Тіл – алтын қазына

Тіл-әрбір елдің мақтанышы,  тірегі. Тіл болмаса бірде-бір елде болмас еді. Тіл-халықтың жаны, айнасы, мәдениет тірегі. Халықты мұратқа жеткізетін ана тілі мен салт-дәстүрі. Біздің ана тіліміз- қазақ тілі.
Тіл-тәуелсіздіктің көрінісі. Тілсіз-тәуелсіздік болмас еді, тәуелсіздіксіз-тіл болмас. Тіл-тәуелсіздікті алынбас қамал ретінде қорғайды. Тіл баға жетпес қазына. Оны сақтап, қорғау әрбір азаматтың борышы. Бірақ бұл мәселе қазіргі таңда ақсап тұр.
А.Байтұрсынов,М.Дулатұлы,Ә.Бөкейхан,
Ы.Алтынсарин аталарымыз осы қазақ тілді сақтап қалу үшін аянбай етіп, ана тілі үшін жан беруге дайын болды. Ал қазір сол аталарымыздың еңбегі ақталмады. Ащы болса да бұл шындық. Себебі өз жерінде, өз елінде тұрса да ана тілінде сөйлеуге ұялатын жастарымыз қоғамда аз емес. Біз айтамыз болашақ жастардың қолында,еліміздің тірегі жастар дейміз. Қазақ тілінде екі әріптің басын қосып сөйлей алмайтын  жастардан не үміт,не қайыр.Біз ондай жастарға елімізді қалайша аманаттай аламыз. Егер біз өз тіліміздің әлемдік сахнада өзіндік орынын болуын қаласақ онда біз қазірден бастап шаралар қолдануымыз қажет.Мысалы,балаларға арналған қазақ тілінде мультфильмдер түсіруге болады.  Қазіргі балалардың тілдері қазақ тілінде емес орыс тілінде шығып жатыр. Себебі орыс тіліндегі мультфильмдерді көргендіктен. Бұл біздің тіліміз үшін орны толмас залалға алып келуі мүмкін. Өйткені болашақ жастардың қолында. Ал егер олар ана тілінде сөйлей алмаса не үмір не қайыр. “Ел болам десең, бесігіңді түзе”демекші, балаларға жастайынан бастап ана тілінде сөйлеуге, оны құрметтеуге тәрбиелеуіміз қажет. Сонда ғана еліміздің болашағы айқын болмақ.
Қорытындылай әлемнің барлық тілін жетік білсеңде ана тіліне жететін тіл болмайды. Сондықтан өз ана тілімізді жоғалтып алмас үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Елміздің жарқын болашақта өмір сүргенің қаласақ ең алдымен ана тілімізді дамыту керек. Ол әрбір азаматтың өз қолында.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *