Жаңа білім беру жүйесінде оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру
Хасенова Бибигуль Зейнегабылденовна
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді,ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен.Ал XXI ғ. Нағыз ұстазы қандай болмақ, қазіргі заманда егеменді еліміз, тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында.Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс- тәсілдер қолдануда.Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу- әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.Бұл дегеніміз- мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.
Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артында тұрғандай»- деп Сократ айтқандай еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіліп жатыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау- басты міндеттердің бірі.
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деп Жүсіпбек Аймауытов өткен ғасырда айтқан екен. Ұстаз күнделікті сабақты өткізудеқиыннан қиыстырып, бала жүрегіне жол таба білуі керек. Әр ұстаз алдында отырған балаға сабақты әр түрлі әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, білімді жүйелі де терең беруге тырысады.Білім беру барысында баланың психикалық, физиологиялық деңгейін ескере отырып, тілге деген қызығушылықтарын арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, дарындылығын айқындау басты ұстаным.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін қазақ тілі сабақтарындажаңа әдістерді тиімді қолдану – мұғалім жұмысының нәтижелі болуына , оқушыны өзіндікізденіскеұмтылдыруға, алған білімін тиянақтауда тигізер ықпалы зор.Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері негізі жеті модульге бөлінеді:
-Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
-Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
-Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
-Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
-Талантты және дарынды балаларды оқыту.
-Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру.
-Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Деңгейлік курстың негізгі бағдарламасы-заманауи әдіс- тәсілдерді негіздейді. Ахмет Байтұрсынұлының «Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу»,-деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамыту.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені мәлім.Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі, өзгені де бағалай білуге үйретеді.
Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру-ең негізгі әдістемелік мәселе.Модуль арқылы оқыту мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы болып табылады.Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері қағидалары,белгілері бар.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:
1.Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.
2.Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.
3.Проблеманы шеше білу.
4.Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:
1.Әдіс түрлері.
2.Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы.
3.Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, қорғай білу.
4.Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.
5.Топтық тұжырымға келе білу.
6.Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу.
Бұл сын тұрғысынан ойлау стратегиясын тәжірибеде қолданғанда төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздім:
1.Сабақ ойын формасында өтетіндіктен, оқушы оқу материалын тез қабылдайды.
2.Оқушының сабаққа қатысу ынтасы артады. «Енжар» оқушы белсенді оқушыға айналады.
3.Баланың жауапкершілік сезімі артады.Құрбысынан қалмауға тырысады.
4.Баланың өз ойын жеткізе білу қабілеті артады.
5.Оқушының еске түсіру қабілеті шынығады.
6.Баланың оқу материалын толықтай меңгеруіне жол ашылады,оқушылар жаңа тақырыпты бір-біріне өздері түсіндіреді, мұғалім межелеген жоғары талаптардан шығу мақсатында еңбек етеді.
Жалпы, «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» көптеген стратегиясы бар, солардың ішіндегі- Даралық пен ұқсастық, Венн диаграммасы,Бес жолды өлең, Галереяға саяхат, INSERNT кестесі, ББҮ стратегиясы сабақтарымда қолданамын.Бұл оқыту ойындары арқылы оқушылардың білімге, үйренуге деген құштарлықтары оянып, оқу қызметінен жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады. Мәселен, «Даралық пен ұқсастық» үйрету ойынын оқушылар тақырыпты өздері оқып талдайды, теориялық білімдерін бекітіп, жинақтайды, топпен жұмыс істеуге дағдыланады. Өзара сыйластыққа, бір-бірін тыңдай білуге үйренеді. Инсерт (түртіп алу) жүйесі.Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады: «V»- білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?»- түсінбедім, тереңірек білгім келеді. Венн диаграммасы-екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру.«Синквейн» тәсілі.Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді.Мұнда оқушылар тақырыптың ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады. Кубизм стратегиясы-кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
6 «ә» сыныбында әдебиеттен өткізген «Алпамыс батыр» жырының сабақ жоспарын ұсынып отырмын.
(1-сурет. Ашық сабақ «Алпамыс батыр»)
Осы сабағымда барлық жеті модульді бір-бірімен тығыз байланыстырып өткізуді жоспарладым. «Жигсо» әдісі осы сабақта жырдың мазмұнын меңгеруге тиімді болды. Сабақта оқушылар жекелей, жұптаса,топтаса отырып ынтымақтастықпен жұмыс істеді.
(2 сурет.Топтық жұмыс)
Ой –толғаныс кезеңінде «Бес жол»өлеңді Қобыланды ,Алпамыс батырларға арнап шығарған өлеңдерін оқушылар «Саяхат» әдісімен жұптасып барып түсіндірді. Топтар тыңдалған жауапты смайликтермен бағаланды. Жырдың мазмұнын меңгергенін білу үшін проблемалық сұрақтар қойдым: -Жыр қалай басталды? Алпамыстың дүниеге келуі қалай өрбиді? Ұлтан Алпамысқа кім еді? Гүлбаршынның әкесі неге елден көшті? Тайшық ханның елінде батыр қандай қиындықтарға тап болды? т.б сұрақтарды қою арқылы сабақты қорытындыладым. Оқушылардың сабақты меңгерудегі кері байланысы сұрақтарға жауап беруде байқалды. Жалпы, қорытынды кері байланысты «Нысана»әдісімен : 1.Мазмұнын ұқтым.2.Қызығушылығым оянды.3.Кейбір жерін толықтырып ұқтым .4.Ұққан жоқпын сияқты бөліктерге стикерлерге жазып жапсырды, 4-бөлікке ешкім жапсырған жоқ, соған қарап сабақтың мазмұны түсінікті болды деп ойлаймын.
С. Аронұлының «Жақсы адам мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін, «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыстың бойындағы жақсы қасиеттер мен Ұлтан бойындағы жаман қасиеттерді атап айтуға болады. С.Аронұлының шығармасы жақсы мен жаман қасиеттер туралы болғандықтан осы сабақтарды қатар жоспарладым.Және осы сабақта постер құруды оны «эстафета» әдісімен айналымдарын көрсете отырып , қорғауды үйретуді жалғастырдым.
(3 сурет.Оқушылар постер қорғау сәті.)
Оқушылар шатаспай , таңдалған топтарда жұмыстарын қорғап шықты. Бұл әдіс тиімді және қызықты болды.Себебі, осы әдіспен екінші сабақтан таныс, өзін-өзі реттеуге оқушылар дағдылана бастады. Жұмыстарын «Сыншы дос» әдісімен бағалады. (Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау модулі) .Өздеріне берілген критерий бойынша қарсы топтың постерін бағалауда жетістіктерін айтып, сонымен қатар « метанимияны таба алмапты» деген сияқты кемшіліктерін де атап көрсетті. Осы сабақтарда мен оқушылардың даму мүмкіндіктерін күнделікті көріп отырдым.Ой-толғаныс кезеңінде «Өтірік айтудың пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат (диалогтік оқыту модулі)өткіздім. Айтылым дағдыларын дамыттым ,өзіндік көзқарастарын дәлелдей білді, оқушыларға қызықты болды .Себебі,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерге оқушылар төселе бастады.Сабақтың қожасы өздері екенін сезініп, ойлануға жүйелі түрде үйрене бастады.
Д.Бабатайұлы «О,Ақтан жас,Ақтан жас» өлеңін «Аялдамамен оқу»әдісі арқылы өлеңді талдауда аялдамамен оқып тұрып көптеген түсініксіз сөздерге, көнерген сөздерге түсінік беру оқушы есінде ұзақ сақталатынын байқадым. Және слайд(АКТ) арқылы көрсетілген заттар өлеңді түсінуге көп көмегін тигізді.
Ой толғаныс кезінде жай ғана Авторға хат жаздыра салмай, РАФТ әдісін таңдадым. Оқушылардың жазылым дағдыларын дамыттым. Ұсынылған роль мен аудиторияны аса қызығушылықпен таңдап, өздерінің сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Оқылым дағдысы жүзеге асырылды.Үздік шығарма « Галереяда» таңдалып,(әр оқушы жұмыстарды оқып шығып, өздеріне ұнаған жұмысқа смайлигін жапсыру арқылы бағалады). «Автор орындығында» тыңдалды. Сондықтан осы таңдалған әдіс тиімді болды деп ойлаймын.
Сабақтар топтамасын өткізгеннен кейінгі түйген ойым: Эссе,өлең жаздыру,суреттер салдыру т.б шығармашылыққа баулитын әдістерді көбірек жаздыру керек.Себебі, оқушы жазу арқылы ойын жинақтайды,өз көзқарасын білдіреді.Сөздік қоры молаяды.Қазіргі таңда дұрыс жаза алу-өзекті мәселе.
Осы жеті модулді сабақта ықпалдастыру барысында барлық деңгейдегі оқушылар жақсы жұмыс жасады,бәрі еркін жауап берді.Өздеріне деген сенім пайда болды.Бірін-бірі толықтырып,өзара сыйласу мәдениеті қалыптаса бастады .Білім алуда өзіндік жауапкершілікті сезінді. Өзің үшін өз ісіңе баға беру қасиеті қалыптасты.Оқушы тұлға ретінде өз«менін»қалыптастыруға қадам жасады.
Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі.Өз ойларын ашық, нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі.Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.
Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп деп ойлаймын.Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»