Математика әлемі

Ашық ұйымдастырылған ойын әрекеті.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Бөлімі: Қарапайым математика негіздері
Тақырыбы: Математика әлемі.
Мақсаты: Ойындар арқылы балалардың математикалық, конструктивтік ойлау дағдыларын, танымдық, интелектуалдық қабілеттерін дамыту.
Міндеті: заттарды зерттеу барысында олардың пішінін, көлемін көзбен өлшеу, қолмен ұстау арқылы көрнекі-бейнелік ойлауды, есте сақтауды, қиялдауды, сөйлеуді, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
танымдық қызығушылықты дамыту, себеп-салдарлық байланыстарды орнату, талдау жасай білуге, қорытынды шығаруға баулу;
Екі қатарда орналасқан заттар тобын салыстыруды үйрету, теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Ұзындығы, биіктігі бойынша екі затты салыстыру, екі затты үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданып салыстыру нәтижелерін ұзын-қысқа, биік-аласа, жуан-жіңішке сын есімдермен белгілеу. Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері,туралы ұғымдарын кеңейту. Геометриялық пішіндер мен денелердің ұқсастықтарын анықтау.
Кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтау, берілген бағытта қозғалу (алға-артқа, оңға-солға, жоғары-төмен).

Ресурстары: Денеш блогы, танграм ойыншығы, Боскобович квадраты, қайығы ойыншықтары, тсо(түрлі дыбыстар), паравоз, кеме макеті, шығармашылыққа қажетті заттар: қалдық зат (картон қағаздары), арқан.
Барысы:
Шаттық шеңбері. Амандасу.

Күннің көзі ашыылып, Көкке шуақ шашылсын. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу салтымен Сәлем дейік үлкенге. Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Хат келеді. Хатта математика ханшайымы қонаққа шақырады және ұзақ жол жүретіндерін, түрлі жағдайларға тап болатынын ескертеді.
Енді оған жету үшін бізге не керек?
Көлік.
Ендеше қандай көлік түрлері болады оны денеш блоктарынан жасап көрейік.

Міндеті: геометртялық фигураларды танып атай алу, жуан жұқа, үлкен кішкентай сөздерін сөйлемде қолдана алу, қиялды дамыту. Шарты: Денеш блогынан әртүрлі көліктерді құрау және қандай пішіндерден құралғанын айту.
Жұмбақ жасыру. Күндіз түні күрсінеді, Жүрген жері сілкінеді. Жауабы: пойыз.
Ендеше жолға алдымен пойызбен шығамыз. Пойыз туралы қысқаша әңгімелесу.

Правоз жүргізушісі келеді. Вагонға отыру үшін билет сұрайды бізде билет болмайды, ол өз шартын қояды. Санамақтар айту. Міндеті: Санның реті бойынша санамақтарды түсініп, мәнерлеп оқи алу.
Бір дегенім білім Төрт пен беске ілін. Алып жүргін балам, Мұғалімнің тілін.
Екі дегенім еңбек Еңбек етсең өнбек. Жалқау болсаң балам, Бар қиындық төнбек.
Үш дегенім үміт, Жайдары жүр күліп. Қиқар болсаң балам, Дейді апаң жүлік.
Төрт дегенім төзім, Сабырлы бол өзің. Ұшқалақ болсаң балам, Мәнсіз болар сөзің.
Бес дегенім берік, Жақсылық болсын серік. Жалқау достың балам, Соңынан кетпе еріп.
Вагонға отырып шеңбер жасап айналу.
Пойыздан түстік, теңіз жағасына келдік. Енді қандай көлік түрін қолдануымыз мүмкін?
Кеме немесе қайық. Теңіз, кеме туралы сұрақ жауап. Капитан келеді, тапсырма береді, балалар орындайды. Баскобович қайығын қолдану.
Капитанның тапсырмасы: Мына жалаушаларды сандар мен түсіне сәйкестендіріп 1 ден 5 ші діңгекке дейін қадап шығыңдар.

Міндеті: Санды, түсті, санның өсу, кему ретін ажырату. Зейінді, саусақ бұлшық етін дамыту.
Теңізде жел тұрып толқын соғады, қауіп күшейеді. Сақтану үшін капитанның келесі тапсырмасын орындау.
Капитанның тапсырмалары:
1) Ең төменгі діңгектегі жалаушаны алып тастаңдар. 2) Ортадан төмен, төменнен жоғары діңгектегі бір 1 жалаушаны алып тастаңдар. 3) Ортадан жоғары, жоғарыдан төменгі діңгектегі үшінші 3- жалаушаны солға бұрыңдар. 4) Жоғары діңгектегі жоғарғы екі 2 жалаушаны солға бұрыңдар.
Міндеті: Кеңістікті бағдарлау өзіне қатысты оң, сол, жоғары төменді ажырату, зейінді дамыту.
Тауға жақындадық. Жолда шашылған тау тастары кездеседі. Оларды тез жинау үшін үш топқа бөліну кереп болады. Ол үшін алдымыздан кездескен іздермен жүріп бөлінеміз.Із соңында геометриялық денелер тұрады. Шарты: Әр бала бір бір пішіннен алып сол пішінге ұқсас геометриялық денеге қарай бұрылып тоқтайды. Міндеті: Геометриялық дене мен пішіннің ұқсастықтарын көзбен көріп салыстыру белгі бойынша оң, сол, тура бағытты анықтай алу, аяқ іздерін ажырата алу, ептілікке баулу.

Соңында 3 топ пайда болады.Енді топ өздеріне берілген белгілер бойынша денеш блоктарын (шашылған тас) жинайды. Міндеті: Түс, пішін, шама, көлемді ажырата алу, топпен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа баулу
Міне тауға жеттік, енді тауға шығу керек, не істейміз? –Өрмелейтін саты жасайық. Саты жасау. Шарты: Балалар алдарындағы картоннан қиылған қиындылардан саты құрастырады және нәтижесінде шыққан сатыларды салыстырады.
Міндеті: Беттестіріп, жанына қойып салыстыруды үйрету. Тең теңсіздік ұғымдарын қалыптастыру. Сатыларды беттестіріп, арқан мен сатыны қатар қойып салыстыру, нәтижесін ұзын қысқа немесе биік аласа, тең сөздерін қолданып айту. Конструктивті ойды, салыстыру арқылы зерттеушілік қабілетті, ұсақ саусақ моторикасын дамыту.

Тауға шығады. Ол жерде Математика ханшайымы күтіп алады. Ол өзінің ұсыныстарын айтып балалармен ойын ұйымдастырады. Шарты: Жерге текшені домалатып лақтырады, текшенің әр бетінде суреттер болады, нәтижесінде шыққан суретті немесе белгіні балалар талдап айтып беруі керек. Міндеті: Кеңістік ұғымдарын, тәулік бөліктерін, апта күндерін, жыл мезгілдерін, 1 ден 5-ке дейін тура және кері санауды білу, логикалық ойлау дағдыларын дамыту.

Ханшайым сыйлық береді. Танграм ойыншығы мен Боскобович шаршысы. Боскобович шаршысынан не жасай алатындарын сұрайды. Балалар жасап көрсетеді. Міндеті: қиялды, саусақ моторикасын дамыту.

Енді б\бақшаға қайту үшін көлік керек. Таудан қалай қайтуға болады? Тез қайту керек. Тікұшақ немесе ұшақ керек. Қолдан жасаймыз. Ұшақты таңдаймыз.
Міндеті: Конструктивтік ойлауды, зейінді дамыту. Шарты: танграм ойыншығынан тікұшақ құрау. Ханшайым қоштасып кетеді.
Балабақшаға келдік.
Қорытынды.
Қайда бардық? Кімге не ұнады? Несімен ұнады?
Күтілетін нәтиже: 5 көлемінде санай алады, сандарды ретімен атайды;
теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарға ие;
екі затты ұзындығы, және биіктігі, жұқа жуандығы бойынша салыстырады;
бірнеше затты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстырады;
шаманы салыстыруда үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданады;
геометриялық денелерді, фигураларды ажыратады және атайды;
сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атайды;
тәулік бөліктерін, жыл мезгілдерін, апта күндерін ажыратады, олардың сипатамалық ерекшеліктерін біледі;
кеңістіктегі заттардың өзіне қатысты орнын анықтайды;
берілген бағытта қозғалады;
қарапайым себеп-салдарлық байланысты орнатады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *