Тестцентр ҰБТ-дің аралық қорытындыларын ұсынды

Шәкрат Мерей

7 маусымда Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлері Ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық нәтижелері туралы деректер ұсынды.
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 114 мың рет тест тапсырылды . Оның ішінде талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 110 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
ҰБТ басталғалы шекті балды 75% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 68 балды құрайды. Ең жоғары балл – 138, оны Түркістан облысының талапкері жинады.
Айта кетерлік жәйт, тестілеу аяқталғаннан кейін әрбір талапкер қандай тақырыптар бойынша қателіктер жібергенін көріп, тақырыптық талдау алады. Үш аптаның қорытындысы бойынша «Оқу сауаттылығы» пәнін ең жақсы тапсырды. Орташа есеппен, сұрақтардың 75%-ына дұрыс жауап берілген. Ал «Физиканы» тапсырған талапкерлер тек 36% тапсырманы дұрыс орындаған, олар үшін «Механикалық толқындар» тақырыбы қиын болды. Осылайша оқушылар тестілеуден кейін өз жұмысына анализ жүргізе алады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға үш аптаның ішінде 387 талапкер қатысты.
Бүгінгі таңда 207 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 152 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 50 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексергеннен соң ереже бұзған 5 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады, деп хабарлады министрліктің баспа сөз қызметкерлері.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *