Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу
Уалиева Жанаргул Муратовна
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: «Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу».
Мақсаты: Таңертең (таң) – тәулік бөлігімен таныстыру.
Міндеттері: Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен – кіші) және санына қарай (бір – көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Әр балаға жұмыс дәптері, бір жұмсақ ойыншық – аю, қара қарындаш, 3 аю бейнеленген сурет-карточка, аюлардың әрқайсысына 3-тен бал салынған бөшкелер.
Сөздік жұмыс: бірдей.
Билингвальді компонент: бірдей-поровну.
Ғажайып сәт. «Аю»
-Мен балабақшаға келе жатып, жолда мына аюды кездестірдім. Ол қонжықтарына бал салынған бөшкелердің жететін-жетпейтінін біліп беруді сұрайды.
-Қалай, оған көмектесеміз бе?
Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдайды.
-Иә.
«Жете ме» ойыны.
Балалардың назарын әрқайсысының үстелінде бейберекет жатқан үш аю бейнеленген сурет-карточкаға және екі бөшкесі бар тәрелкеге аударады.
-Суреттегі қонжықтар көңілсіздеу ме, қалай? Қонжықтарды немен қуантуға болады? Таптым, оларға бал салынған бөшкелерді сыйлайық, қонжықтардың бәріне бөшкелердің жеткенін тексеріп көрейік.
–Қонжықтардың әрқайсысына бал салынған бөшкенің жеткен-жетпегенін қайдан білеміз?
-Қонжықтарға бөшкелер жетті ме?
-Қайсысы көбірек – қонжықтар ма, әлде бал салынған бөшкелер ме?
-Олар бірдей болу үшін не істеу керек?
Тәрбиеші әрқайсысына тағы да бір-бір бөшкеден таратады.
-енді қанша бөшке болды?
-Қайсысы көбірек: қонжықтар ма, әлде бал салынған бөшкелер ме? Балалар қонжықтар бейнеленген карточкаларға назар аударады.
-Балы бар бөшкені қонжықтардың үстіне қою керек.
-Жоқ.
-Қонжықтар көбірек.
–Бал салынған тағы бір бөшке керек.
-Қонжық қанша болса, бөшке де сонша болды.
–Бірдей болды.
Сөздік жұмыс: бірдей.
Билингвальді компонент. Бірдей – поровну.
Сергіту сәті: «Қоян»
Ыршып-ыршып секіріп,
Қоян келді кеңкиіп.
Аяқтары жаураған,
Жылытпақ боп тырысты
Жүгірді де қуысты
Бір жоғары, бір төмен
Жүр аяқтың ұшымен
Секіреміз, отырамыз,
Аяқтарды жылытамыз.
«Қояндар қонақта» ойыны.
Жұмыс дәптеріндегі 15 – оқу іс-әрекеті, 1-тапсырма.
Тәрбиеші балалардың назарын қояндар бейнеленген суретке аударады.
-Қояндар не жегенді жақсы көреді?
-Сәбізді, орамжапырақты.
-Қайсысы көбірек: қояндар ма, сәбіздер ме?
-Сәбіз қанша болса, қояндар да сонша.
-Қояндардың бәріне сәбіз жете ме?
-Иә
Бұны тексеріп көрейік, әр қояннан сәбізге қарай жол салайық, сөйтіп оларды қонақ етейік.
Балалар сәбізден қоянға дейін жол салады.
Балалар тапсырманы орындайды.
«Моншақты жина» логикалық ойыны.
(15 – оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма)
Үлестірмелі материал – жапсырмалар.
Тәрбиеші балаларға жоғарыда көрсетілген моншақтар сияқты жіпке геометриялық фигуралардан тізу керектігін айтады.
-Моншақтарды қандай геометриялық фигуралардан жинадыңдар?
Геометриялық фигураларды төмендегі жіпке жапсырады.
-Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш.
-Аю сендерге оның қонжықтары үшін, балы бар бөшкелерді санап бергендерің үшін алғыс айтады. Аю балалармен қоштасады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718