«Шет тілін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер»
Жанабергенова Медина Қурмангазыкызы
«Шет тілін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер»
Қазіргі таңда білім беруде мұғалімдерге аса зор жауапкершілік жүктеуде.Өзге тілді үйрену оқушылар үшін бастысы қызықты болуы мүмкін.Олардың сол тілге деген қызығушылығын ары қарай өрбіту тікелей ұстазға байланысты. «Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы» демекші ұстаз қолданған тәсіл оқушыны қызықтырып алға жетелейтін болса бұл нағыз керемет тіл игерушілерді дайындауға мүмкіндік береді.Өзге тілді оқыту арқылы біз оқушыларды еркін сөйлеуге қарым- қатынас жасауға үйретіп қана қоймай болашақта шет елдерге барса да өте көп пайдасын тигізері сөзсіз.Заманға сай көптеген жаңа технология әдістер арқылы үйренуге де болады.Сондықтан мұғалім жаңашыл заманауи өз ісінің маманы болуы керек.Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек. Санына емес сапасына назар аударған жөн. Және түрліше әдістер қолданылады.Әдістердің өзінің алар орындары бар және мұғалім оны мұқият өз орнымен қолдануы қажет.Мыс: Бізге берілген тақырыптардағы сөздіктерді жаттатудың да түрлі әдістері бар.Барлық бала бірдей оқуға ұмтылып тұрмайтыны бізге айқын.Қиын балалармен ерекше жұмыс жасап аса назар аударған жөн. Осы сәтте біз жаңа технологияларды қолдансақ интерактивті тақтадан (жануарлар тақырыбын өтіп жатқан болсақ ) жануарлардың суреттерін көрсетсек оқушылардың есте сақтау қабілеттері әлдеқайда жақсы болар еді деп ойлаймын.
Оқушыны сөйлеуге үйретуден бұрын тыңдалым әдісін қолдану керек.Оқушы неғұрлым сөздердің дұрыс айтылуын білсе сол арқылы дұрыс сөйлеуге үйренеді.Осы кезеңде диалогтық әдісті қолданып екі немесе одан көп адамдар арқылы үйренуге құлшынысы артады.
Оқылым арқылы оқушы сөздерді қайта қайта оқып жатығып айтылым дағдысын жақсартады және берер әсері зор.(кітап оқу немесе ағылшын тілінен газет журнал ертегі)барлығы біртіндеп өз пайдасын тигізеді деген ойдамын.
Айтылым ауызша естігенімен оқығанынан шығатын нәтиже десек те болады.
Ал көру әдісі бойынша есте сақтауы (фильмдер,мултьфилмдер бағдарламалар) жақсы болады.
1. Ауызша әдіс –Белгілі бір фактіге негізделген әдіс түрі үй жұмысын сұрауда қолданылатын әдіс.
2. Көрнекі әдісті –Қарастырылған мәліметке ықыласын көтеру және сол көрнекілік арқылы түсіндіру.
3. Практикалық әдіс –Оқушының қаншалықты меңгергенін анықтауға болатын әдіс
4. Іздену әдісі – өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады
5. Индуктивтік әдіс – Ойлау қабылетін дамытып қорытындылау үшін қолданылатын әдіс түрі
6. Өзіндік жұмыс әдісін – Өз бетінше жұмыс жасап тапсырма орындауға арналған
7. Ойын әдісі – қызықтырып оның логикалық ойлау қабілетін дамытатын әдіс түрі