Консультациялық пункт: Ата-ана назарына
“Балдырған” бөбекжайы” ЖБҚ МКҚК
Орынбасарова Ақбаян Ғабитқызы
Консультациялық пункт: Ата-ана назарына
Бала тәрбиесі қашан да маңызды тақырып. Отбасында бала тәрбиесі үшін ата-ана аз тер төкпейді. Оның тұлға болып қалыптасуы, өмірде өз орнын табуы әке мен ана үшін алдына қойған үлкен міндеті. Баланың туғаннан бастап дамуы, түрлі жағдайлар мен мәселелер кезінде ата-анасының қолдауы аса маңызды. Осы негізде мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық пункт жұмыс істеуде. Еліміздің әр түкпірінде мектепке дейінгі ұйымдардың жанынан ашылған консультациялық пункттер ай сайын әлеуметтік желіге ата-аналар үшін кеңестерін беруде. Пункт мақсаты – балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
Сондай-ақ, консультациялық пункт өзіне бірнеше міндеттерді қамтиды. Олар:
– мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуы мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету ;
– ата-аналарға (заңды өкілдерге) бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
– ата-аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектеп жасына балалардың дамуындағы мәселелерді анықтау және диагностикалау;
– мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімі, психологиялық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу;
– мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету;
– тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастық орнату болып табылады.
«Балдырған» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК-ң жанынан ашылған консультациялық пункт 2024 – 2025 оқу жылының алғашқы айынан бастап өз жұмысын белсенді атқаруда. Консультациялық пункттің жылдық жоспарына сәйкес әр айда мамандар ата-аналар үшін кеңес беруде. Осыған орай:
- Қыркүйек айында бөбекжай психологы А.Еламанова «Баланың үш жастағы дағдарысы» тақырыбында;
- Қазан айында бөбекжай логопеді Э.Дестанбаева «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту» тақырыбында;
- Қараша айында дене тәрбиесі маманы Г.Тулесинова «Отбасында салауатты өмір салты дағдыларына тәрбиелеу» тақырыбында;
- Желтоқсан айында бөбекжай мейірбикесі А.Аралова «Баласы жиі ауыратын аналардың назарына» тақырыбында кеңес жүргізді.
Алдағы уақыттарда да ата-аналар үшін кеңес жүргізіліп, бөбекжай әлеуметтік желісіне жарияланатын болады.