HTML тілінде практикалық жұмыстар
Бөлім: | 10.3А бөлім. Веб-жобалау | |
Педагогтің аты-жөні: | Мынбаева К.Ж. | |
Күні: | 31.01.2024ж | |
Сынып: 10 сынып | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | HTML тілінде практикалық жұмыстар | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 10.4.2.1 web (веб)-парақшаларды әзірлеуде HTML (аш ти эм эл)-тегтерін қолдану | |
Сабақтың мақсаты: | 1. HTML тілі және тегтерінің қызметімен танысып, қолдана алады;
2. Дыбыс пен бейнені енгізу жолдарын анықтай алады және HTML-де мультимедианы қолдана алады. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезeңдері/уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Padlet тақтасының көмегімен оқушылардың көңіл-күйін бақылау. Оқушыларға QR код тарату. Топқа біріктіру.
Алдыңғы сабаққа шолу. Мұғалім өткен сабақ бойынша берілген тапсырманы тексереді. Сондай-ақ өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстырады. Жаңа сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстырады. Пәнаралық байланысты, құндылықты анықтау керек екенін ескертеді. |
-Сәлемдесу -Оқу
Padlet тақтасы арқылы кері байланыс береді. Сандар арқылы топтарға бірігеді.
Алдыңғы сабаққа шолу жасайды. |
Бағалау критерийі:
HTML тілі туралы біледі – HTML тегтері туралы біледі.
Мадақтау сөздер: Жарайсың! Талпын! 1-10 балл |
Padlet тақтасы
Оқулық https://jamboard.google.com/d/12CmYHy1Ptua35vqCGKR5J44aOcKpbRVwphJU6feCruA/edit?usp=sharing
|
||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Мұғалім тапсырманы бастамас бұрын дескриптормен, тапсырманы орындау тәртібімен таныстырады.
Жеке жұмыс. 1-тапсырма. Практикалық жұмыс. Веб-беттен дыбыс немесе бейнефайлға сілтеме жасап, аш. Ол үшін төмендегі қатарларды «Блокнот» программасында теріп, веб-бетті «index.html» атауымен сақта. «index.html» файлын ашқанда төмендегі веб-бет пайда болады. Дыбыс және бейнефайлдардың пиктограммаларын олардың жанына енгіз.
2-тапсырма. Наурыз мейрамы жайлы веб-бет жаса. Бұл бетте наурыз жайлы ақпарат пен бейнеклип орналастыр. Браузер жұмысына арналған HTML кодтарын енгізіп,«index2.html» атауымен сақта. Қазақ қаріптері веб-бетте дұрыс көріну үшін сақтау терезесінде (кодировкада) «Юникод»-ты таңдау керек. HTML коды дұрыс енгізілгенде 1-суреттегі web-терезе пайда болады. Тапсырманы орындау барысында: 1. Бейнефайл енгізілген жағдайда браузер терезесінде бейнеклиптің ойнауы жүзеге асады.<p>Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22-сі) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. |
Дыбыстық фон BGSOUND элементін веб-бетке енгізу керек.
<BGSOUND src = «дыбыстық файл атауы»> Гиперсілтемелер арқылы дыбыстық және бейнефайлдарды ашуды үйрену керек.
Наурыз мейрамы жайлы веб-бет жасап наурыз жайлы ақпарат пен бейнеклип орналастыру керек. Браузер жұмысына арналған HTML кодтарын енгізіп,«index2.html» атауымен сақтау керек. <EMBED src= «бейнеатауы бар»> <html> <head> <title>Наурыз мейрамы</title> </head> <body bgcolor=gold> <H2 align=center> Наурыз мейрамы </H2> |
Дескриптор:
Жалпы балл-5
Дескриптор:
Жалпы балл-5 |
Оқулық
148 бет
Карточка
топтама
Оқулық 148 бет
https://jamboard.google.com/d/1935GoW2aq3u69vZt-bjD4Na1gbojO044oQMnYAZWV9g/viewer |
||||||||||||
Сабақтың соңы
|
«Соңғы түйін» әдісі Мұғалім оқу мақсатына қайта оралады. Бүгінгі сабаққа байланысты сұрақ қояды. Сабақты бекітеді.
1. Дыбыс пен бейнені енгізу жолдары қандай?
|
Мақсат бойынша орындалған тапсырманы түйіндеу үшін оқушылар сұрақтарға жауап береді. Жауабы: Дыбысты ойнатудың негізгі элементтері –ойнату/пауза, трек ұзындығы, өткен және жиынтық дыбысталу уақыты, сонымен қатар, дыбыс деңгейі. <audio src=”URL”></audio> <audio><source str=”URL”></audio>
|
Тапсырманы талапқа сай орындаған оқушылар бағаланады.
1-10 балл
|
Карточка |
||||||||||||
Үй тапсырмаcы | Рефлексия: «Блум» әдісі.
• Мен бүгінгі сабақта ….. білдім. • Мен осы сабақ барысында ….. түсіндім. • Мен сабақ бойы …. қолдандым. • Мен сабақта …. жинақтадым. • Мен сабақ барысында … талдадым. • Мен сабақта алған білімімді …. бағалаймын. |
Үйге тапсырма алады. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған білімдерін саралайды. |
Мұғалімнің ауызша бағалауы
|
Оқулық 149 бет
https://jamboard.google.com/d/1_ZBK7JI-rVxT4nQNTLdzIpfpta4-3Vno46CeW1vJEUg/viewer
|