Жаңаша оқытудың білім беру жүйесіндегі маңызы

Жалимова Жанат Кайрхановна

Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Біз осы заманғы білім беру жүйесісіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз»- деп атап көрсеткендей, осы заманғы ұстаз – болашаққа заман ағысымен ілгерілеген озық тұлға. Мұғалімге осындай көзқараспен қарау, оның алдына қойылар талапты да айқындайды.  Кез – келген адам алдына қойған мақсатына ерік – жігерін аямай еңбек ету арқылы, осы жолда өзін-өзі бар қырынан жетілдіру арқылы жетеді.
Елбасымыз: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деп атап көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстан 2050 стратегиясында: «Біріншіден, барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие. Біз Ұлттық білім беру саласының барлық бөлімдерінің сапасын жақсарту үшін көп жұмыс істедік. Біз, 2020 жылға қарай, Қазақстанның 3 – 6 жастағы барлық балалары мектепке дейінгі білімді алатын болатынын болжап отырмыз. Сондықтан, сол балаларды заманауи білім беру әдістемелерімен және білікті қызметкерлермен қамтамасыз етудің маңызы зор. Негізгі мектеп үшін, барлық мектептердегі оқыту стандарттарын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің деңгейіне дейін жақсарту қажет. Жоғары мектеп түлектері Қазақ, Орыс және Ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс. Оқытудың нәтижесі сын тұрғысынан ойлау, өздігімен зерттеу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгерту тиіс» делінген. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша  педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасы мұғалімдердің шеберлігін жетілдіру мен дамытуды басты міндет ретінде қарастырып отыр.

Қазақстан Республикасының мектептерінде арнап әзірленген мектеп пәндерінің оқу бағдарламаларына,оқу жоспарларына және бағалау моделіне негізделген.

ХХІ ғасыр–ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық қоғам дәуірінің негізгі көзі.Сонымен қатар сындарлы оқытудың пайдасы өте зор.Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі»әдістерімен салыстырғанда,оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. (Hattie,2011) .Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып,жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді.

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламасы оқушыларға   ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған.Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау,бірлесіп жұмыс істеу,ақпаратты өңдеу,проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Оқушыларды диалогқа түсіру арқылы сыни ойлауына және зерттей біліп, бір шешімге келе білулеріне ұстаздың шеберлігі жоғары болу керек екенін бәріміз де білеміз.

Қазіргі кездегі білім беру саласындағы заман талабына сай инновациялық оқыту технологиялары мен оқытудың әр түрлі техникалық құралдары мен заманауи әдістерін қолдану арқылы келер ұрпаққа сапалы білім беру.

Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың алатын орны, сабақта түрлі техниканы және оқушылардың қызығушылықтарын арттырудың заманауи интерактивті әдіс-тәсілдердің қолданудың тиімділігі.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Профессор Дэвид Клустер «Сыни тұрғыдан ойлау–өзіндік, жеке ойлау. Ал сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін, бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біреу үшін біреу сыни ойлай алмайды, әркім барлығын өзі үшін жасайды. Ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып та-былады. Өз бетінше жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек» деген екен.  Жалпы оқушыға сыни ойлау қажет пе? Әрине қажет, қазіргі заман талабына сай оқушыда өзіндік көзқарасы, сенімі, ішкі уәжі қалыптасуы керек. Сондықтан да сабақтарды жоспарлағанда оқушыларда сыни ойлауын тудыратын сұрақтар немесе деңгейлік, кеңейтілген, құзырлылық тапсырмаларды сабақта қолданған жөн.
Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті модульдердің бірі «Cыни тұрғыдан ойлауға үйрету» басқа модульдермен де тығыз байланысты деп есептеймін. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, яғни метатаным пайда болады, өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді, ал бұрынғы дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер – оқушы болды. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ – жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады.

Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.

Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтің ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О. Бальзактың “Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек. Оқушы ойлауының барлық түрлерін диагностикалық бірлік арқылы дамыту керек.

Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы – ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры . Жаңаша оқытудың білім беру жүйесіндегі маңызы:
білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми – ізденіс қабілеттерін қалыптастыру.Келешекте   ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан – жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.

Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІ басылым «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 ж
  2. Үлестірме материалдар 1-үлестірмелі материал
  3. Бабаева Ю. Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.

4. «Қазақстан-2050»стратегиясында Қазақстандағы білім беру туралы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *