Бала-біздің болашағымыз

Садуакасова Жазира  Толеубаевна

Ақмола облысы
Қорғалжын ауданы
МКҚК “Балауса” бөбекжайының
тәрбиешісі

Бала нені білсе жастан, ұядан — өле өлгенше соны таныр қиядан
(Жүсіп Баласұғын).

Бала-ол жайқалып өсіп келе жатқан жас қайың.Бала өмір есігін шыр етіп ашқаннан ең алғаш анасының ақ сүтінен нәр алып,иісін сіңіре отырып жаңа өмірге аяқ басқан жас шыбық деседе болады. Жас шыбықты қалай исең,солай бітіп өсіп өнетіні анық .Сол себепті басты тәрбие отбасындағы алған тәлім тәрбиесімен балабақша жәнеде мектептен алған тәрбиесіне  байланысты.

Бала біздің ертеңгі болашағымыз.Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Ал тәрбиеші жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр – сырын анықтап , мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызады. Өйткені жаңа заман баласы -бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-  адамгершілік рухани тәрбие беру.  Құнды  қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық деп атап көрсеткен.

Қазіргі заман талабына сай балаларды балабақшада Адал азамат ұлттық құндылық тәрбиесінде тәрбиелеуді қолға алуда. Адал азамат бағдарламасының  негізгі қағидалары:

Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу;Инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу;Тілдік дағдыларды дамыту сияқты бағдарламалар жүзеге асырылуда.Бұл бағдарламаның  барлығы болашақ ұрпағымыздың салауатты да,саналы ұрпақ болып өсуіне қосар үлесі зор бағдарлама. “Адал азамат-болашақтың кепілі.Бұл бағдарлама жас ұрпақтың құндылықтарға негізделген адал, әділ, отансүйгіш азамат болып қалыптасуына бағытталған” қазіргі таңда барлық балабақшаларда іске асырылып жатқан жоба. Адал азамат болашақ қоғамның  тірегі. Бүгінгі жас-ертеңгі ел иесі.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің бірі — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх