Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін ашық өзін-өзі оқыту жүйесін ұйымдастыру
Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Айналайын» бөбекжайы» жедел басқару құқындағы ЖБҚ МКҚК
Қожахмет Әсел Ергенқызы
Тақырыбы: Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін ашық өзін-өзі оқыту жүйесін ұйымдастыру
Мақсаты: Педагогтерге өзін–өзі оқыту жүйесін ұсыну арқылы, кәсіби шеберлігін дамыту.
Міндеттері:
– Өзін-өзі оқыту жүйесінің тиімділігі;
– Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша жоспар жасақтау.
Қорытынды
Нашар ұстаз шындықты қайталайды,жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді.
Адольф Дистервег
Педагог білімін шыңдап, ізденуді тоқтатқан сәттен бастап-ақ педагогтық қызметін аяқтағанмен тең ұғымда болады.Жеке тұлғаны білім мен тәрбие беру арқылы қалыптастыру үшін, алдымен педагог өзін кәсіби тұрғыда дамыту қажет. А.Макаренконың пайымдауы бойынша алған білімі мамандығына сай келмеген адамның өзі, өзін–өзі шыңдау, оқу, іздену арқылы нағыз кәсіби шебер ретінде қалыптаса алады. Өзін–өзі кәсіби тұрғыда дамыту ол қоғам талабын ескере отырып, оларды қолдана отырып, өзіндік жаңа дүние жасау. Демек, ол қоғамнан тыс немесе қоғамның атқарып отырған іс–әрекетінен ілгері – кейін емес, әлеуметтің жеке тұлғаға тікелей әсер етуі арқылы пайда болады. Педагогтың өзі ізденіп жеткен жетістігі, оның ойлауы мен білім берудегі әдістерінің де оң өзгерісімен көрінеді. Өзінеқажет дағдыларын дамыту арқылы кәсіби құзыреттілігін шыңдау, өзгелердің құндылығын анықтай білуге мүмкіндік береді. Педагогтың кәсібилілігін арттырудың ұтымды тұсы қоршаған ортаны тануға деген ынтасы мол, жаңа ақпаратты қабылдауға бейім әрі ұтқыр шешім қабылдай алатын маман дайындауында. Себебі өзін–өзі оқыту болашақ кәсіби маманның өсуінің негізі, бұл ойды дәлелдейтін бірнеше ұлы тұлғалардың пікірі де бар. Ю.П.Фатневтың жүргізген зерттеуі бойынша педагогтың өзін –өзі оқытуы тұлғаның ұйымдастырылған, жүйелі, танымдық белсенділігін көрсетеді десе, академик Д.С.Лихачев жастарға арналған бір өсиетінде «Адам үнемі оқу керек, аты әлемге танымал әйгілі ғұламалар да өмірінің соңына дейін оқумен, ізденумен өткен. Өзің оқып ізденуді тоқтатқаннан кейін, біреуді оқыту туралы мүлдем ойлама» деп, үнемі ізденісте жүрудің қажеттілігін ерекше атап өткен.Педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту екі түрлі жағдайдың бірігуімен жүзеге асады, олар: өзіне берілген ілімді қабылдау және өзін–өзі оқыту арқылы. Себебі, кәсіби тұлға түрлі факторлар әсерінен қалыптастады обьективті және субъективті, табиғи және әлеуметтік, сыртқы және ішкі, мақсатты түрде өзі қабылдаған және мақсатсыз түрі болуыда мүмкін. Педагогтың кәсіби шеберлігінде де дәл солай, кәсібилігі өзімен жұмыстанудан, қажетіне қарай ізденуден, ертеңгі күніне жоспарлы әрекет етуден басталады. Ойшылдар Ф.А.Мижириков пен Т.А.Юзефавичус кәсіби педагогтың өзін–өзі дамытудағы құрылымын былай жіктеген
Кәсіби педагогта болуы керек дағдылар
Өзін бағалай білуі
Кәсіби педагогикалық
эталондарды білуі
Педагогикалық әдеппен нормаларды білуі
Өзі үлгі тұтатын кәсібимамандар мен өз ісәрекетін салыстыруы
К.Д.Ушинский өзін-өзі оқыту мен тәрбиелеуде өзіне, мына қасиеттері көмек берді деп санаған екен, атап айтар болсақ: «Әрбір сөзімен, ісіне деген сенімділік, ойланып шешім қабылдауы, қажет етпеген жерде артық сөйлеп, пікір айтпауы, бос уақыт өткізбеуі, әрбір ұйықтар алдында өзінің бір күндік атқарған әрекеттеріне есеп беруі». Ұлы ұстаз К.Д.Ушинскийдің өзін дамытудағы жоспарлы әрекеті көп мұғалімге үлгі болары хақ. Кәсіби даму үшін педагогқа түрлі бағыт бойынша іздену қажет, жүйелі жоспары болуы керектігі жөнінде жоғарыда бір емес, бірнеше мысалы келтіріп өткен болатынмын. Осы орайда мен өз тарапымнан педагогтың кәсіби шеберлігін арттыруға арналған жеке маманға ғана емес, бөбекжайға арналған кешенді жобалау функциялары бойынша жоспарымды ұсынбақпын.
Педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттыру бойынша жобалау функциялары бойынша жұмыс жоспары
Дамыту бағыты
Орындалатын шаралар мақсаты
Ұйымдастыру түрі
Педагогикалық және құқықтық сауаттылығын арттыру
Бұйрықтармен нұсқаулықтармен таныстыру
Топпен талдау, дөңгелек үстел
Жаңашыл педагогтер тәжірибесін еңгізу
Сарапшы мамандар жұмысын тыңдап, БАҚ қа жолдау
Жумагазиева А жұмыстарын үлгі ретінде көрсету
Ең жақсы тәжірибені насихаттау
Саркен А
Үндібаева Н іс–тәжірибесімен бөлісуге семинарлар мен вебинарларға қатыстыру.
Әлеуметтік белсенділігін арттыру
Педагогикалық ұжымды, пікірлестер ұжымына айналдыру
Физикалық дағдыны дамытуға арналған ойындар алаңын ұйымдастыру
Топтық жұмыс жасау
Нақты оқу тәрбие процесін талдау
Бағалау бетшесімен және ойын жеткізе білуге жүмыс
Теміршиева А
Сатыбалдиева А
Ұжымды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу
Топтық зерттеу жұмыстары бойынша пікіралмасу
Кәсіби құзыреттілігін арттыру
Кәсіби-құндылық бағдарлары мен сенімдерін дамыту
Байқауларға қатыстыру Дербисова Г
Калиева М
Имангазиева К
Педагогикалық ойлаудың заманауи
диалектикалық стилін, оның жүйелілігі, нақтылығы, икемділігі, үнемділігі сияқты
ерекшеліктерін дамыту;
Білім берудегі үздік әдістерімен тәжірибе алмасу ,педагог–сарапшы мамандар
Ундибаева Н
Жумагазиева А
іс-әрекетінде өзін-өзі реттеуге үйрету
Кез–келген процесті жүйелі жоспарлауға үйрету топпен пікір алмасу, тәржірибелерін тыңдау және талдау арқылы жұмыс
Білімін жетілдіру курстарына қатыстыру
Қажетіне қарай талдай отырып
Тәлімгелермен жас мамандар арасындағы байланысты нығайту
Жас маманның ұйымдастырылған іс–әрекетіне қатысу арқылы, кедергілерді анықтап, педагогикалық қолдау білдіру.
Бөбекжайдың кәсіби құзыреттілікті дамытуға арналған ортақ жоспарына сәйкес, мамандармен жұмыстандық. Педагогтардың дамытуды қажет ететін дағдысы бойынша, кемшіліктерді анықтаудың ең қарапайым әдісі «Дилт пирамидасындағы» сауалдарға жауап беру арқылы педагогтар кәсіби шеберлігін арттыру үшін жоспарға сәйкес әрекет еттік.Анықталған кемшіліктерді жою үшін, мақсат қойып, мақсатты орындауға бағытталған міндеттерді орындау үшін жасалған әрекет оң нәтижесін берді. Осы жұмыстар нәтижесінде жоспардағы байқауға қатысушы мамандар жүйелі жоспар арқасында жүлделі орындарға ие болса, педагогтар балалардың дағдысын дамытуға арналған пікір алмасу арқылы әдістемелік көмек алды.
Дербисова Г «Ханталапай» ұлттық «Әжем, анам және мен» байқауы
байқауы Имангазиева К
«Шебер әке, өнерлі ана, Физикалық дағдыны дамытуға
еңбекқор бала»
Калиева М арналған ойындар алаңын
ұйымдастыру
Топтық жұмыс жасау
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства и профессионального саморазвития : учебное пособие / С.Д. Якушева. – 3-е изд. М.: Неолит, 2017. – 416 с.2. Основы педагогического мастерства : учебник для студ.сред.учеб заведений С.Д.Якушева издательский центр «Академия» 2008 г, 256 стр.3. Смирнова, П.В. Повышение эффективности деятельностипредприятий на основе развития кадрового потенциала: дис. . канд. экон.наук: 08.00.05 / П.В. Смирнова. – М., 2019.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718