Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру

Смаилова Гульмира Тулебекқызы

Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, барлық іс-әрекеттер ойын түрінде беріледі. Дамытушы ойындар мектеп жасына дейінгі балаларды кеңістікке, қағаз бетінде бағдарлай алуға, дәптер бетінің тор көзімен танысуға, сызба-карта бойынша бағдарлауға үйретеді. Балалар заттарды тек көзбен көру ғана емес, практикалық әдіс арқылы салыстыра отырып, көлемдерін анықтауды үйретеді. Қоршаған ортадағы заттармен байланыстыра отырып салыстыру; көзбен көріп, оған практикалық талдау жасау; геометриялық пішіндер мен денелер туралы білімді жеңіл меңгереді. Айналадағы қоршаған ортаның әрбір тасы, суы, құмы, гүлі, ағашы, мұның барлығы алғашқы математикалық түсініктерін қалыптастыруға үлкен пайдасын тигізеді. Балаларға көрнекілік арқылы көрсеткеннен гөрі, көзбен айналаға қарап, оған мысал келтіре отырып есептеген анағұрлым есте қалатыны сөзсіз. Демек, бұл әдістің бала үшін маңызы зор екенін аңғарамыз. Бұл күнделікті өмірде басқа да іс-әрекет түрлері арқылы алынған дағдыларын қолдана алуларына көмектеседі. Балаларда көз мөлшерімен салыстыру қабілеті дамиды.

Математиканы меңгеру барысында геометриялық пішіндер мен денелерді зерттеу, шамаларды салыстыру, таразымен жұмыс жүргізуде нәтижеге жетуге септігін тигізеді. Мысалы: менің қолым бос емес, телефон номерін теріп берші деген сияқты іс-әрекетті орындауға қызықтыратындай жағдай туғызу.

 

Жас шамасына қарай балалармен жүргізілетін жұмыс бағдары:

3-4 жас

  1. Геометриялық фигуралар және пішіндермен таныстыру, негізгі түстерді ажыратуға, екі затты салыстыруға, көлемін айтуға үйрету.
  2. Бірдей және әртүрлі пішіндерді топтастыру.
  3. Ойынға қатысуға қызығушылығын туғызу.
  4. Баланың алдына қойған мақсатына жетуге ықпал ету.
  5. Математикалық ертегіні құрастыруға үйрету.

4-5 жас

  1. Геометриялық фигуралардың айырмашылықтарын ажыратуға үйрету.
  2. Пішіндерді топтастыруға үйретуді жалғастыру
  3. Кеңістікті бағдарлауға үйрету.
  4. Заттарды ретімен орналастыруға үйрету.
  5. Мазмұндық математикалық ертегіге қызығушылық танытып, көңіл аударуға қатыстыру.

5-6жас

  1. Танымдық, шығармашылық қабілеттерін одан әрі дамыту.
  2. Үлкендермен ойын және тапсырмаларды еркін орындау.
  3. Түрлі қимылды ойындар мен шашқа жүрісі сияқты ойындарды үйрету.
  4. Математикалық жұмбақтар мен бас қатырғыш ойындарды, әзіл есептер шешуді жалғастыру.
  5. Математикалық ертегі құрастыруда алғырлық, қызығушылық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Баланың ой өрісінің дамуында математика оқу іс-әрекетінің маңызы зор. Қазіргі таңда «математик болып шықпайықшы» деген көзқарас артта қалды. Математика түрлі кәсіпте үлкен орын алады. Математика баланың кіші жасынан бастап оның тәлім тәрбиесіне, ойының дамуына ықпал етеді. «Таным» білім беру саласы баланың ақыл-ойының дамуында үлкен рөл ойнайды. Сол себептен мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің алдында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ белгілі мақсаттар қоюда:

Баланың қоршаған ортада бағдарын кеңейтіп толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу, қарапайым іздеу әрекеттерін, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруін, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлау қабілетінің дамуы бірнеше кезеңнен өтеді. Алғашында балалар қолмен ұстап сезу арқылы жұмыс жасайды., барлық ойлау операциялары іс-әрекет арқылы жүреді. Кейін келе, көрнекіліктің көмегімен ғана жұмыс жүргізуге болады. Ересектер тобына келгенде, балалардың логикалық ойлау қабілеттері белгілі бір нысанға жетеді, логикалық есептерді елестету арқылы шеше алады. Бала өз пікірін айтуға, жалпылауға, салыстыруға, талдауға үйренеді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың білімдерін нығайтып толықтыру жұмыстары ойын арқылы жүргізіледі.

Дидактикалық ойын дегеніміз-тәрбиеленушінің қоршаған ортаны терең және айқын тануда қолданылатын, белгілі бір нысанын көздейтін, шығармашылық әрекет.

Дидактикалықойын топтамасы:

  1. Сан мен есеп ойындары.
  2. «Уақыт әлеміне» саяхат
  3. Кеңістікті бағдарлау ойындары
  4. Геометриялық пішіндермен ойындар
  5. Логикалық ойындар

Баланың есте сақтауын дамытуда қолданылатын ойындар

«Есіңде не қалды?»

Балаға бір ойыншық түрі көрсетіледі. Бала сол ойыншықтың ерекшелігін айтып беру керек.

«Суретті тап»

Біз топ суреттер арасынан бір сурет алынып көрсетіледі де қайтадан орнына қайтарылады. Араластырылған суреттер арасынан көрсетілген суретті тауып беру керек.

Салыстыру қабілеттерін дамытуда қолданатын ойындар:

Балаға түрлі геометриялық пішіндер, 2 түрлі суреттер, т.б, көрсетіледі. Балалар олардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру арқылы табады.

Кеңістікті және уақытты бағдарлау ойындары:

Бұл ойындарда сызба-карта қолданылады. Балалар сызба бойынша белгілі бір затты табады. Бұндай ойындар арқылы балалардың зейіні артып, тілі дамиды.

Ертегі құрастыру

Сандармен таныстыру барысында ертегі құрастыру жұмыстары үлкен орын алады. Өзі құрастырған ертегіде бала неше кейіпкер бар екенін санау арқылы айтып, оның цифрлық таңбасын есте сақтай алады. Соңында бала өз ертегісіндегі кейіпкерлерін мүсіндеп, түрлі материалдар қолданып жапсыру жұмыстарын жасап немесе сурет бере алады.

Оқу іс-әрекетінің тиімді, көңілді, қызықты өтуіне дидактикалық ойындардағы қолданатын түрлі материалдар себеп болады.

Математика оқу іс-әрекетінде «қосу-алу» дағдыларын жетілдіру мақсатында-санның құрамын, оның алғашқы және кейінгі санын табу болады. Осы жұмысты жүргізуде таяқшалар белгілі міндетін атқарады. Мысалы: баладан үстел үстінде 4 таяқшаны қоюын сұрайсыз. Бір таяқшаны бір жағына, қалғанын екінші жағына қоюды тапсырасыз. Сұрақ: неше таяқша оң (сол) жақта? Тең болу үшін не істеу керек? т.б.

Егер де бала санауға қиналып жатса, баламен бірге заттарды ауызша санау керек. Мысалы: 3 сары төртбұрышты ал. Енді санайық, неше төртбұрышты алдың? Осындай тапсырмаларды күнделікті қолдануға болады. Мысалы: Тамаққа неше ыдыс қойылады? Неше сүлгі ілініп тұр? т.б.

Жиі кездесетін жағдай: бала 1 ден 10 ға дейін санауды біледі, бірақ цифрлық таңбасын көрсете алмайды. Осы жағдайда санның цифрлық таңбасын айналадағы заттармен ұқсастығын табу арқылы шешуге болады. Есте сақтау қабілетін жетілдіру үшін цифрлар туралы қызықты өлең-жырларын қолдануға болады. Түрлі материалдардан цифрлық таңбаларды жапсыру арқылы баланың есте сақтау қабілеті артады. Осындай жаттығу арқылы қолдың ұсақ моторикасы дамиды.

Математикалық ойын «Цифрларды құрастыр»

Белгілі бір цифр таңбасы бір немесе бірнеше бөлікке қиылады. Балалар құрастыру арқылы қандай цифр екенін табады.

Логикалық ойындар баланың танымдық мүддесін, ізденісте – шығармашылығын, зейінін, көңілін көтеріп білім алуға деген қызығушылығы артады. қызықты математикалық тапсырмалар баланың танымдық қабілетін арттырады. Бала шешімін табуда қиналса, оған тапсырманың бірінші бөлігі оқылып, одан не түсінгенін сұрайды. Содан соң, екінші бөлігін оқып беріп тәрбиеші шешімін табуға көмектеседі. Сонда ғана бала тапсырманың шешімін табуға үйренеді.

Математика оқу іс-әрекетінде түрлі жұмбақтар шешу арқылы педагог алдына қойған мақсатты орындай алады. Жұмбақтар баланың логикалық ойының дамуына ықпал етеді.

Бас қатырғыш ойындарды геометриялық пішіндер туралы білімдерін нығайту мақсатымен алуға болады. Мысалы: 10 таяқшадан 3 ұшбұрыш жаса; 2 төртбұрыш жаса т.с.с.

Қорытындылай келіп, дидактикалық және басқатырғыш ойындардың тәрбиешілер тәжірибесіндегі ең белгілі, қазіргі кездегі жиі қолданылатын, математикалық мазмұны бар ойындар екеніне көз жеткіздік. Ойын арқылы баланың білімін кеңейтіп қана қоймай, шығармашылығын арттыруға болады. Бала күрделі математикалық ұғымдарды меңгереді, қосуды-алуды, санауды үйренеді. Бұл әрекеттердің дамуында тәрбиешінің көмегі өте маңызды.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.ҚРМЖМББС (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту) Астана 2013

2.Отбасы және балабақша. С.Нұрғабылова. Қызықты математика 2011 №1

36-37 бет.

  1. Бала мен балабақша. Е.Хамитов. Айналамен таныстыру арқылы баланың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру. 2014 №2 14-бет.

4.Бала мен балабақша. Ғ.Мусаева. Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық ұғымдарын қалыптастыру. 2014 №3 4-5 бет.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *