ПСИҚОЛОҒИЯ

Бейсенбай Диана.

ПСИҚОЛОҒИЯ.

 

МЫНА ЗАМАНДА ПСИХОЛОГТАР КӨБЕЙІП, ОНЫҢ НЕ ЕКЕНІҢ БІЛМЕСЕДЕ, ТАЛАЙ ПСИХОЛОГИЯ ТУРАЛЫ КІТАПТАР САТЫП АЛЫП ОҚЫП, КУРСТАРҒА ҚАТЫСЫП ЖАТҚАН ДАМУШЫ ЗАМАНДА, БҰЛ ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРІП КЕТКЕН ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВТЫҢ “ПСИҚОЛОҒИЯ” КІТАБЫН ОҚЫП ШЫҚТЫМ. ОЛ ҰҒЫММЕН ҚАЗАҚТАРДЫҢ БАЙЫРДАН БЕРІ ТАНЫС ЕКЕНІҢ, ЕЛІМІЗДІҢ БІЛІМДЕ ШЕКСІЗ БОЛҒАНЫН ДӘРІПТЕУ МАҚСАТЫНДА ЖАЗЫЛҒАН МАҚАЛАМ.

 

Псиқолоғия терең ойдың білімі, құрғақ пәлсепе (философия), бос сөз екен деп ойламаңыздар.

Кітап шығарудың өзі бір проблема болған кезде аумалы-төкпелі, дерексіз,терең ой, терең білім, терең пәлсәпега соғатын пәнді жазу, оны ұсынып, оқыту авторға оңай болмағаны айқын. Себебі, өзге білімдер затшылдыққа табанын тіреседе , психология әлі тіреп, аяғын нық баспаған, тіпті орыс тілінде негізделіп кітаптарда шықпаған кез еді. Сондада автор батылдық танытып еңбегінде “Жауропа” яғни Еуропадан келген терминді өз халқына көркем түрде түсіндіре алған. Жалпы “Псиқология” еңбегінде ол сөздің аудармасын “Жан сөзі” деп түсіндірген, бірақ қазіргі таңда бұл термин көп жерде бой көтереді. Мысалы, “Ақша психологиясы, Сату психологиясы” деген сияқты. Термин танымал болғаннаң ба әлде халық білмегеннен бе, оңды солды қолданып бұл сөздің қадірін қашырып, халықтың миын ашытып жібергеніміз рас. Ал автор бұл кітапта қалай күшті түсіндірген десеңізші. “Жасасын бостандық! Жасасын әйел теңдігі! Жасасын бұқара өкіметі!” деп ұрандатылған бұл еңбек Қазақтың сол кездегі сана сезіміне жаңа дем болып барған.

Жан деген не? Сана, әдет, салт, мінез, түс көру, секілді мәселелер псиқолоғияда ашылған. Жүріс-тұрыс, қылық-әрекет бәрі жан дүниеміздің сөздері.

 

Кезінен маңызы бар, пайдалы тақырып болса, неге “пән” ретінде қарастырылып ұрпағымызға міндетті түрде таралмаған? деген сұраққа міне, Лангенің пікірі: «Пәннің атын оның зерттейтін затымен шатастыруға болмайды. Бірінен-бірі айырылып жіктелмеген сансыз құбылыстарды бір сөзбен атау үшін бұрыннан келе жатқан псиқалоғия деген атты аламыз. Бүгінгі пәннің қоятын қатал шарттары ол заманда мәлім болмаған. Бұрынғы псиқалогияның қарайтын мәселесі (заты) бұл күндө өзгерді. Бірақ пәннің заты өзгерген себепті атын да тастаймыз десек, онымыз тым солақайлық, ұшқарылық болады. Сондықтан тайқалақтамай-ақ, псиқалоғияны жансыз пән деп алуымыз керек. Оның ескі аты әлі де жарайды; е

өйткені, псиқалоғия мәселесін толық қарастыратын пән жоқ». Психология ми мен сананың, жан мен тәннің ұштасқан түрі. Олсыз адам толық жетіле алмайды деп ойлаймын. Елімнің өзге елден келген әрбір кітапты бір оқып, курстарға жазылып, адасқан адамның кейпін кигенше Аймауытовтың “Псиқолоғия” еңбегін оқуға шақырамын!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *