Балалардың дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттырудағы музыкалық сүйемелдеудің рөлі

Қуандық Бағлан Қыдырбекқызы

М. Монтесорри: «Педагогтің үлкен өнері – баланың қабілеті мен қызығушылығын оята білгендігі».

 

Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы болса, екінші бесік – мектепке дейінгі білім беру мекемесі. Ұрпақтың азаматтық тұлғасы мен отаншылдық асқақ сезімдерін қалыптастырудың қайнар көзі – мектепке дейінгі кезеңнен бастау алатыны ақиқат. Мектепке дейінгі тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.

Дамыған егеменді елімізде тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу айрықша орын алады. Мықты денсаулық дененің дұрыс жетілуінің жоғары жұмыс қабілетінің

негізі – нақ осы мектеп жасына дейінгі бала жасына қаланады. Қозғалыс қызметінің қалыптасуымен қатар дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі осы жылдары өтеді. Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интелектуалдық және моральдық  еріктік жетілуімен барлық психикалық функцияларының дамуымен тығыз байланысты.

Мұндайда өмір жағдайларының әсерімен тәрбие елеулі рөл атқарады. Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту бала организмінің функцияларын жетілдіру оның денені жетілдіру ықпалы жұмыс қабілетін аттыру.

 

Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеудегі басты міндет -балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және икемділік, шапшаңдық, төзімділік сияқты қабілеттерін арттыру.

Дене тәрбиесі – тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған.

 

Дене тәрбиесінің ең басты мақсаты адам баласының дене жағынан жетілуі болып табылады.

Заманға сай тәрбие мен білім беру ісін кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылықты қажет етеді.

Біз – балалардың «арман қанатын» салатын суретшісіміз. Әр педагогтың баланың қызығушылығын арттыратын өзіндік сырға толы қазынасы болады.

Сол сияқты менің де қазіргі таңдағы басты қазынам балалардың дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттыру яғни музыкалық сүйемелдеу арқылы баланың спортқа деген сүйспеншілігін ояту болып табылады.

Музыкалық сүйемелдеу – балалардың дене бітімін қалыптастырудағы тиімді нысан болып табылады. Балалардың толыққанды дамуы үшін музыка мен қозғалыс бір – бірімен байланысты болады.

Көңілді көтеретін музыкалық әуендер баланың физикалық жетілуіне, дене бітімінің әдемі қалыптасуына үлкен әсер етеді. Музыкалық сүйемелдеу яғни әуеннің ырғағына қарай балалар жаттығуларды қызығушылықпен оңай әрі тез меңгереді. Баланың ойлау қабілеті мен шығармашылығы жақсарады.

Дені сау баланың көңіл-күйі де жақсы болатыны анық яғни, баланың өз-өзіне сенімділігі мен ерекшелігін сезіну жеке тұлға ретінде қалыптасуына маңызды рөл атқарады. Дәлірек айтар болсақ, бала өсіп, дамиды. Сонымен қатар әуенге сай  қозғалыстарына деген қажеттіліктері ұлғаяды. Заманымыздың болашағы – жас ұрпақтың ой-өрісін, рухани байлығын, музыкалық сүйемелдеу арқылы бүлдіршіндеріміздің денсаулығын нығайтып әсемдікке

 

және де дене  қозғалыстарын көркем орындауы мен эстетикалық құндылыққа тәрбиелеу, жылдан – жылға жандандыру – біздің абройлы міндетіміз!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *