Ұйымдастырылған іс-әрекет «Құлыншақ»
Тақырыбы: Құлыншақ
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты:
Көркем шығарма мазмұнын зейіінімен тыңдайды, Құлыншақ пен қошақанды кездестіру үшін
ойын тапсырмаларды орындайды.
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиешінің іс-әрекеті: Ұйымдастырылған іс-әрекетімізді бастамас бұрын топтарға бөлініп алайық! Бүгін әр топтарда ұйымдастырылған іс-әрекетімізді өткізетін боламыз!
«Кім тапқыр» ойыны
Ойынның шарты:Жұмбақ шешу арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
«Өз тобыңды тап!» ойыны:
Ойынның шарты: Сурет қиындыларын құрастыру арқылы өз тобын табады.
Қошақан тобы, құлыншақ тобы
» Құлыншақ пен қошақан» шағын әңгіме
Шарты: әңгімені тыңдайды,құлыншақ пен қошақанның кездесуі үшін тапсырмалар орындайды.
«Қошақан» тобы
«Бұл ненің дыбысы?» ойыны
Ойынның шарты:
Шарты: Дыбыстарды есту арқылы қораның ішінде қай жануар бар екенін табады.
«Құлыншақ» тобы
«Төлдердің енесін тап!» ойыны
Шарты:Төлдерді енесімен сәйкестендіреді.
Ширату жаттығуы
«Таңбалы құлыншақтар» ойыны
Шарты: Балалар құлыншақ болып шапқылап келіп таңбалы құлыншақтарды қолына алады.сандардың өсу реті бойынша қатарға тұрады.
«Құлыншақ» тобы
«Кім жылдам» ойыны
Ойынның шарты:»Танграм әдісі» арқылы есептерді
жауабымен сәйкестендіріп жылқының мүсінін құрастыру.
«Қошақан» тобы
«Кім жылдам»ойыны
Ойынның шарты:Есептерді жауабымен сәйкестендіріп құлыншақтың құйрығын табады.
«Кім тапқыр» ойыны
Ойынның шарты:Суреттерге қарап ұлттық ойындардың аттарын атайды, сөйлем құрайды.
«Кім жезтаңдай шешен?» ойыны
Шарты:Суреттегі заттарды атап сөйлем құрайды.
Кері байланыс:Қамшы әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.