Иса Аяжан Қанатқызы
«Тұран» университеті, Алматы қаласы, Журналистика мамандығының 1-курс студенті
Жетекші: Қаршығаева Айнұр Аралбекқызы
Аңдатпа: Бұл мақалада журналистің кәсіби миссиясы мен мінезі ұғымдары тарихи, теориялық және практикалық тұрғыдан кешенді түрде қарастырылған. Журналистиканың қоғамдық сана қалыптастырудағы рөлі, журналист этикасының дамун және кәсіби борыштың мазмұны әртүрлі кезеңдерде салыстыра отырып талданды. Зерттеу барысында БАҚ қызметіне әсер ететін саяси-экономикалық және технологиялық факторлар, атап айтқанда медиа саласындағы меншік құрылымы, цензура, сөз бостандығы, редакциялық тәуелсіздік мәселелері талқыланды. Әсіресе, цифрлық дәуірдегі журналистің жауапкершілігі мен моральдық таңдауы маңызды аспект ретінде қарастырылып, әлеуметтік желілердің, алгоритмдік жүйелер мен жасанды интеллекттің журналистік шешім қабылдауға ықпалы сарапталды.
Мақалада кәсіби миссия шындықты айту, қоғам мүддесін қорғау, әділдік пен бейтараптықты сақтау секілді құндылықтармен тығыз байланыстырылса, журналистің мінезі – оның моральдық тұрақтылығы, әділдікке бейімділігі, қысым жағдайында принциптеріне адал қалуы сияқты қасиеттермен сипатталды. Халықаралық тәжірибелерге, сондай-ақ қазақстандық БАҚ-тағы қазіргі ахуалға сүйене отырып, журналистің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру жолдарын ұсынылды. Сонымен қатар, кәсіби миссия мен мінездің болашақ журналистерді даярлаудағы орны да қарастырылды. Мақаланың теориялық негізіне медиаэтика, кәсіби нормалар мен әлеуметтік жауапкершілік теориялары алынған. Қорытынды бөлімде журналистік қызметтің моральдық өлшемін жаңаша пайымдау қажеттілігі және журналистиканың қоғам алдындағы стратегиялық рөлі атап өтілді.
Түйін сөздер: журналистика, миссия, этика, цензура, ақпарат, технологиялар, қоғам.
МИССИЯ И ХАРАКТЕР: ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ ДОЛГ ЖУРНАЛИСТА
Аннотация: В данной статье комплексно рассматриваются понятия профессиональной миссии и характера журналиста в историческом, теоретическом и практическом аспектах. Проанализирована роль журналистики в формировании общественного сознания, развитие журналистской этики и содержание профессионального долга в разные исторические периоды. В процессе исследования были обсуждены политико-экономические и технологические факторы, влияющие на деятельность средств массовой информации, в частности структура собственности в медиа, цензура, свобода слова и проблемы редакционной независимости. Особое внимание уделено ответственности журналиста в цифровую эпоху и моральному выбору в условиях влияния социальных сетей, алгоритмических систем и искусственного интеллекта на принятие журналистских решений.
Профессиональная миссия в статье связывается с такими ценностями, как стремление к правде, защита общественных интересов, справедливость и беспристрастность. Характер журналиста представлен через его моральную устойчивость, стремление к справедливости и верность своим принципам в условиях давления. Основываясь на международном опыте и текущей ситуации в казахстанских СМИ, предложены пути повышения общественной ответственности журналиста. Кроме того, рассмотрено значение профессиональной миссии и характера в подготовке будущих журналистов. Теоретической базой статьи выступают медиаэтика, профессиональные нормы и теории социальной ответственности. В заключении подчеркивается необходимость переосмысления моральных измерений журналистской деятельности и стратегическая роль журналистики перед обществом.
Ключевые слова: журналистика, миссия, этика, цензура, информация, технологии, общество.
MISSION AND CHARACTER: THE PROFESSIONAL DUTY OF A JOURNALIST
Abstract: This article provides a comprehensive analysis of the concepts of a journalist’s professional mission and character from historical, theoretical, and practical perspectives. The study explores the role of journalism in shaping public consciousness, the development of journalistic ethics, and the content of professional duty across different historical periods. The research examines political, economic, and technological factors influencing media activities, including media ownership structures, censorship, freedom of speech, and issues of editorial independence. Particular attention is given to the journalist’s responsibility and moral choices in the digital age, with an emphasis on the influence of social networks, algorithmic systems, and artificial intelligence on journalistic decision-making.
The professional mission is closely linked to values such as truth-telling, protection of the public interest, fairness, and impartiality. The journalist’s character is defined through moral integrity, a commitment to justice, and adherence to principles under pressure. Based on international practices and the current state of Kazakhstani media, the article proposes ways to strengthen journalists’ public responsibility. The importance of professional mission and character in the training of future journalists is also addressed. The theoretical framework of the article includes media ethics, professional standards, and social responsibility theories. In conclusion, the need for a renewed understanding of the moral dimensions of journalistic work and the strategic societal role of journalism is emphasized.
Keywords: journalism, mission, ethics, censorship, information, technology, society.
Кіріспе
Журналистика – жай ғана мамандық емес, сонымен қатар маманнан жоғары жауапкершілікті, тәуелсіздікті, объективтілік қағидаттарына адалдықты талап ететін әлеуметтік борыш. Журналистер қоғамдағы басты рөлдердің бірін атқарады, азаматтар мен билік арасында делдал болып, қоғамдық пікірді қалыптастырады. Дегенмен, журналистика бірқатар қиындықтармен бірге жүреді, оның ішінде саяси және экономикалық құрылымдардың қысымы, тез өзгеретін медиа-ортада кәсіби этиканы сақтау қажеттілігі және цифрлық дәуірде объективтілікті сақтау қиындығы сияқты мәселелер бар.
Журналист міндетінің тұжырымдамасы көп қырлы және белгілі бір елдің әлеуметтік-мәдени контекстіне, саяси жүйесіне, медиа құрылымына байланысты өзгереді. Маккуайл Д. Былай деп жазады: «Либералды медиа үлгісінде журналистика мемлекеттік институттарды бақылауды қамтамасыз ететін және қоғамның мүдделерін қорғайтын «төртінші билік» [1]. Әлеуметтік жауапкершілік моделін зертеуші К. Кристианстың айтуынша: «Журналистерден қатаң этикалық стандарттарды сақтауды талап ететін баспасөз бостандығы мен қоғамдық мүддені ескеру қажеттілігі арасында тепе-теңдікті сақтау қажет» [2]. Д. Халлин еңбектерінде: «Авторитарлық және пропогандалық жүйелерде журналистика оның тәуелсіздігі мен объективтілігіне қауіп төндіретін мемлекеттік идеологияның құралы ретіндеп қызмет етеді»,- деп көрсетеді [3].
Журналистің кәсіби борышының күрделілігі қоғамның әртүрлілігі, редакциялық саясат пен өзінің моральдық ұстанымы арасындағы теңгерімді сақтау қажеттілігінде жатыр. Халықаралық журналистер федерациясы (IFJ) және ЮНЕСКО сияқты ірі халықаралық ұйымдар журналистердің тәуелсіздігі мен құқықтарын қорғауды қолдауға бағытталған әмбебап этикалық стандарттарды әзірлеуде. Дегенмен, іс жүзінде журналистер цензураға, саяси қысымға, корпоративтік мүдделердің кірігуіне және қатерлерге ұшырайды, бұл, әсіресе, баспасөз бостандығы деңгейі төмен елдерде жиі байқалады.
С. Вард заманауи медианың дамуы туралы былай деп жазады: «Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік медианың дамуы журналистика тәжірибесін айтарлықтай өзгертіп, жаңа мүмкіндіктерді де, қосымша этикалық мәселелерді де тудыруда» [4]. Бір жағынан, ғаламтор пен әлеуметтік медиа журналистерге ақпаратты тезірек таратуға және аудиториямен тікелей қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, олар жалған ақпараттың таралуын жеңілдетеді, фактчекинг процесін қиындатады және қоғамдық пікірді манипуляциялауға жағдай жасайды.
Журналист миссиясының тұжырымдамасын зерттеу, кәсіби борыштың негізгі аспектілерін анықтау және журналистиканың этикалық стандарттарына әсер ететін заманауи сын-қатерлерді талдау қазіргі кезде өзекті болып отыр. Жұмыста журналистік миссияның негізгі теориялық тұжырымдамалары, жаһандық және жергілікті контексте журналистік этиканы талдау, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен саяси факторлардың журналистердің кәсіби қызметіне әсері қарастырылды.
Журналистік этиканың халықаралық кодекстерінің мазмұнын талдау журналистердің кәсіби борышының негізгі стандарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл журналистің миссиясы туралы теориялық идеяларды нақты тәжірибемен салыстыруға және қазіргі жағдайда кәсіби стандарттардағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді.
Журналистік этиканың дамуында цифрлық платформалардың рөлі ерекше орын алады. Олар журналистерге ақпаратты жылдам тарату, түрлі көздермен байланыс орнату және көпшілікпен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігін береді. Алайда, бұл жаңа медиа құралдары жалған ақпараттың таралуын жеңілдетіп, журналистердің жұмысын күрделендіреді. Фактчекинг пен ақпараттың дұрыстығын тексеру үрдісі де интернет желісінің динамикасына бейімделіп, заманауи сын-қатерлерге жауап ретінде қалыптасып келе жатқан жаңа этикалық мәселелерді шешу үшін аса маңызды бола бастады.
Цифрлық технологиялармен бірге журналистік қызметке қоғамдағы әлеуметтік-саяси ахуал да әсер етуде. Қазіргі таңда журналистер тек ақпараттық салада емес, сондай-ақ саяси процестерде, қоғамдық пікірді қалыптастыруда да белсенді рөл атқарады. БАҚ-тың коммерциализациясы мен әлеуметтік желілердің ықпалы журналистің тәуелсіздігі мен кәсіби міндеттерін орындау тәсілдерін қайта қарауға мәжбүр етеді. Мұндай жағдайда журналистің жауапкершілігі, қоғамдық сенімділікті сақтау мен осы заманның талаптарына сәйкес ақпараттық қызмет көрсету міндеттері бірінші орынға шығады.
Негізгі бөлім
В.И. Ленин «О печати и журналистике» атты кітабында былай деп жазады: «ХХ ғасырда Кеңес Одағы елдерінде кең тараған БАҚ-тың социалистік үлгісі журналистиканы мемлекеттік мүддеге бағындыруға бағытталды. Журналист тәуелсіз бақылаушы ретінде емес, билік партиясының идеологиясына сай қоғамдық сананы қалыптастыратын «адам жанының инженері» ретінде көрінді» [5]. Бұл көзқарас кеңестік зерттеуші Я.Н Засурскийдің еңбектерінде де былайша бекітілген: «Журналистика социалистік құндылықтарды қолдауға бағытталған «тәрбиелік» функцияны орындауы керек» [6].
ХХ ғасырдың ортасында тұжырымдалған әлеуметтік жауапкершілік теориясы толық баспасөз бостандығы мен мемлекеттік реттеу арасындағы ымыраға келуді білдіреді. К. Кристианстың еңбегіне сүйенсек: «Бұл модельде журналистика қоғам мүддесін ескеріп, кәсіби стандарттар аясында әрекет етіп, жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге міндетті» [7]. Бұл тәсіл әлі де батыстық БАҚ үшін іргелі болып табылады, бірақ цифрландыру жағдайында оның шекаралары бұлыңғыр бола бастады, себебі журналистік материалдар кәсіби емес авторлар жасаған контентпен бәсекелесуде.
Қазақстандық журналистика ғылымы журналист миссиясының әртүрлі теориялық тәсілдерін де зерттейді. С.Қ. Қожамқұлова тәрізді заманауи авторлар былай деп көрсетеді: «Ұлттық ақпараттық саясат контекстінде сөз бостандығы мен мемлекеттік реттеу арасындағы тепе-теңдікті табу өте қиын, оған қоса батыс және посткеңестік медиа дәстүрлерінің ықпалы да бар» [8].
Б. Ковач: «Журналистің қоғамда бірнеше негізгі функциялары бар»,- деп атап көрсетеді [9]. Ең бірінші – ақпараттандыру функциясы, яғни елде және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы өзекті және сенімді ақпарат беру. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таралатын ақпарат қоғамның шындықты қабылдауына әсер етіп, аудиторияның сол күнгі бейнесін қалыптастырады.
Екінші маңызды функция – билікті бақылау. Демократиялық қоғамдарда журналистика саяси процестердің ашықтығын қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылады. Ханитзк және басқа да зерттеушілер: «Мемлекеттік және корпоративтік құрылымдар тарапынан сыбайлас жемқорлықты, қызметін асыра пайдалануды және басқа да құқық бұзушылықтарды әшкерелеуде журналистік зерттеудің алатын орны ерекше»,- деп жазған [10]. Алайда, Reporters Without Borders ұйымының жазбаларына сүйенсек: «Бұл функцияның орындалуы баспасөз бостандығы қорғалған жағдайда ғана мүмкін болады, бұл құбылысты журналистік зерттеу деңгейінің қоғамды демократияландыру деңгейіне тәуелділігін көрсететін зерттеулермен растауға болады» [11].
Журналистің үшінші қызметі – қоғамдық пікірді қалыптастыру. Журналистика аудиторияның әлеуметтік нормаларды, мәдени құндылықтарды және саяси көзқарастарды қабылдауына әсер етеді. Ақпараттық қоғам жағдайында бұл функция айтарлықтай күшеюде, өйткені БАҚ білімнің және ағымдағы оқиғаларды түсіндірудің негізгі көзіне айналды.
Тарихи тұрғыдан алғанда журналистиканың миссиясы қоғамдық-саяси жағдайларға байланысты өзгеріп отырды. Алғашқы демократиялық қоғамдарда журналистика азаматтарды әртүрлі идеологияларды қолдауға жұмылдыру үшін қолданылатын үгіт-насихат құралы рөлін атқарды. ХІХ–ХХ ғасырларда бұқаралық басылымдардың дамуымен журналистика ақпарат беру және сараптама жасауға баса назар аудара отырып, объективті қызмет атқара бастады.
Кеңестік кезеңде журналистика мемлекеттік саясатты насихаттайтын идеологиялық құрал функциясына ие болды. Посткеңестік елдерде БАҚ-ты демократияландыру процесі журналистердің тәуелсіз бақылаушы ретіндегі миссиясын түсінуімен қатар жүрді, дегенмен мемлекет пен бизнес тарапынан қысым олардың қызметін айқындайтын маңызды фактор болып қала береді.
Қазақстанда және басқа да посткеңестік елдерде соңғы онжылдықтарда журналистиканың миссиясы өзгеруде. Қ. Әбдезұлы былай деп көрсетеді: «Тәуелсіз журналистикаға деген қоғамдық сұраныс өсті, бірақ мемлекеттік және корпоративтік құрылымдардың ықпалы әлі де айтарлықтай жоғары деңгейде» [12]. Бұл жағдайда журналистер кәсіби этикалық стандарттар, БАҚ иелерінің экономикалық мүдделері және саяси күн тәртібі арасындағы теңгерімді сақтауға мәжбүр.
Журналист миссиясы – әлеуметтік, саяси және технологиялық өзгерістердің әсерінен дамып отыратын динамикалық ұғым. Қазіргі жағдайда сөз бостандығы мен қоғам алдындағы жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселесі ерекше өзекті болып табылады, бұл журналистің кәсіби борышы тақырыбын одан әрі зерттеу қажеттілігін тудырады.
Журналистік этика – ақпаратты жинау, өңдеу және тарату процесінде журналистердің кәсіби мінез-құлқын анықтайтын нормалар жүйесі. Журналистік этиканың негізгі қағидалары БАҚ өкілдерінің қызметін реттейтін халықаралық және ұлттық кодекстерде бекітілген. Бұл құжаттардың негізгісі – журналистердің объективтілігіне, тәуелсіздігіне және әлеуметтік жауапкершілігіне қойылатын талаптарды белгілейтін Халықаралық журналистер федерациясының (IFJ) қағидаттар декларациясы болып табылады.
Журналистік этиканы анықтайтын басқа халықаралық құжаттардың ішінде қоғамның сенімді ақпарат алу құқығы мен журналистерді саяси және экономикалық құрылымдардың қысымынан қорғауға ерекше назар аударылған ЮНЕСКО-ның Этикалық кодексі мен Еуропалық журналистік этика хартиясын ерекше атап өтуге болады. ТМД елдерінде ұлттық кодтар маңызды рөл атқарады. Қазақстан журналистерінің этикалық кодексі журналистердің қоғам алдындағы міндеттерін, оның ішінде азаматтардың мүдделерін қорғау, оқиғаларды шынайы жариялау және бейтарап ақпаратты таратудан бас тартуды айқындайды.
Журналистік этиканың тағы бір маңызды бөлігі құпия ақпарат көздерін қорғау болып табылады. Демократиялық елдердің көпшілігінде бұл принцип заңмен қорғалған, бірақ бірқатар елдерде журналистер дереккөздерін жариялаудан бас тартқаны үшін қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкін. Бұл кәсіби стандарттар мен заңды тәуекелдерді теңестіруге тиіс журналистер үшін қосымша қиындықтар туғызады.
Кәсіби этиканың негізгі мәселелерінің бірі – сөз бостандығы мен қоғам алдындағы жауапкершілік арасындағы тепе-теңдік. С. Вардтың айтуынша: «Демократиялық елдерде журналистика қоғамдық мүдделерді қорғау құралы ретінде қарастырылады, бірақ оның қызметі жала таратуға, өшпенділік тудыруға және жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын бұзуға жол бермейтін құқықтық және этикалық нормалармен шектеледі» [13].
БҰҰ-ның Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (19-бап) және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт сияқты көптеген конституциялар мен халықаралық құжаттарда сөз бостандығына кепілдік берілген. Бірақ шындығына келгенде, баспасөз бостандығының деңгейі саяси режимге байланысты өзгеріп отырады. Авторитарлық тенденциялары бар елдерде журналистика жиі цензураға ұшырайды және журналистер үкіметті сынайтын жарияланымдар үшін қудалануы мүмкін.
Журналистің жауапкершілігі объективтілік стандарттарын сақтау, фактілерді тексеру және қоғамдық пікірді басқаруға жол бермеу арқылы көрінеді. Жалған жаңалықтардың таралуы жаһандық проблемаға айналған цифрлық медиа дәуірінде бұл аспектілер ерекше маңызды. Б. Ковач және басқа да заманауи зерттеушілер еңбектерінде көрсеткедей: «Журналистика ақпараттың дұрыстығына ғана емес, оның қоғамның оқиғаларды қабылдау ықпалына да жауап береді, бұл контент сапасын аса мұқият бақылауды талап етеді» [14].
Заманауи журналистер көбінесе кәсіби борыш пен саяси қысым, экономикалық мүдделер және қуғын-сүргіннен қорқу сияқты сыртқы факторлар арасындағы қайшылыққа тап болады. Бұл тұрғыда ең жиі кездесетін мәселелердің бірі – мемлекет қысымы. Бірқатар елдерде билік заңнамалық шектеулерден бастап мемлекеттік саясатты сынайтын жарияланымдар үшін журналистерді қудалауға дейін бұқаралық ақпарат құралдарын бақылаудың әртүрлі әдістерін қолданады.
Журналистің кәсіби борышы сөз бостандығы, этикалық нормалар мен сыртқы сын-қатерлер арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттілігімен байланысты. Қазіргі жағдайда журналистиканың алдында тәуелсіздік пен қоғам алдындағы жауапкершілікті қамтамасыз етудің тиімді шешімдерін табуды талап ететін жаңа міндеттер тұр.
Журналист мамандығы адамнан бірқатар нақты жеке қасиеттерді біріктіруді талап етеді, олардың ішінде сыни ойлау, аналитикалық қабілеттер, коммуникативті дағдылар, стреске төзімділік және жоғары жауапкершілік тәрізді қасиеттер бар. М. Дьюздың өзінің зерттеулерінде атап өткендей: «Табысты журналистер өзгермелі жағдайларға тез бейімделу, білуге құштарлық пен шындықты іздеуге деген құлшыныстарымен ерекшеленеді» [15].
Журналист жұмысының психологиялық аспектілері көбінесе жоғары стресс деңгейімен байланысты. Журналистер конфликттік жағдайларда немесе өткір тақырыптарға байланысты сөз қозғағанда стреске ұшырайды. А.В. Долгих: «Қазақстанда, Ресейде және Батыс елдерінде жүргізілген зерттеулер журналистика қиын жағдайда объективтілікті сақтай білуді талап ететін эмоционалды жағынан ең қиын мамандықтардың бірі»,- деп жазады [16]. Сонымен қатар, журналиске сыртқы қысымға бой алдырмауға және ақпарат беруде тәуелсіздікті сақтауға көмектесетін кәсіби этика да маңызды фактор болып табылады. Демек, табысты журналист – жоғары интеллект пен аналитикалық қабілетке ғана емес, әр түрлі жағдайларда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін эмоционалдық тұрақтылыққа ие адам.
Журналистер жеке сенімдеріне қарамастан объективтілікті сақтай білуі қажет. Кәсіби журналистік этика журналистерден оқиғаларды объективті және бейтарап көрсетуге ұмтылуды талап етеді. Көптеген елдерде журналистер өздерінің жеке көзқарастарының оқиғаларға әсерін біледі және фактілер мен пікірлерді нақты ажырата отырып, оны азайтуға тырысады. Осылайша, Қазақстанда материалдарды объективті ету үшін сараптамалық пікірлерді пайдалану үрдісі сақталуда. Батыс журналистикасында, әсіресе АҚШ пен Ұлыбританияда жаңалықтар мен аналитикалық жанрларды бөліп қарастыру тәжірибесі бар. Бірінші жағдайда журналист нақты фактілерді қатаң сақтауға міндетті, ал екінші жағдайда ол өз пікірін айта алады, бірақ материалды аналитикалық немесе авторлық деп нақты белгілеуі қажет.
Е. Парисер: «Журналистердің «дәлелдеуші біржақтылық» (confirmation bias) мәселесі деп бар»,- деп атап көрсетеді». Бұл мәселе журналистердің (саналы немесе бейсаналы түрде) өздерінің жеке көзқарастарына немесе басылымның редакциялық саясатына сәйкес келетін фактілерді ғана таңдап алуымен байланысты» [17].
Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік медиа журналистік тәжірибені түбегейлі өзгертіп, журналист миссиясы туралы дәстүрлі идеялардың түрленуіне себеп болды. Зерттеуші Дж. Павлик былай деп жазады: «Бұрынғы журналистиканы кәсіби стандарттарды, редакциялық сүзгілерді және бұқаралық ақпарат құралдарының иерархиялық құрылымын басшылыққа алса, цифрландыру жағдайында бұл принциптердің тұрақтылығы азайып барады» [18]. Интернеттің дамуы ақпарат ағынының орталықсыздануына, жаңалықтарды тарату жылдамдығының артуына және ақпараттың балама көздерінің пайда болуына әкелді, бұл дәстүрлі БАҚ-тың оқиғаларды түсіндіру көзі рөліне күмән келтіреді.
Facebook, Twitter, Instagram және TikTok сияқты әлеуметтік желілер журналистиканың жұмыс істеу тәсілін өзгертіп, ақпарат таратудың жаңа платформаларына айналды. Көптеген журналистер әлеуметтік желіні тек жаңалықтарды табу құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі редакциялық құрылымдарды айналып өтіп, аудиториямен байланысу, жеке брендтер құру және материалдарды тікелей жариялау құралы ретінде пайдаланады. Нәтижесінде кәсіби журналистика мен азаматтық журналистиканың шекарасы бұлыңғырланып, журналист миссиясы дәстүрлі ақпарат беруден бастап, жаңалықтарды құру және тарату процесіне аудиторияның белсенді қатысуына дейінгі жаңа формаларды алуда.
Сонымен қатар, цифрлық орта дезинформация, қоғамдық пікірді басқару және контентті таратуға алгоритмдік тұрғыдан әсер ету сияқты кәсіби журналистикаға қауіп төндіретін құбылыстардың өсуіне ықпал етуде. Зерттеулер көрсеткендей, әлеуметтік медиа платформалары «вирустық» контентке басымдық береді, бұл журналистерді объективті репортаждардан назар аудартуға бағытталған оқиғаларға көшуге мәжбүрлейді. Бұл журналистер үшін ақпараттың сенімділігі мен цифрлық медиа кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілік арасындағы теңгерімді сақтау бағытындағы жаңа этикалық мәселелерді тудырады.
Цифрландыру және әлеуметтік желілердің ықпалының күшеюі жағдайында журналистің кәсіби борышы ұғымы елеулі өзгерістерге ұшырауда. Дәстүрлі журналистикада кәсіби борыш объективтілік, бейтараптық, нақтылық сияқты қағидалар арқылы көрсетілсе, цифрлық кеңістікте бұл нормалар жаңа сынақтармен бетпе-бет келуде.
Цифрлық ортаның қысымы жағдайында журналистік этикалық стандарттарды сақтау қиын. Көп журналист оқиғаларға бірден жауап беру қажеттілігімен бетпе-бет келеді, бұл ақпаратты тексеру мүмкіндігін төмендетеді және расталмаған мәліметтердің таралуына әкеледі.
Журналистің әлеуметтік желіде таратылатын контентке қатысты жауапкершілігі де кәсіби борыш шекараларының өзгеруіне әкеледі. Редакциялық сүзгілер сенімсіз ақпаратқа тосқауыл болған дәстүрлі БАҚ-тан айырмашылығы, цифрлық кеңістікте журналистер көбінесе күн тәртібін сыртқы бақылаусыз белгілей отырып, тәуелсіз әрекет етеді. Бұл заманауи журналистерден өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейін және жарияланатын жазбалардың салдарын болжауды талап етеді.
Қорытынды
Журналистің миссиясы мен кәсіби борышы медиа тәжірибесінің іргелі аспектілері болып қала береді, бірақ олардың мазмұны мен шекаралары цифрлық технологиялардың, әлеуметтік желілердің және жаңа этикалық сын-қатерлердің әсерінен өзгеруде. Журналистика қоғамды ақпараттандыру, билікті бақылау және қоғамдық пікірді қалыптастыру құралы ретінде қызмет етуді жалғастыруда, бірақ ақпарат ағынының жеделдеуі және БАҚ-тың коммерциялануы журналистің объективтілігі мен тәуелсіздігі туралы дәстүрлі түсініктерге қатысты күмән тудырады.
Қазіргі жағдайда журналистің кәсіби борышы этикалық нормаларды сақтауды ғана емес, сонымен қатар жалған ақпарат тарату, үкімет қысымы, алгоритмдік цензура сияқты жаңа сын-қатерлерді білуді талап етеді. Бұл жағдай журналистің жауапкершілігін арттыруды ғана емес, сондай-ақ ақпараттық манипуляға жол бермей, шындыққа деген адалдықты сақтау қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар, медиа саласындағы бәсекелестік пен қаржылық қысымдарға байланысты журналистік тәуелсіздіктің сақталуы да маңызды мәселе болып табылады.
Қоғамның сенімін сақтау журналистік жауапкершілікті, сыни ойлауды және кәсіптің негізгі құндылықтарын жоғалтпай цифрлық ортаға бейімделу қабілетін біріктіру арқылы ғана мүмкін болады. Бұдан басқа, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер мен жаңашылдықтарға бейімделу, халықтың санасын қалыптастыруда жаңа платформалардың рөлі де маңызды фактор ретінде қарастырылуы қажет. Бұл үдерістерде журналистің білімділігі мен кәсіби шеберлігі өзекті болары сөзсіз.
Демек, заманауи ортада да журналистің қоғамға қызмет ету миссиясы өзгеріссіз қалады, бірақ оны жүзеге асыру нысандары икемділік пен медиа-кеңістіктің жаңа шындықтарында қайта қарастыруды талап етеді. Журналистиканың әлеуметтік жауапкершілігі мен этикалық негіздері кез келген уақытта өзгерістерге ұшыраса да, оның қоғам алдындағы стратегиялық рөлі маңызды болуын сақтайды. Атап айтқанда, цифрлық дәуірде журналистер тек ақпарат таратып қана қоймай, қоғамда адалдық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды міндеттерді орындауы тиіс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- McQuail D. McQuail’s Mass Communication Theory. – 6th ed. – London: SAGE Publications, 2010. – 632 p.
- Christians C., Glasser T., McQuail D., Nordenstreng K., White R. Normative Theories of the Media: Journalism in Democratic Societies. – Urbana: University of Illinois Press, 2009. – 286 p.
- Hallin D. C., Mancini P. Comparing Media Systems: Three Models of Media and Politics. – Cambridge: Cambridge University Press, 2004. – 368 p.
- Ward S. J. A. Disrupting Journalism Ethics: Radical Change in a Media World. – New York: Routledge, 2018. – 240 p.
- Ленин В. И. О печати и журналистике. – М.: Политиздат, 1981. – 240 с.
- Засурский Я. Н. История российской журналистики XX века. – М.: Аспект Пресс, 2016. – 512 с
- Christians C., Glasser T., McQuail D., Nordenstreng K., White R. Normative Theories of the Media: Journalism in Democratic Societies. – Urbana: University of Illinois Press, 2009. – 286 p.
- Қожамқұлова С. Қ. Қазақстан журналистикасының даму ерекшеліктері. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. – 312 б.
- Kovach B., Rosenstiel T. The Elements of Journalism: What Newspeople Should Know and the Public Should Expect. – New York: Three Rivers Press, 2014. – 368 p.
- Hanitzsch T., Hanusch F., Ramaprasad J., de Beer A. S. Worlds of Journalism: Journalistic Cultures Around the Globe. – New York: Columbia University Press, 2017. – 440 p.
- Reporters Without Borders. 2023 World Press Freedom Index [Электронды ресурс] – 2023. – URL: https://rsf.org (өтініш берілген күні 24.03.2025).
- Әбдезұлы Қ. Қазақ журналистикасының бүгіні мен болашағы. – Астана: Фолиант, 2020. – 290 б.
- Ward S. J. A. Ethics and the Media: An Introduction. – Cambridge: Cambridge University Press, 2011. – 320 p.
- Kovach B., Rosenstiel T. Blur: How to Know What’s True in the Age of Information Overload. – New York: Bloomsbury, 2011. – 240 p.
- Deuze M. What is Journalism? Professional Identity and Ideology of Journalists Reconsidered. – Journalism, 2005, Vol. 6(4), pp. 442-464.
- Долгих А. В. Психологические аспекты журналистской деятельности. – М.: Логос, 2018. – 264 с.
- Pariser E. The Filter Bubble: What the Internet Is Hiding from You. – New York: Penguin Press, 2011. – 304 p.
- Pavlik J. V. Journalism in the Age of Digital Technology. – Columbia Journalism Review, 2019, Vol. 57(2), pp. 35-48.