына сіңіру – менің күнделікті жұмысым. Әр бала – ерекше, қайталанбас тұлға. Сол тұлғаның бойындағы қабілеттерді ашу, оны дұрыс бағытқа жетелеу – тәрбиешінің басты парызы.
Мен үшін менің жұмысым – жылулық сыйлау, тәрбие мен мейірім беру. Балалардың жарқын күлкісі, шынайы қуанышы – мен үшін үлкен бақыт.
Тәрбиеші қызметі әрқашан үздіксіз ізденіс пен дамуды талап етеді. Әр күн сайын жаңа тәсілдермен жұмыс істеп, шығармашылықпен айналысу – бұл мамандықтың ерекшелігі. Себебі заман талабына сай тәрбие беру – бүгінгі күннің басты міндеті.
Мен – тәрбиешімін. Мамандығымды мақтан тұтамын!!!!
Бұл сөз менің кім екенімді, не үшін өмір сүріп жатқанымды білдіреді. Мен балаларға мейірім сыйлап, олардың бақытты балалық шағын қалыптастыру жолында еңбек етіп келемін. Осы тәрбиешілік жолда аянбай тер төгіп, болашаққа үлес қоса беру – менің алға қойған мақсатым.
Тәрбиеші – ұлы тұлға!