Тамаша көңіл күй әлемінде

Сисенбаева А.Т.

Тамаша көңіл күй әлемінде 

(балаларға арналған тренинг.)

Мақсаты: Топта жағымды , қолайлы эмоцианалды жағдай құру;

-топты біріктіру ;

-тамаша көңіл күй сыйлау.
Міндеттері :
Білімдік: -балаға өзінің көңіл күйін анықтап бағалай отырып өзгелердің көңіл күйіне назар аудара білуге үйрету;
-«көңіл күй»ұғымын бекіту;
Дамытушылық:-өзінің көңіл күйін қалыпты ұстай білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік:-өзіне және қоршаған ортаға позитивті қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;
-жағымды көңіл күй тудыру;
-балалар ұжымын топтастыруға өзіндік үлес қосу.
Қажетті материалдар: 7 түрлі түстен тұратын карточкалар,ватман,түрлі-түсті қарындаштар,фломастер,магнитофон,домалақ жіп.
1.Кіріспе.-Біз өздеріңмен көңіл күйдің не екенін жақсы білеміз.Кей кезде қуансақ,кейде мұңайып қаламыз.Кейде ренжісек,кейде шаттанамыз,мұңайатын,қайғыратын да кездеріміз болады.Яғни біздің көңіл күйіміз үнемі өзгеріс үстінде болады.Ал бүгін біз өздеріңмен тамаша көңіл күй әлеміне аттанамыз.
2.Ойын «Алуан түсті көңіл күй.»

Бір,екі,үш,төрт,бес,алты.
Ойынымыз басталды.-Біз қазір өз көңіл күйіміздің түсін табамыз.Мен сендерге кішкене бір құпияны ашайын,балалар.Біздің көңіл күйіміздің өзіне тән түсі болады екен.Міне,менде түрлі түстен тұратын карточкалар бар.7түстен тұратын көңіл күй түймедағы.Әр жапырақ –әр түрлі көңіл күй:
Қызыл-сергек,белсенді көңіл күй-секіргіміз,жүгіргіміз,қимылды ойындар ойнағымыз келіп тұрады.
Сары – көңілді көңіл күй:жан-жағымызға қуана қарап,шаттанғымыз келеді.
Жасыл – көпшіл: барлық балалармен достасып,ойнағымыз келеді.
Көк-сабырлы:тыныш ойнап,қызықты кітап тыңдап,терезеге қарап отырғымыз келеді.
Сұр-іш пыстырарлық – немен айналысарыңды білмейсің.
Қоңыр-ашулы көңіл күй:ренжіп,ашуланып тұрмын.
Қара-мұңды:маған ештеңе де қызық емес,көңіл күйім бұзылып тұр.Біз қазір мына домалақ жіпті шеңбер бойынша домалатып,әрқайсымыздың көңіл күйімізді білеміз,барлығымыз өз көңіл күйіміздің түсін айтып шығамыз.Мен бастаймын,сендер жалғастырасыңдар.
-Рахмет,көпшілігіңнің көңіл күйлеріңнің көтеріңкі болғанына мен қуаныштымын. Ал көңіл күйлері орташаларға біз қазір өз көңіл күйлерін көтеруге көмектесеміз.
3.Ойын «Көңілді ән» Менің қолымда домалақ жіп тұр.Қазір мен жіпті қолыма іліп алып өзімнің оң жағымда тұрған көршіме жіпті өлең айта отырып ұсынамын : «Балнұр,сенің топта сенің болғаның қандай жақсы»…. Ары қарай жалғастырамыз.Міне,жіп қайта айналып өзіме келді,бәрімізді біріктірді.Біздің достығымыз нығая түсті,көңіл күйіміз бұрынғыдан да көтерілді.
4.Би терапиясы. Ән әуені,әсіресе көңіл ән әруақытта біздің көңіл күйімізді көтереді. Қазір біз әннің куплеті айтылған кезде жұптасып тұра қаламыз да алақан соғыстырамыз.Ал қайырмасы айтылған кезде ұйымдасқан түрде шеңбер бойымен жүреміз (би ырғағымен) ән:«Песенка про друзей»
5.Релаксация (Әуен ойналып тұрады)-Ыңғайланып отырыңдар.Денелеріңді бос ұстаңдар.Көзімізді жұмып,басмыздан сипаймы да ішімізден «Мен өте жақсымын» деп айтамыз.Керемет ,күн шұғыласын шашып шығып келеді.Біз тыныш қана тамаша көлдің жағасында отырмыз.Тыныс алуымыз жай ғана естіледі.Терең дем аламыз,шығарамыз.Күн шуақ шашып тұр.Біз өзімізді өте жақсы сезінудеміз.Күн шуағы денемізді қыздыруда.Таза ауа.Бүкіл денемізбен күн шуағын сезінудеміз.Біз керемет бақыттымыз,тамаша дем алудамыз.Жайлап көзімізді ашамыз.Бір-бірімізге қарап жағымды жымиямыз.Біз керемет демалдық.Күні бойы бізде осылай тамаша көңіл күй қалыптасады.

6. Жаттығу «Құрғақ субұрқақ.»

Қоштасар бізге келді кез,
Қоштасқымыз келмейді-ақ.
Еңсемізді түсірмей,
Қабылдайық субұрқақ.
-Субұрқақтың алуан түрлі тамшылары беттеріңе,қолдарыңа тигенін сезіндіңдер ме?Міне,барлық реніш,мұң,еңсені басқан іш пыстырар ауыр көңіл күйдің барлығы артта қалды.Сендер бұл субұрқақтан қаншама сергектік,өмірге деген құштарлық,шаттық сезім алып
шығасыңдар.Тамаша!Бүгінгі алған жағымды энергияларың бойларыңда ұзақ уақыт сақталатын болады. Ал әзірше қош-сау болыңдар.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *