Балабақша – бақыт мекені

Ержан Айжан Ержанкызы

Алматы қаласы білім басқармасы Әуезов ауданына қарасты ЖШС «Lion garden» балабақшасының меңгерушісі.

 

 

        Балабақша – өскелең ұрпақты  тәрбиелейтін киелі мекен, бақыт ордасы. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді. Өйт­кені осы кезде баланың бойын­дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.­  Сондықтан осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады.  Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады. Балабақша ұжымы  келешек ұрпақтың тәрбиелі, білімді болып өсуіне қызмет етіп келеді.  Балабақшаның алдыңғы қатардан көрініп келе жатқан білім ордасы атануына  жақсы жетістіктерге жете білген әр тәрбиешінің еңбегі бар.  Балабақшада балаларға білім беру, тәрбиелеуде барлық жағдай қарастырылған. Балалардың тілін дамыту үшін ертегілер, тақпақтар, өлеңдерді мәнерлеп оқу, суретке қарап өз ойын ашық айтып жеткізуге арналаған дамыту жұмыстары жүргізіледі. Бірде ән айтып, көпшіліктің көңілін көтерсе, енді бірде қойылым көрсетіп, балалық қылықтарымен көпшіліктің ықыласын өздеріне аудара біледі. Сондай-ақ тәрбиешілер  ата-анамен бірлесе,  үнемі тығыз байланыста жұмыс жасайды. Қазіргі таңда мектеп­ке дейінгі білім беру мекеме­ле­рінде тәрбиешілер­дің­  ұста­нымы ауысқан: ол­ балаларға басшы емес, білім беру қыз­метінің тең қатысушысы. Мұн­дай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айта­рлықтай шамада анық­тайды, балаларға мінезін қа­лыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ой­лау­­ды,­  дү­­ние­танымды да­мы­­туға, сыни ойлауды қалып­тас­тыруға және жеке мүм­кін­д­іктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік б­ере­ді. Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы іспеттес. Мұн­­­дағы тәрбие мен білім ба­ла­­лар­дың табиғи мінезін, қа­бі­летін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қам­ту өзімнің басты мақсат­тарым­ның бірі екенін қуана айта аламын.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *