Көңілді пішіндер
Дайрабаева Ақдидар Дәлелбекқызы
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, пішіндерді ажыратып айта білуге дағдыландыру;
Көрнекіліктер: дидактикалық ойындар, геометриялық пішіндер.
-Балалар бүгін бізде ерекше күн.
-Еңалдымен келген қонақтармен амандасайық.
Барысы: Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады.
Амандасу: Музыка әуенімен әндетіп:
Қайырлы күн, көк аспан.
Қайырлы күн, жерана.
Қайырлы күн, достарым
Қайырлы күн, апайлар.
Тәрбиеші: Бізге қонаққа бауырсақ келіп қалыпты.
Бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?
Балалар: Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.
Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?
Балалар: сары
Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні қандай?
Балалар: дөңгелек
Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мен бауырсақпын. Мен сендерге өзіммен бірге тапсырмаларымды ала келдім. Бірге орындаймыз ба балалар?
Балалар: Ия
1-тапсырма:
Пішіндер туралы жұмбақтар
Атына сай балалар,
Үшбұрыш, үш жағы бар
Ол пішінді кім табар?
-Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл үшбұрыш. Алдарындағы пішіндердің ішінде үшбұрышты көрсетіңдерші және түсін айтамыз.
(Балалар көрсетеді, түсінайтады)
-Дұрыс айтасыңдар балалар, келесі жұмбақты жасырайын.
-Төртбұрышы бар, төрт қабырғасы бар.
Бұл қандай пішін?
-Ия дұрыс.
Төртбұрыш неге ұқсайды екен?
-Алдарындағы пішіндерден төртбұрышты көрсетіңдерші, түстерін айтыңдар.
Тағы бір жұмбақ жасырайын.
Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар
Атын оның атаңдар?
-Дөңгелек неге ұқсайды?
-Өте жақсы балалар.
Ал, енді алдарындағы пішіндердің ішінен дөңгелекті көрсетіңдерші, түстерін айтамыз.
Тәрбиеші: Ал, балалар пішіндер туралы қандай тақпақ білеміз.
– Сен қандай пішінсің?
-Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.
Үшбұрыш
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.
Дөңгелек
Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.
Тәрбиеші:-Балалар, бауырсақтың сендерге әкелген мынадай тапсырмасы бар екен «Ойыншықтардың үйін табу» деп аталады.
Шарты: – Мына жерде биік және аласа үйлер бар. Ойыншықтарды көлеміне қарай, биік үйшікке үлкен ойыншықтарды, аласа үйшікке кішкене ойыншықтарды апарып қою керек.
Сергіту сәті
Дидактикалық ойын: «Пішіндерді өз үйшігіне орналастыр»
Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту, пішіндер туралы білімдерін кеңейту.
Бауырсақ: – Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Менін сендермен қоштасатын уақытым келді. Мені уйде атам мен әжем күтіп отыр.
Сау болыңдар балалар
Тәрбиеші:-Жарайды, балалар, Бауырсақпен қоштасып шығарып салайық.
Балалар: Сау болыңыз бауырсақ.
Қорытынды: Сонымен қандай тапсырмалар орындадық?
Жақсы, балалар геометриялық пішіндерді жақсы меңгеріпсіңдер. Бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718