Балабақша – бақыт мекені
Дощанова Салтанат Бейбитовна
Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп – балабақша. Мектепке дейінгі мекеме балаларына үздіксіз тәрбие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша тәрбиешілері. Балабақша – келешек, ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдендірер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақша ұжымының мәрбір қызметкерлерінің міндеті – күнделікті тәрбиеленуші бүлдіршіндерге бақыт сыйлау. «Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік» –деп, Жүсіп Баласұғын айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді. Өмірге келген әрбір бала отбасында ата–анасының жақындарының махаббаты мен жылулық шапағатына бөленіп өседі. Әр отбасында тәрбие алып 2 жасқа толғанда ата–аналар жүректерінің бір бөлшегін сеніп балабақшаға әкеліп тапсырады. Сол орайда ананың орнына ана болып мәпелеп, бар жылулығын, тәлім–тәрбие беретін тәрбиеші. Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Басқан алғашқы қадамынан баланың болашағы қаланады. Әрбір кішкентай ғана бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына үлес қосатын алтын ұя. Отбасында еркелеп, өз дегенін, қалауын орындатып, қоятын ерке балалар да жоқ емес. Бір үйдің кенжесі, бірі тұла бойы тұңғышы. Бірақ балаларға бірдей тәрбие беріп, бірыңғай тәртіпке баулитын орта тағы да балабақша.
Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы. Бала тәрбиесі – үлкен өнер Бақшаны – бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны – болашақтың қақпасы деп білуіміз керек. Болашақтың қақпасы – әрбір бақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарына ертеңге деген нық сенім жүректерінде патриоттық сезімдері жалынындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім мен тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Сондықтан, алдымызға келген әрбір бүлдіршінге тәлім – тәрбие беріп ұлтжандылыққа тәрбиелеу – біздің міндетіміз. Білім қазынасын балабақшадағы бүлдіршіндердің бойына сіңіріп, олардың болашақтарына игі ықпал ету негізгі мақсатымыз.
Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады.
Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін қуана айта аламын.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718