Мұқанбай Алихан Мақсатұлы
«Тұран» университеті, Экономика және менеджмент жоғары мектебі кафедрасы
Алматы қ. Қазақстан
Аңдатпа
Қазақстан экономикасында шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) секторының орны ерекше, өйткені ол елдің еңбек нарығындағы жұмыс орындарының көп бөлігін қамтамасыз етеді, экономиканың әртараптануына ықпал етеді және жаңа инновациялық шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекет түрлі бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл бағдарламалар кәсіпкерлерге қаржылай, ақпараттық және техникалық көмек көрсетіп, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы мемлекеттік бағдарламалардың маңызы мен қажеттілігі, сондай-ақ олардың тиімділігі туралы сөз қозғап, осындай бағдарламалардың бизнес ортадағы рөлін талдаймыз.
Тірек сөздер: шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК), қазақстан экономикасы, мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлікті қолдау, экономикалық әртараптандыру, бәсекеге қабілеттілік, қаржылық қолдау, бизнесті дамыту, инновация, технология.
Кіріспе. Шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) – бұл экономиканың маңызды бөлігін құрайтын және халықты жұмыспен қамтуда, экономикалық өсуде және әлеуметтік дамуда басты рөл атқаратын кәсіпкерлік түрі. ШОК бизнес түрлеріне шағын және орта кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. Олар әдетте айтарлықтай аз жұмысшылармен және шектеулі капиталмен жұмыс істейді, бірақ олардың экономикадағы рөлі өте маңызды.
Қазақстан экономикасы үшін орта және шағын кәсіпкерліктің рөлі зор. Осы сектор жұмыс орындарын құру, аймақтық дамуды қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша маңызды қызмет атқарады. Шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен әлеуметтік әлеуетін нығайтуда үлкен орын алады. Осы орайда, шағын және орта бизнес үшін тиімді мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шараларының болуы маңызды. Шағын және орта кәсіпкерліктің маңызы өте өзекті. Шағын және орта кәсіпкерлік экономиканың маңызды драйвері болып табылады. Қазақстанда ШОК елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 30% шамасында үлес қосып отыр. Сонымен қатар, бұл сектор елдегі жұмыспен қамтудың маңызды бөлігін қамтамасыз етеді. 2019 жылы шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтін азаматтардың саны 3 миллионнан асты. ШОК секторының маңыздылығы экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтаумен қатар, инновациялық идеяларды іске асыру мен бәсекелестікті ынталандыруға мүмкіндік береді.
Шағын және орта кәсіпкерлікке жататын ұйымдар мен кәсіпорындардың саны үлкен, және олар әр түрлі салаларда жұмыс істейді: сауда, қызмет көрсету, өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс және тағы басқа. Бұл сектор көбінесе халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ел экономикасының әртараптануына үлес қосады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің ерекшеліктері [1,201]:
- Өнімділік және икемділік:
ШОК ұйымдары көбінесе нарыққа икемді түрде жауап бере алады. Олардың өндірістік қуаттары үлкен емес, бірақ бұл оларды нарықтық сұранысқа тез бейімделуге мүмкіндік береді. Олар тұтынушылардың қажеттіліктеріне жылдам жауап бере алады.
- Инновация:
Шағын және орта кәсіпкерлікте жаңа идеялар мен өнімдер жиі ұсынылады. Бұл бизнес түрі инновациялық ойлау мен технологияларды енгізу жолымен өзінің бәсекелестік артықшылығын арттырады.
- Әлеуметтік әсер:
ШОК ұйымдары жергілікті қоғамда жұмыс орындарын құрып, тұрғындардың табыс деңгейін арттырады. Олардың көбісі жергілікті тауарлар мен қызметтерді ұсынғандықтан, бұл сектор аймақтық экономиканың дамуына үлкен ықпал етеді.
- Жұмыс орындарын құру:
Шағын және орта кәсіпкерлік айтарлықтай көп жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және халықтың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың маңызды компоненті, ол елдің экономикалық өсіміне, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, әлеуметтік жағдайды жақсартуға және инновацияларды дамытуға ықпал етеді. Бұл сектордың дамуы үшін мемлекеттік қолдау мен қолайлы инфрақұрылым қажетті. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар, олар кәсіпкерлерге қажетті қаржылық көмек пен бизнес жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпорындарын басқарудың ерекшеліктері мен міндеттері. Бұл кәсіпорындар қызметкерлері басқаруды және бизнесті дамытуда маңызды рөл атқарады. Әрбір кәсіпорынның алдына қойылатын міндеттерді белгілеу, олардың өндіріс тиімділігін арттыру мен қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалану мақсатында жұмыс жасауы талап етіледі. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, әсіресе, мемлекет тарапынан ұсынылатын мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламалар, бизнеске қосымша ресурстарды тартуға, оның әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанда ШОК секторының дамуын қолдау үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатыр. Бұл бағдарламалар кәсіпкерлерге қаржылық қолдау, салық жеңілдіктері, инновациялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері, сондай-ақ кәсіпкерлікті жүргізу бойынша кеңестер мен ақпараттық қолдау көрсетеді. Осындай бағдарламалардан бірнеше мысал келтірейік[2]:
- «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы. Бұл бағдарлама Қазақстанда 2010 жылдан бері іске асырылып келеді. Оның басты мақсаты — кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жаңа кәсіпорындардың ашылуына көмектесу. Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге төмен пайыздық мөлшерлемемен несие беру, мемлекеттік субсидиялар мен гранттар беру ұсынылады. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлердің бизнес – жоспарын әзірлеуге көмек көрсету мен қаржылық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған[3]. Бағдарламаның негізгі бағыттары:
- Кәсіпкерлерге төмен пайызбен несие беру.
- Кәсіпорындардың қарыздарын субсидиялау.
- Жаңа кәсіпорындарды құруға қаржылық көмек көрсету.
- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы. Бұл бағдарлама 2019 жылы іске қосылды. Оның мақсаты – өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау. Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар ұсынылады. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы ауыл шаруашылығы, азық – түлік өнімдері, жиһаз және құрылыс саласындағы кәсіпорындарды қолдауға бағытталған.
- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры. Бұл қор кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында құрылған. «Даму» қорының басты міндеті – шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай қолдау, жаңа бизнес-жобаларды дамыту, инновацияларды енгізу және кәсіпкерлерге консультациялық қызметтер көрсету[3]. Сонымен қатар, қор кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану үшін қажетті құралдар мен ақпараттар береді.
2020 жылғы мәліметтер бойынша[4,6]:
- «Даму» қоры 5000-нан астам кәсіпкерге қолдау көрсеткен.
- 7000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды.
- Қор кәсіпкерлерді кәсіпкерлік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жобалармен қамтамасыз етеді.
Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындардың даму қарқыны, экономикалық өсімнің көрсеткіштеріне, еңбек нарығының даму жағдайына және әрбір кәсіпорынның ішкі ресурстарын тиімді пайдалануы мен жалпы мемлекеттік қолдау шараларына байланысты болмақ. Әсіресе, шағын және орта кәсіпорындардың салықтық жүктемесі мен мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігі бизнестің жетістігін қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады. Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға үлкен ықпал етеді. Бұл бағдарламалар арқылы бизнес ортасын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарды кәсіпкерлікке тарту және экономиканы әртараптандыру міндеттері жүзеге асырылады. Әсіресе, қаржылық көмек, инфрақұрылымдық қолдау, құқықтық кеңестер мен салықтық жеңілдіктер шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың басты бағыттары болып табылады. Дегенмен, кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін шешімін таппаған мәселелер әлі де бар, бірақ мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар мен шаралар еліміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің өсіп-өркендеуіне зор ықпал етуде.
Қазақстандағы ШОК-ты қолдау бағдарламаларының тиімділігі жоғары. Бұл бағдарламалар кәсіпкерліктің жаңа бастамаларын іске асыруды қолдайды және оны дамытады. Мысалы, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша мыңдаған кәсіпкерлердің бизнес-жобалары іске асырылып, нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігі артты, өнім сапасы жақсарды және отандық өндіріс жанданды. Дегенмен, бағдарламалардың тиімділігін арттыру үшін бірнеше мәселелерді шешу қажет. Біріншіден, шағын және орта бизнес өкілдері көптеген жағдайларда ақпараттың жетіспеушілігінен зардап шегеді. Олар бағдарламаларды тиімді пайдалану үшін қажетті кеңес пен ақпаратқа мұқтаж. Екіншіден, кейбір кәсіпкерлер үшін несиелер мен субсидиялар алуда бюрократиялық кедергілер бар, сондықтан мемлекеттік қолдауды алу процесі күрделенеді. Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бірқатар факторлар әсер етеді. Олардың ішінде маңыздысы:
| № | Тақырыбы | Мазмұны |
| 1 | Қолдау бағдарламалары мен субсидиялар | Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту үшін субсидиялар мен жеңілдіктер, сондай-ақ түрлі бағдарламалар ұсынылса да, кәсіпкерлер көп жағдайда осы мүмкіндіктерді толық көлемде пайдалана алмайды. |
| 2 | Қаржылық сауаттылық | Көптеген кәсіпкерлер үшін бизнесті жүргізу саласында қаржылық сауаттылықтың жетіспеушілігі басты кедергі болып табылады. Сондықтан, қаржылық білім мен кеңестерге қолжетімділіктің артуы маңызды. |
| 3 | Жаңа технологиялар мен инновациялар | ШОК–тің даму деңгейі көбінесе жаңа технологияларды енгізумен және инновацияларға бейімделумен байланысты. Оларға әсіресе интернет–дүкендер, онлайн қызмет көрсету платформалары және цифрлық технологиялар жатады. |
| 4 | Бюрократиялық кедергілер | Қазақстанда кәсіпкерлік саласында бюрократиялық кедергілер көп жағдайда бизнестің даму қарқынына теріс әсерін тигізеді. Мәселен, рұқсат құжаттарын алу және тіркеу процестеріндегі бюрократиялық тосқауылдар кәсіпкерлердің ісін баяулатады. |
| 5 | Нарықтық сұраныс | Қазақстанда кәсіпкерліктің қарқынды дамуы үшін ішкі нарықтың тұтынушылық сұранысын түсіну және нарықтағы өзгерістерге сәйкес бизнес жүргізу қажет. |
Кесте 1 – Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бірқатар факторлар[5,60].
Шағын және орта бизнесті дамыту – кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономикасын нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, нарықта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта бизнес жүгізген мыңдаған адам үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады. Сонымен қатар, басқару топтары мен компаниялар үшін бәсекелестік ортада тиімді жұмыс істей алу үшін кәсіпкерлікті дамытудың басты бағыттарын айқындау қажет. Экономикалық дағдарыс, инфляция деңгейінің өзгеруі мен сыртқы факторлар кәсіпорындардың жұмысына әсер етіп, олардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Осы себептен, шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан көмек көрсету жүйесін кеңейту және осы сектордың толыққанды дамуына жағдай жасау аса маңызды.
Қазақстанда еңбекке жарамды халықтың 45% –ы шағын және орта кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған[6,317]. ҚР ҰСБ таратқан ағымдағы жылдың 1 мамырдағы ақпаратына көз жүгіртсек, елімізде 4,3 млн-нан астам адам шағын және орта кәсіпорындарда (ШОК) еңбек етеді. Төменде көрсетілген 1–ші суретте 2024 жылғы ақпараттар бойынша дара кәсіпкерлерде 1,8 млн адам жұмыспен қамтылса, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлға 1,7 млн адам % көрсеткішпен көрсетілген. Кәсіпорындар нарықтық өзгерістерге оңай бейімделеді. Икемділігі мен шешім қабылдау жылдамдығының арқасында шағын бизнеске өндірістік процестерді бақылау оңайырақ. Нарықтағы кенеттен болатын жаһандық экономикалық өзгерістерге де, сұраныс пен ұсыныстың өзгерістеріне де жауап беру ірі кәсіпорындарға қарағанда шағын бизнеске оңайырақ. Олар ірі кәсіпорындармен салыстырғанда жоғары өндірістік икемділігімен, жаңа техника мен технологияларды тез енгізу мүмкіндігімен, өндірістік қуаттарды тиімді пайдаланумен ерекшеленеді[7].

Сурет 1 – Мөлшері мен белсенділік белгісі бойынша тіркелген және жұмыс істеп тұрған субъектілер[7].
Шағын және орта бизнесті қолдаудың басты мәселелерінің бірі – шағын және орта кәсіпкерлік инфрақұрылымы. Сондықтан да алға қойған мақсатымыздың ең басты мәселесі инфрақұрылым институттарын дамыту мен оны жоғары деңгейге жетілдіру – осы мәселе шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың аса зор маңызға ие. Шағын және орта бизнестің дамуына келетін келелі мәселелерді жатқызуға болады: еліміздегі оның ішінде облыстардағы жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығының көрінуі. Оған шағын кәсіпкерлік қызметіне байланысты жоғары қауіп тән. Қауіп бірінші кезекте халықтың төмен төлеу қабілетіне – 51%, ел экономикасының даму процесінің доллар курсына тәуелділігіне 37%; өнімді өткізу проблемасына. Ол үшін бірінші қызметке халықтың төлем қабілетінің төмендігі 51%, отандық өнімнің қымбаттығына – 16%, жергілікті нарықтағы жоғары шетелдік өнімнің болуына – 10% негізделген; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын жергілікті әкімшіліктің атқарушы органдарының тиісті баға беруі, шағын кәсіпкерліктің дамуның бағдарламаларының әртүрлі деңгейде ел экономикасына қосқан үлеске сәйкес бағасы болуы керек; кәсіпкерлердің өнімін шығару өндірісін жүзеге асыруды қамтамасыз етуі шикізат және материалдар жеткізудің жаңартылуы – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын қамтамасыз ететін ең маңызды фактор[8,32].
Барлық жағдайда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін, біздің елімізде шағын кәсіпкерлік секторының қазіргі даму деңгейі 56%, оның ішінде шағын бизнестің тиімді жұмыс істеп жатқанындағы олардың қызметін жүзеге асырудың 16%–ы ғана жұмысын толық көрсетеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) экономиканың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол елдің экономикалық өсуі мен әлеуметтік тұрақтылығына ықпал етеді. Қазақстан үшін шағын және орта кәсіпкерлік саласы еңбек нарығындағы жұмыссыздықты азайту, инновациялар мен жаңа технологияларды енгізу, сонымен қатар жаңа бизнес мүмкіндіктерін дамыту тұрғысынан маңызды орын алады. Шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасындағы рөлі[9]:
- Жұмыс орындарын құру: Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыссыздықты азайтуға ықпал етеді, өйткені ол елдегі жұмыс күші нарығында белсенділік туғызады. Шағын кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың тұрмыс деңгейін арттырады.
- Экономиканың әртараптандырылуы: ШОК секторлары экономикаға әр түрлі салада серпін береді, бұл ұлттық экономиканың тұтастай тұрақтылығын нығайтуға әсер етеді. Мысалы, ауылшаруашылығы, құрылыс, сауда, қызмет көрсету, өндіріс сияқты салаларда жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар елдің экономикалық әлеуетін әртараптандырып, жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік береді.
- Жаңа идеялар мен инновациялар: Шағын кәсіпорындар жаңа бизнес идеяларын іске асыруда инновациялық бағыттарды дамытуға ықпал етеді. Көптеген стартаптар жаңа технологиялар мен өнімдер ұсынады, бұл нарықтың жаңаруына және экономиканың өсіміне көмектеседі.
- Жергілікті өндіріс пен қызмет көрсету: Шағын кәсіпкерлік жергілікті нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Мысалы, шағын өндірістер мен қызмет көрсету секторлары өз тұтынушыларын жергілікті деңгейде қамтамасыз ете отырып, импортты алмастыруға үлес қосады.
Шағын және орта бизнесті дамытудың келесі бір маңызды аспектісі – бұл олардың халықаралық нарыққа шығуы, шетелдік инвестициялар тарту және жаңа технологияларды енгізу. Бұл бағытта мемлекет кәсіпкерлерге түрлі субсидиялар мен гранттар ұсына алады, бұл өз кезегінде кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы қиындықтар да болады. Толығырақ тоқтала кетсек:
- Қаржылық қолдаудың жетіспеушілігі: Шағын кәсіпорындардың көбі қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен жаңа жобаларын бастауға немесе кеңейтуге мүмкіндігі жоқ. Осыған орай, мемлекет тарапынан қаржылық көмек көрсету өте маңызды.
- Кадр тапшылығы: Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы көптеген кәсіпорындар жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етілмеген. Бұл әсіресе кәсіпорындарды басқаруда, өндіріс сапасын арттыруда және жаңа технологиялар енгізуде қиындықтар туғызады.
- Құқықтық және әкімшілік кедергілер: Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кейбір заңдар мен нормативтік актілердің күрделілігі, салық салу жүйесінің өзгермелі болуы кедергі келтіреді. Бұл кәсіпкерлерге бизнесті жүргізуде қиындық туғызады.
- Нарықтағы бәсекелестік: Шағын кәсіпорындар көбінесе ірі компаниялармен бәсекелесе алмайды. Сондықтан, олар жаңа нарықтарға шығу үшін нарықтық стратегияларын дұрыс құрып, жаңа идеялар мен инновациялар енгізуі қажет[10,18-19].
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Қазақстанның экономикалық дамуы үшін өте маңызды. Ол елде жаңа жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлік инновациялық даму мен технологиялар енгізу арқылы экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қолдау мен бағдарламалар арқылы кәсіпкерлердің ісін кеңейтуге және нарықта бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасалуда. Сонымен бірге, кәсіпкерлерді қолдау үшін шешілуі тиіс мәселелер де бар, сондықтан бұл салада тұрақты түрде реформалар мен жаңартулар қажет.
Қоғамдағы әлеуметтік дағдарысты жеңіп, кәсіпкерлік топтарын қалыптастыру қиын мәселе болып табылады. Әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесі бұл ақиқатты растайды. Кәсіпкерлер тек еркін экономика жағдайында ғана өсіп – өркендей алады, сонда ғана әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылыққа сенімді болуға болады. Әрбір кәсіпкер өз ісін бастау үшін мемлекеттен тең дәрежеде қолдау алуға құқылы. Мемлекет өз кезегінде кәсіпкерлермен тиімді байланыс орнатып, оларға қажетті қолдауды көрсету мақсатында тиісті салық құрылымдарын енгізді. Осыған байланысты ғалымдар шағын және орта бизнес субъектілерін дамытудағы ұйымдастыру, өндірістік, құқықтық, қаржылық және экономикалық қарым-қатынастардың келесі кестесін ұсынады (2 –ші сурет).

Сурет 2 – Шағын кәсіпкерлік нысандарын дамытудағы ұйымдастырушылық өндірістік қарым-қатынастарды кеңейтілген кестесі[11,71-72].
Қазақстанның танымал экономист – ғалымдары шағын және орта кәсіпкерлік мәселелерін терең қарастырғанда, оның өтпелі экономикадағы маңызын белгілеп берді, олар: тұтынушылық тауарлар мен қызметтер түрлерін көбейту және өндіріс көлемін ұлғайту; халыққа қажет тауарлар мен қызметтердің өндірісін шығуын ұйымдастыру; экономиканың мемлекеттік секторларының тиімді өзіндігі (аз шығарылатын өнім түрі) қолдауы, өнім шығару және осының есебінен ірі кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру; қосымша әрі кемекті өнімділікті жаңандандыру; нарық сұранысының ықпалын және сұхұлы жұмыс істейтін өнім өндірісін шаруашылық құрылымдары арқылы халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайын арттыруды қамтамасыз ету; экономикадағы бизнескестік дамуды жақсырақ көрсету. Сонымен қатар, шағын және орта бизнеске қолдау – бұл салааралық шағын кәсіпорындар құру, аймақтық-салалық құрылымдардың жетілдіруде олардың арасындағы сапалы үдерістерді жұмысшы кәсіпорындарды ұсыну үшін ықпал ету әрекеттері. Шағын және орта бизнес өсуін қарқындатудың маңызды көрсеткіштері болашақта көп деңгейлі шағын кәсіпкерлік пен бизнес дамытудағы негізгі шаруашылық жетістіктерін көруге болады.
Қорытынды. Шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) ел экономикасының маңызды бөлшегі болып табылады. Бұл сектор мемлекеттердің әлеуметтік және экономикалық дамуында үлкен рөл атқарады. ШОК үшін арнайы бағдарламалардың маңызы мен артықшылықтарын түсіну, олардың осы кәсіпорындар үшін қаншалықты қажеттілігін білу өте маңызды. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалардың маңызы зор. Олар кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашып, экономиканың түрлі салаларында инновациялық шешімдер мен технологияларды енгізуге жағдай жасайды. Бұл бағдарламалар кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оларды нарықта табысты етуге ықпал етеді. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы ел экономикасының әртараптануына және әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына үлес қосуға болады. Екінші бір маңызды аспект – бұл шағын және орта кәсіпкерліктің инновациялық мүмкіндіктерін дамыту. Бұл бағытта жаңа технологияларды енгізу, бизнес процестерін автоматтандыру және бизнестің интернетке негізделген платформаларда жұмыс істей алуын қамтамасыз ету маңызды. Қазақстанда соңғы жылдары цифрландыруға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылып, кәсіпкерлерге цифрлық құралдарды пайдалануға көмектесуде.
Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы маңызды аспектілердің бірі – бұл мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы серіктестіктің нығаюы. Бұл серіктестік өз кезегінде кәсіпорындардың дамуына үлкен әсерін тигізіп, бизнес үшін жаңа нарықтар мен мүмкіндіктер ашады. Қазақстанда осы бағытта түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар іске асырылып, жеке кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде.
Осылайша, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тек қана кәсіпкердің өзіне байланысты емес, сонымен қатар мемлекет пен қоғамның осы саланы дамыту үшін жасаған әрекеттеріне де тікелей байланысты. Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлікті қолдау шаралары мен инновациялық технологиялардың енгізілуі – ел экономикасының тұрақтылығын және өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары кәсіпкерліктің өсуі мен дамуына үлкен ықпал етеді. Оларды іске асыру арқылы мемлекет кәсіпкерлерге қаржылық, құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсетеді, сондай-ақ олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Арнайы бағдарламалардың арқасында шағын және орта кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарын құрып, экономикалық өсуді ынталандырады, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекеттік қолдау жүйесін дамыту, тиімді бағдарламалар мен саясатын жүзеге асыру өте маңызды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Сейфуллин оқулары – 9: жоғарғы білім және ғылым дамуындағы жаңа бағыт» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары – 2013 – Т.ІІ, ч.2. – Б.201
- Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың тұжырымдамасын бекіту туралы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2200000250
- «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысы.
- «ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП». Алматы, 2023 ж., № 15 шығарылым. –
- Аубакирова Д.Е. Қазақстан республикасында шағын және орта бизнесті басқару: Учебное пособие — Алматы, 2015 ж.,–
- Абилов, Саламат Канибайулы. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері («Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы мысалында») / Саламат Канибайулы Абилов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2022. — № 13 (408). — С. 317 https://moluch.ru/archive/408/89797/
- https://kz.kursiv.media/kk/2024-06-18/nrls-biznes/
- Құдайбергенова, Н. (2020). «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы қаржылық және экономикалық аспектілер». ҚазҰУ хабаршысы. Экономикалық серия,–32.
- Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы функциясы және рөлі https://stud.baribar.kz/25677/shaghyn-zhane-orta-kasipkerliktin
- ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ (Павлодар облысының материалдары бойынша) 6N0506 «Экономика», –2011ж.18-19.
- Аубакирова Д.Е. Қазақстан республикасында шағын және орта бизнесті басқару: Учебное пособие — Алматы, 2015 ж.,–71-72.
