Дүниежүзілік мұхит, оның бөліктері
Аманжолов Жәнібек Балтабекович
Сабақтың мақсаты:
Жаңаша оқыту мен тәрбиелеу жағдайындағы жүйелі жұмыстың үлгісі мен әдістерін жасау. Өзін – өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық – интеллектуалдық қабілеті жоғары, жаңашыл, қазіргі заман талабына сай, оқушылардың өзін – өзі дамыту, өз жұмыстарын ұйымдастыру, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Қызығушылықты ояту:
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, құралдарын тексеру
Психологиялық ахуал орнату : Үнемі бір-біріңізге жақсылып тілеп жүріңіздер
Топтастыру. Оқушыларды топтарға бөлу (теңіз,көл,өзен)
Су – түссіз, мөлдір, иісі – дәмі жоқ үнемі ағып жататын зат.
2) Табиғатта су сұйық, қатты, газ күйінде кездеседі.
3) Температура өзгергенде су бір күйден екінші күйге ауысады.
4) Адам ағзасының 70%- ы судан тұрады, су – тіршілік көзі.
Жердегі су. Планетамыздағы судың мөлшері 1616 млрд. км3 екендігін айтады. Олар Жер бетіндегі бүкіл судың мұхитттар мен теңіздерге 96, 5%, мұздықтар мен тұрақты қарларға – 1, 7% қатысты. Ал өзендер, көлдер, батпақтар және атмосферадағы суға тек қана 0, 06% ғана тиеді. Жер бетіндегі тұщы су 2, 5%. суды адам өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, күнделікті тұрмыста пайдаланады.
Дүниежүзілік мұхит бөліктері
Жер шарының үлкен бөлігін алып жатқан су айдыны – дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 361 млн км²
Дүниежүзілік мұхит 4 мұхиттан тұрады.
Ең үлкен, ең терең мұхит – Тынық мұхиты
Көлемі жөнінен екінші орындағы мұхит – Атлант мұхиты
Оңтүстік жарты шардың көп бөлігін ала орналасқан 3 – ші мұхит – Үнді мұхиты, Мұхиттардың ең кішісі – Солтүстік Мұзды мұхит.
Мұхиттардан суының қасиеттері, тіршілік дүниесі жөнінен айырмашылығы болатын бөлігін теңіздер деп атайды.
Теңіздер: Ішкі: Қара, Балтық, Жерорта
Сыртқы: Кар, Баренц, Жапон, Охот, Норвег, Саргасс
Шығанақ деп мұхиттың не теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігін айтады. Бұғаздар дегеніміз – екі жағынан материктер немесе аралдар жағаларымен шектелген енсіз су айдыны.
Картамен жұмыс: Шығанақ 18° с. е; 85 ш. б; Шығанақ 60°с. е; 85° б. б;
Түбек 65°с. е; 142° ш. б; Бұғазы 45° с. е; 15° ш. б;
Бұғазы 36° с. е; 7° б. б; Теңіз 18° с. е; 65° ш. б;
Гидросфера -…
Жер шарындағы судың…. мұхиттар мен теңіздердің үлесіне тиеді.
Мұздықтар мен тұрақты қарларға -…., жер асты суларына -…., өзен, көл, батпақтағы және атмосферадағы суларға -… тиесілі.
Су табиғатта 3 күйде…. кездеседі.
Су – тірі ағзаның құрамды бөлігі. Барлық….. 80 – 99%, ал…. 75%- ға жуығы судан тұрады.
Мұхиттардың бөліктерін…………,………………….,…………………. құрайды.
Теңіздер………………… және…………… деп бөлінеді.
Географиялық диктант:
Ең үлкен мұхит: Ең үлкен мұхиттың ең үлкен теңізі:
Ең үлкен шығанақ: Ең үлкен бұғаз:
Ең кіші мұхит: Ең терең бұғаз:
Ең терең шұңғыма: Ең ұзын бұғаз:
Ең тұзды теңіз: Ең жылы мұхит:
Жердің 1/3 бөлігін ————- мұхиты алып жатыр. Ол —– жағынан да ең үлкені. Бұл мұхиттағы температура ——————-. Мұхитта ең үлкен киттер өмір сүреді. Мұхит арқылы —— жолдары өтеді. Ауданы жағынан екінші орында —- мұхиты. Оның үлесіне балықтың ——– ауланады. Бұл ——— мұхитында теңіздер мен аралдар салыстырмалы түрде аз. Оңтүстігінде кит аулау шаруашылығы дамыған. Ең суық және суы тұшылауы —— мұхиты. Суының тұздылығы —–%. Бұл мұхитқа ірі ——————өзендері келіп құяды.
Экологиялық тәрбие : “Судың да сұрауы бар”.Әр-бір топ судың ластануы жайлы және оның алдын алу шаралары туралы баяндама жасайды.Сұрақтар беріледі.
Пікір талас орнату:
Табиғатта су (мұхит, көл, өзен, теңіз) неге таусылып қалмайды. Себебі?
Қорытынды
Бағалау
Үй тапсырмасы : Таұырыпты оқып,қосымша баяндама,рефераттар дайындап келу.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718