Абай- біздің бабамыз

Тақырыбы: «Абай-біздің бабамыз» Білім саласы: Коммуникация, Таным, Әлеумет, Шығармашылық, Денсаулық. Білім бөлімі: Кіріктірілген.
Мақсаты: 1.Балаларға Абай Құнанбаевты әр қырынан көрсету. Абай туралы білімдерін пысықтап, өлеңдерін , қарасөздерін мәнерлеп жатқа айтуға, көркем жүйелі сөйлеуге үйрету. Текше бойынша жазып, оқуға,сөзге дыбыстық талдау жасауға, санға талдау жасай алуға үйрету. 2.Тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін шыңдап, шапшаңдық, алғырлық, ептілік дағдыларын дамыту. 3. Адамгершілікке, ұстамдылыққа, шығармашылыққа, ұлттық ойынға қызығушылыққа, ұлттық құндылықтарды сақтауға, жақсыдан үлгі алуға, еліктеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қажы, медрессе, қансонарда, ханталапай, болыс, уез.
Көрнекілігі: Тақырыптық суреттер, бүктемелер, текшелер, аудио жазба.
Барысы: Мотивациялық қозғаушы:
Шаттық шеңбері:
Ашық менің жүрегім, Ылғи күліп жүремін. Бірге ойнап, бірге жүрер, Достарым көп білемін. Қонақтармен сәлемдесу
Өлең оқу: Шырағым, ер жетерсің, Ер жетсең, сірә, не етерсің? Алысқа шырқап кетерсің, Шыңдасаң, шыңға жетерсің,-
-Балалар, өлең кімге арналған?
Оқуқызметінің тақырыбын айту.
Ұйымдастыру- ізденімпаздық:
Ал, енді осы Абай сөзін мына текшелермен жазып көрейік. Сөзге дыбыстық талдау жасау. Буынға бөлу.
-Ол биыл неше жасқа толып жатыр? -175 жасқа.
Ойын: «Санды құра» Мақс: Шашылған сандардан 175 санын құрай алу. 175 санын талдау.
-Абай кім болған? -Ол ақын, аудармашы, ойшыл-философ, ағартушы, сазгер болған.
-Ендеше біз бүгін оның осы қырларын ашып қарайық.
Жаңа өздерің айттыңдар Абай-ақын деп. Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
-Жыл мезгілдері туралы өлеңдерін білеміз.
-Онда қандай өлең оқитынымызды мына фазлды құрау арқылы анықтайық.
Фазл құрастыру. Мақсаты: Балалардың ой өрісін, жылдамдығын дамыту. Шарты: Қандай жыл мезгілі құралса сол жыл мезгілі туралы өлеңін оқу.
-Абай қайда туылған? –Ол Шыңғыс тауының етегінде, Семей уезінде туылған.
-Оның туылған кездегі есімі кім болған? –Оның өз есімі Ибраһим болған.
-Ата-аналары кім болған? –Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы –қажы болған, бір ауылды басқарған би болыс болған.
-Анасының аты Ұлжан, әнді жақсы айтқан.
-Оның тағы бір жақсы көрген туысы болыпты, ол кім? –Ол-әжесі Зере болған.
-Абай оны не үшін жақсы көрді? –Өйткені әжесі де Абайды жақсы көретін. Оған көп аңыз- ертегілер айтып беретін. Абайды еркелетіп «Абай» атап кеткенде осы әжесі болатын.
-Абай қандай білім алған? -Ол алғашқыда ауыл медресесінде, кейін Семейдегі Ахмет-Риза мешітінде 3жыл оқыды.
-Ең алғашқы өлеңін неше жасында жазған? -10 жасында «Қансонарда» өлеңін жазған.
-Жаңа өздерің айтқандай ол-аудармашы болған дедіңдер. Оның қандай аудармаларын білесіңдер? -«Құмырсқа мен шегіртке», «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен бүркіт», «Түлкі мен қарға» деген мысалдарын орыс тілінен аударған. Көрініс. «Құмырсқа мен шегіртке» өлеңін сахналау. Сергіту сәті. Көтеріліп шаңырақ, Керегелер керіліп, Өрімдей боп өріліп, Бәріміз жүрсек айналып. Киіз үй боп көрініп. Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасау. -Абайдың тағы бір қыры- ол-ойшыл-философ болған я. Осы жөнінде жазылған Абайдың он алтыншы қара сөзін тыңдайық
Абай Құнанбаев. Он алтыншы қара сөз
Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде «тапқаным осы, біттім деп, алсаң- ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. «Оқымадың демесе болады дағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?
Тосынсый. Абай Құнанбаевтың Зере әжесі кіреді. –Бұлдыр, бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен… Мен Абай баламның дауысын естігендей болып, оған ертегі айтып берейін деп келсем.
-Ия, Зере әже, біз Абайдың қара сөзін тура Абайдың өзі сияқты оқуға тырыстық.
-Жарайсыңдар, балалар, мен өздеріңді көріп тура бір өз немеремді көргендей болып тұрмын. Мен оның кішкентайында сүйіп ойнайтын асықтарын ала келіп едім, сонымен сендерді ойнатқым келіп тұр, қалай қарайсыңдар?
-Өте дұрыс қараймыз.
Ойын: «Ханталапай»
Мақсаты:Ұлттық ойын түрлерін балаларға насихаттау, шапшаңдыққа баулу. Шарты: Қай балаға асық жетпей қалса, сол бала әженің сұрағына жауап беруі керек. Сұрақтар:
1 сұрақ: Абайды кімдер зерттеген?
-Абайды Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсенов, Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезовтар зеттеген. М. Әуезов оны әлемге танытты. Ол 4 томдық «Абай жолы» романын жазды.
2-сұрақ: Қазіргі кезде еліміз оны қалай құрметтейді?
-Қазіргі таңда Абайдың туылған жері Абай атымен аталады. Елімізде оның атымен оқу орындары, саябақтар, кітапханалар, театрлар, қала көшелері аталады. Абайдың ескерткіштері тұрғызылып, мұражайлар ашылған.
3-сұрақ: Абайды біз қалай дәріптеп, әлемге танытып жүрміз?
-Абайдың өлеңдерін барлық шет тілдеріне аудардық. Оның 175 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде дүниежүзі бойынша тойлағалы жатырмыз.
-Оны алғаш рет қытай тіліне аударған қытай ақыны Хи Хуан Жан. Ол кішкентайынан Абай өлеңдерін сүйіп оқыған ақын.
Әже: Қане балам сен жеңімпаз болдың. Қане енді сенің біліміңді көрейін, айтшы сен не білесің?
Жеңімпаз: Ж. Әбдірашев. «Абай біздің бабамыз» өлеңін оқиды.
Әже: Балалар, сендер өте жақсы балалар екенсіңдер. Абайды шынында танып біліп алыпсыңдар. Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» -деген сөзі бар. Сендерде болашақта Абайдай елге пайдалы азамат болып өсіңдер.Әзір баласыңдар гой, мына асықпен ойнай тұрыңдар. Мен кетейін. Сау болыңдар!
-Балалар, міне біз Абайдың бар қырын ашып көрдік. Енді оның соңғы қыры сазгер. Оның қандай әндерін білесіңдер?
-«Айттым сәлем қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай». «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен шырқау.
Рефлексивті-түзетушілік: -Міне, балалар, біз өз шама шарқымызша Абай туралы білімімізді ортаға салдық. Бүгінгі оқу-қатынасымыздан не үйрендік? Кімге не ұнады? (Балалардың жауабы)
Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Абайдың өмірбаянын, шығармашылығын біледі, Абайды бес қырынан танып зерттеуді; Түсінеді: Абай шығармашылығының, өмірбаянының балаларға үлгі болатынын; Қолданады: Абайды таниды. Оның өлеңдері мен қарасөздерін жатқа оқиды, әнін шырқайды;

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *