Ж дыбысы мен әрпі
Жаикова Анар Салимжановна
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ж дыбысының айтылуы, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру. Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Сюжетті ойын арқылы балаларды ата-бабамыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын бағалап, қастерлеуге, түсінуге үйрету.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: ойыншықтар,суреттер, кеспе әріптер, әртүрлі текшелер.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекіліктер, жұмбақ шешу, т.б.
Оқу іс- әрекетінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
- Бүгінгі сабақ ерекше сабақ, бүгін бізге көп қонақтар келіпті.
- Сабағымызды бастамас бұрын алдымен амандасып алайық .
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Қайырлы күн, қонақтар!
Қайырлы күн, балалар!
-Сұрақтар қою.
– Жылдың қай мазгілі?
-Қандай ай?
-Аптаның нешінші күні?
-Сауат ашу сабағында не үйрендік?
-Қазақ тілінде неше әріп бар?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Ғажайып сәт.
- Бүгінгі сабағымызға әріптер мен сөздер қонаққа келіпті.
Көрініс: «Әріп пен сөздер».
-Әліппе дұрыс айтады, босқа дауласпандар. Сіздердің бәріңізде біз үшін керексіздер. 42 әріптің 18 мен таныстық, бұйырса сіздермен де жақынырақ танысатын күн алыс емес. Орындарыңызға барыңыздар. Одан да бәріміз бірлесіп ойын ойнайық
«Кім тапқыр» ойыны.
Мақсаты:Сурет бойынша аттарын атау.
-Жылан, жылқы, сөздерінің басында қандай дыбыс естіледі?
-Ж дыбысы мен әрпі.
-Мынау Ж дыбысының таңбасы-ж әрпі .
Ж әрпі көрсетіліп, тақтаға ілінеді.
Ж дауыссыз дыбыс екенін тағыда қайталап, анықтау
. Баспа түрін көрсету (Суретті көрсету)
– Ж дыбысы бар баланың аты бар ма?
Тіл ұстарту жаттығуы.
Жа-жа-жа
Менің атым –Қожа.
*** ***
Лау-лау-лау,
Желбірейді жалау.
Әліппе дәптермен жұмыс.
А) Әже, жолбарыс, морж сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы Ж дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ж дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады.. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.
Ж дыбысы бар тағы кім қандай сөз біледі
- Жалау
Сергіту сәті. (Қимылмен көрсетеді)
Желбірейді жалаулар,
Оң қолында сәбидің.
Желбірейді жалаулар,
Сол қолында сәбидің.
«Біз зерекпіз» ойыны.
Шарты: педагог сөздерді ретімен айтады. Балалар осы сөздерден ж дыбысы бар дыбыс, буын, сөз кездескенде қолдарыңды шапалақтайды.
Мысалы: 1. П, б,с, ж; л, ж, қ, ә, т,б (дыбыс)
- На, са, жа, ла, за, жу, т.б.( буын)
- Таға, саға, жаға, алға, жылға, (сөз)
ІІІ. Қорытындылау:
- Балалар, бүгін біз не үйрендік?
- Балалар жауабы: Ж әрпімен таныстық, ойнадық, ән айттық.
- Сабақ ұнадыма?
- Балалар жауабы:
- Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- -Өте жақсы, балалар. Ендеше бәріміз бірігіп «Жалаулар» әнін айтып жіберейікші. Бәрі қосылып ән айтады.
Қуанышты хабарлама тарату.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718