Қыстап қалатын құстар
Ұйымдастырылған ашық оқу- қатынас картасы
Білім саласы : Таным.
Оқу- қатынасы: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы : «Қыстап қалатын құстар»
Мақсаты : Балаларды қыстап қалатын құстармен және олардың ерекшеліктерімен таныстыру. Жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды ажырата білуге, танып аттарын атай алуға үйрету. Драмалық көрініс, ойындар арқылы балалардың тіл байлығын дамытып, оқу-қатынасына қызығушылығын арттыру. Құстарға қамқор болуға, достық қарым-қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құстардың суреттері, құс ұясы мен құсқа жем салатын астаудың макеті, тақырыптық суретті плакаттар, құстардың атрибуттары.
Билингвизм: Қыстап қалатын құстар, көгершін, сауысқан, қарға, торғай, астау, ұя.
Оқу- қатынас кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотиватциялық
қозғаушы Келген қонақтармен 2 тілде сәлемдесу.
Шаттық шеңбері.
Алақанды ашайық,
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу жинайық,
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға сыйлайық!
-Балалар, біз бір-бірімізге жылу сыйлап топта отырмыз, ал, далада ауа-райы қандай?
-Демек, бұл жылдың қай мезгілі деген сөз?
-Ал біздің даладағы достарымыздың жағдайлары қалай екен, көрейікші.
Сахналық көрініс.
Көгершіннің балапаны келеді:
-Жаурап қалдым, қарным аш. Ой үйшік. Тук-тук.
Балапан: Анамнан айырылып жаурап қалдым, қарным аш, комектесші.
-Балалар, бұлар қандай құстар?
-Олай болса біз бүгін осы қыстап қалатын құстар туралы әңгімелесетін боламыз.
Шаттық шеңберін бірге айтады
-Суық, аяз, боран, жел, қар бар.
-Қыс мезгілі.
Торғай:
Тоқылдаған торғаймын,
Жерден тары шоқимын
Бұлтиып ап бөтегем,
Момақансып отырам.
-Не болды?
-Қазір досыма айтайын.
Тук-тук.
Сауысқан:
Ойда жауыр көрінсе, ойбайлатқан.
Қырда жауыр көрінсе, қиқулатқан.
Жауыр атқа жабысқан,
Мен құйрықты сауысқан.
-Не болды?
Т: Көгершіннің балапанына көмек керек, көмектесейікші.
С: Қазір досыма айтайын. Тук-тук.
Қарға:
Аяздан түк қорықпайтын,
Қақ-қар еткен қарғамын.
Мені көрсе қашады,
Кеміргіш
пен зиянды бар жәндіктер.
-Не болды?
С.Көгершіннің балапанына көмек керек, көмектесейікші.
Қ:Жарайды. Достар, сендерде көмектесіңдерші.
Балалар: Жарайды.
-Қыстап қалатын құстар.
Ұйымдастыру
Іздестіру
-Балалар, тағы қандай қыстап қалатын құстарды білесіңдер?
-Ал, бұл қыстап қалатын құстардан басқа қандай құстар бар?
-Дұрыс айтасыңдар. Оларды атаңдаршы.
Д/Ойын: «Құстарды топта.»
Мақсаты: жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды, табиғаттың ерекшелігін ажырата білу.
Шарты: Қыстап қалатын құстарды қысқы ағашқа, жыл құстарын жазғы ағашқа топтап ілу.
-Сарышымшық, бозшымшық, тоқылдақ, үкі.
-Жылы жаққа ұшып кететін құстар бар.
-Олар: қарлығаш, Қараторғай, аққу, тырна, көкек, қаз.
Ойын: «Ұшты ұшты».
Мақсаты: Құстар мен ұшпайтын заттарды ажырату, шапшаңдыққа, байқампаздыққа баулу.
-Міне, балалар, құстарды топтадық. Қараңдаршы, құстар қандай болады?
-Құстар немен қоректенеді?
-Тамақты қалай ішеді?
-Біз бүгін мына қыстап қалатын құстар туралы әңгімелесеміз дегенбіз, айтыңдаршы, олар неге жылы жаққа ұшып кетпейді?
-Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа қазір бар ма?
-Онда олар қазір немен қоректенеді?
-Біз оларға қалай көмектесеміз?
-Олай болса мына көгершіннің балапанына қалай көмектессек болады?
Сергіту сәті.
Кәне қанат жазайық,
Құстар болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Жеке жұмыс. (Құрастыру)
(2бала тақтада қалған балалар орнында орындайды)
-Міне біз ұя, жем салатын астау жасадық. Енді осы астауға балапан қоректенетін тамақ сап бермейміз бе?
Қимылды ойын: «Құстар немен қоректенеді?»
Мақсаты: Құстардың қоректерін біліп, құстың тамақтану әдісін қимылмен көрсете білу.
-Міне балапан, сенің ұяң, қорегің астауымен дайын. (ұя мен астауды балапанға береді.
-Олардың ұшатын қанаты бар.
-Құйрығы бар.
-Тұмсығы бар.
-Аяқтарында тырнақтары бар.
-Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқамен қоректенеді.
-Тұмсықтарымен шоқып жейді.
-Өйткені олардың қауырсындары қалың суыққа тоңбайды.
-Туған жерлерін жақсы көреді.
-Жоқ. Олар жердің астына тығылып қалған.
-Олар адамдардың жанына көшіп келеді.
-Ағаштардың дәнімен, пістемен, нан қиқымдарымен қоректенеді.
-Адамдар оларға ұя жасап береді.
-Қолмен тамақтандырады.
-Оған ұя жасап берейік.
-Жем салатын астау жасап берейік.
Сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Ойынға балалар түгел қатысады:
Көгершіннің балапаны:
-Рахмет, достарым.
(Балапан шығып кетеді)
Рефлексивті
түзетушілік
-Балалар,бүгінгі оқу-қатынасымызда біз не істедік?
-Қалай ойлайсыңдар, құстарға біз не үшін көмектесеміз?
-Бүгінгі оқу-қатынасы сендерге ұнады ма?
-Кімге не ұнады?
-Көгершіннің балапанына көмектестік.
-Оған ұя,жем салатын астау жасап бердік.
-Құстар егінді, ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайды.
-Олар біздің достарымыз.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Құстардың ерекшеліктерін, қыстап қалатын құстардың атын атауды;
Игереді: Қыстап қалатын құстар мен жыл құстарын ажыратуды;
Біледі: Ойындарға белсене қатысып, өз пікірлерін еркін жеткізе білуді;
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718