менің елім үшін идеяларым

Менің елім үшін идеяларым.

Әрбір адамның идеясыбұл оның түпкі ойы,  дүниетанымының негізінде жатқан анықтаушы түсінігі. Ойы кең, көзі ашық адамның идеясы болады. Ол идеяның іске асуы тіпті оның өмірлік мақсаты болуы әбден мүмкін. Адам баласын басқа жаратылыстан ерекше ететіні – ойлау қабілеті. Ал ой дан идея туындайды. Тура солай ел басқаруда да, саясатқа жақын адамның ұстанымдары мен мақсаты болуы шарт. Халық сүйген —Суға батпас, отқа күймес. Халық болса, лидерді оның тек идеяларына қарап дәріптейді. Онсыз ол тұлға билік тізгінің ұстай алмай түгілі, тіпті қасына сыбайластарды да жинай алмайды. Біз әрқайсымыз қоғамға пайда әкелу мүмкіндігіне иеміз, оған қабілеттеріміз бар деп санаймын. Менің идеяларым тек армандар немесе қиялдар емес, бұл менің еліме және отандастарыма пайда әкелетін жоспарлар мен алдыма қойған мақсаттарым.

Менің идеяларымда мен әділетті және тең құқықты қоғам құруға ұмтыла отырып, қоғамның барлық салаларының мүдделерін ескеруге тырысамын. Бірлескен күш-жігермен ғана біз еліміздің табысы мен өркендеуіне қол жеткізе аламыз деп сенемін. Айтуға оңай болғанмен бұл идея тек мені емес мыңдаған, миллиондаған отандастарымызға ортақ болып қалыптасқан мақсат. Еліміздің әрбір саласындағы әділетсіздіктің бар екеніне көз жеткізген халық, мемлекет басшылығынан дереу жұмыстың жүргізілуін сұрайды.  Байлықтың не керегі, қайыры болмаса, биліктің не керегі, әділдігі болмаса. Әділеттілік орнату үшін алдынғы шарт ол корупцияны түбегейлі жою. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: сыбайлас жемқорлық теңсіздікті тудырады және әділетті қоғамның дамуына кедергі келтіреді, сондықтан бұл құбылыспен барлық деңгейде күресу маңызды. Осы тұста күрделі үрдіске шалығамыз. Парақорлық өкінішке орай көпшілікке тән қасиетке айналған. Еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен таралған бұл қасірет экономикамызға ауқымды зардабын тигізуде.

  • Тең құқықты мемлекет құру үшін біршама жұмыс жасалу керек. Әділ және тең қоғам құруға көмектесетін бірнеше негізгі принциптер мен әдістер бар. Заңдар мен адам құқықтарының сақталуы: барлық азаматтардың тең мүмкіндіктерге ие болуы және кемсітушіліктен қорғалуы үшін заңдар мен адам құқықтарының жалпыға бірдей сақталуын қамтамасыз ету маңызды. Әрбір белсенді қоғам мүшесінің ұсынысы онлайн петиция ретінде билік басына жетіп отыруы, барлық топтар мен әлеуметтік топтардың шешім қабылдауға қатысуына жағдай жасайды. Экономиканы және әлеуметтік топтарды қорғауды күшейту: әлеуметтік теңсіздіктерді азайту үшін халықтың барлық топтарының материалдық дамуы мен әлеуметтік қорғалуына жағдай жасау қажет. Осыған орай заңдар мен адам құқықтарының сақталуы: барлық азаматтардың тең мүмкіндіктерге ие болуы және кемсітушіліктен қорғалуы үшін заңдар мен адам құқықтарының жалпыға бірдей сақталуын қамтамасыз ету маңызды. Қазақстан республикасы зайырлы құқықтық мемлекет болған соң демократия мен азаматтық қатысуды дамыту: азаматтық қоғам және азаматтардың шешім қабылдауына атсалысу. Оқу – білім бұлағы,
    білім – өмір шырағы. Білім тең қоғамды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады, жоғарыда айтылған әрбір пунктті жүзеге асыру үшін білімді жастардың маман атануы керек. Әділ және тең құқықты қоғам құру қоғамның және мемлекеттің барлық мүшелерінің тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және барлық азаматтардың құқықтарын қорғау үшін күш-жігерін талап етеді.

    Ойды қорытындылай келе, менің идеяларым – елім мен оның халқы алдындағы жауапкершілігім. Мен, елімізді жақсарту және оны болашаққа дайындау үшін барынша ресурстарымды жұмсауға дайынмын. Біз бірге ғана өз елімізді гүлденген, әділ және тұрақты мемлекет ете алатынымызға сенімдімін.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *