Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
Тәрбие сағатының тақырыбы:
Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, слайд,шарлар.
Түрі: танымдық кеш
Әдісі: .(«Таң қалмаңыз» телебағдарламасы желісінде өтеді)
Барысы: 1. Ұйымдастыру
Мемлекеттік Гимн
Мұғалімнің кіріспе сөзі
-Құндылық дегеніміз не?Баяндама.Отарбаева А
Хор:Тәуелсіз ел ұланы
Кешті екі жүргізуші бастайды
Жүргізушілер ортаға шығады.
1-жүргізуші:-Армысыздар, құрметті оқушылар, ардақты ұстаздар!Бүгінгі «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Менің елім — Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі.
2-жүргізуші:-Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет демекші. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де – біз боламыз.
1-жүргізуші:— «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті» деп Мағжан Жұмабаев атамыз жазғандай, бүгінгі оқушы – егеменді еліміздің ертеңгі болашағы екенін ескерсек, «осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті, ұлтжанды азаматтар шыға қояр ма екен? » деген ой көпшілігімізді толғандырады.
2-жүргізуші:-Дұрыс айтасың. Себебі, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі — ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп, өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады.Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Таң қалмаңыз» телебағдарламасы желісінде өтеді.
1-жүргізуші:–Ендеше болашақ ел тұтқаларын ортамызға шақырайық. «Жыр думанның» қонақтарын қарсы алайық. Келіңіздер, төрден орын алыңыздар.Тіл тарихы – ел тарихы, тіл тағдыры – ел тағдыры. Себебі, еліміз бен тіліміз болашақ үшін бірнеше тарихи бұралаңдар мен шатқалдардан адаспай, сүрінбей, ақыры мақсатына жетті деп жатамыз.Сіздердің тілге деген көзқарастарыңыз қандай? Бүгінгі «Жыр думанға» жырдан шашу шашсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді.
Ортаға «Жыр думанның» қонақтары шығады. Олар кезекпен өлеңдерін оқиды
1-оқушы.Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым — Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым — Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей — кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші — Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай — ақ кел — дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста,
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
2-оқушы. Туған тілім. Д. Әбілев
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
3-оқушы.Ана тілім. Несіпбек Айтұлы
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем.
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.
Туған анамды ұмытқаным емес пе,
Туған тілім,
Егер сені ұмытсам.
Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем,
Ақыл-ойым, айбатым-сен, күшім-сен!
Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ,
4-оқушы. Ана тілім,
Арыңа дақ түсірсем.
Ағытатын тасқын ойдың тиегін,
Өзің ғана сыйынатын киелім!
Ризамын отқа жанып сен үшін,
Күлге айналып кетсін мейлі сүйегім.
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ана тілім,
Алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым,
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!
5-оқушы: Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
6-оқушы: Көк байрағым, ар-намысым жігерім,
Әнұраным қайрат күшім тірегім.
Елтаңба бүкіл елдің тарихы,
Тұрмыс салтым, тағы сонда білемін
7-оқушы: Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар ,ата – жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.
Иманғали.Біз қазақ баласы
1-жүргізуші:-Рахмет сіздерге. Жырдан шашу шаштыңыздар. Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері, ырымдары көп. Қазақ «қазақ» деген атпен осы күнге дейін қазақи салт-дәстүрлерімен, ырымдарымен, той-мереке, тағы басқа жол-жосындарымен талай елді таңқалдырып келеді. Ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңарту ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында. Қазақтың салт-дәстүрлеріне шолу жасасақ.
2-жүргізуші:- Ұлтымыздан, ата-бабамыздан бізге не қалған? Ата-бабамыз 3,5,7 сандарын киелі санаған.Ендеше,осы сандар туралы не білемізекен?
Қане, айтып көрейік.
8-оқушы:
Сырым Датұлының айтуы бойынша үш көз:
Су анасы – бұлақ
Жол анасы – тұяқ
Сөз анасы –құлақ
Әнет Бабаның айтуы бойынша үш арсыз:
Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
Үш қуаныш: 1.Алғыс алу. 2. Өзіңді көптің іздеуі. 3. Ісіңнің өшпеуі
Үш тәтті Қалаулы
- Жан тәтті
- Мал тәтті
- Жар тәтті
Бес қару: Айбалта, найза, қылыш, садақ, мылтық.
9-оқушы.Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба»өлеңінен мысал келтіретін болсам:
Бес ақыл, бес дұшпан
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге қашық бол,
Адам болам десеңіз…
Еріншек, бекер мал шашпақ—
Бес дұшпаның білсеңіз
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой—
Бес асыл іс көнсеңіз.
10-оқушы:
Жеті жетекші:
Адамның басшысы – ақыл
Жетекшісі – талап
Жолаушысы – ой
Жолдасы – кәсіп
Қорғаны – сабыр
Қорғаушысы – мінез
Сынаушысы – халық
11-оқушы. Жеті ата:
Жеті қазына:
Ер жігіт
Сұлу әйел
Ақыл, білім.
Жүйрік ат
Қыран бүркіт
Берен мылтық
Құмай тазы (ит)
12-оқушы:
Жеті жетім:
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса сол жетім.
13-оқушы.Мұқағали Мақатаев
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен…
1-жүргізуші: Рахмет сіздерге, бізге көптеген мағлұматтар бердіңіз.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне мән беріп, оның ырым – тыйымдарын , салт – дәстүрін ерекше сақтаған. Ырым – жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалатын әрекет. Ал, тыйым рәсімдері жас ұрпақты , үлкендерді сыйлауға , табиғатты қорғауға, әдепті болуға , қарапайымдылыққа , инабаттылыққа баулиды. Халқымыздың әдет – ғұрпын , салт- санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындай білу – әрбір перзенттің борышы . Ол – мәдениеттің белгісі.
2-жүргізуші:- Ұлтымыздан, ата-бабамыздан қалған тыйым сөздерге кезек берсек
14-оқушы: Дастарқанды баспа.
Үйді айнала жүгірме.
Тізеңді құшақтама
Құстың ұясын бұзба
Жұрт көзінше кекірме , керілме.
15-оқушы.Қазақ ырымдары:
Ит ұлыса, жамандық болады.
Баланың желкесінен сүйсе, қырсық болады.
Қазақ үйіне келген адамға дәм таттырып шығарады.
Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды .
16-оқушы Тыйым сөздер:
Босағаны керме , құшақтама.
Жұлдызды , адамды санама .
Тұзды , күлді шашпа.
Бейуақытта жылама, ұйықтама .
Жағыңды таянба т.б.
17-оқушы.Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар, оқушылар үшін ереже болып табылады. Халық өзінің осы ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп, дұрыс жолға салған, қателігін бетіне басқан.
1. Бүйіріңді таянба, таяққа сүйенбе – бұлар жаман әдеттер.
2. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба.
3. Үйге қарай жүгірме. Осы айтылған тыйым сөздерді – ырымдарды ұмытпай бір – бірлеріңе айтып жүріңдер және оларды орындап жүруді әдетке айналдырыңдар.
1-жүргізуші.Халқымыздың ұлттық киімдерінің түрлері өте көп. Кең байтақ даламыздың табиғатына, ауа райына байланысты киім түрлерінде де ерекшеліктер бар. Дәстүрлі ұлттық киімдер іштік, сырттық, сулық, бір киер, жыл мезгіліне, жас ерекшелігіне қарай ер, әйел, бала киімі болып бөлінеді. Күнделікті киімдер қарапайым, ыңғайлы тігілсе, жиын – тойға арналған түрлері одан күрделі әрі сәнді етіліп, нәзік талғаммен інжу – маржан, меруерт, ақық, шыны моншақтармен әшекейленіп, жібек, алтын, күміс жіптермен кестеленіпті. Қазақ даласына Ұлы Жібек жолындағы керуендер арқылы әкелінген пүліш, атлас, барша және басқа матадан тігілген сәнді киімдер қыз – келіншектердің келбетіне көрік қосса керек.
2-жүргізуші. Қазақ халқының ұлттық сырт киімдері өздерінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен жүріп тұруға ыңғайлылығымен ерекшеленеді.Сырт киімдер ерекшеліктеріне қарай ажыратылады.
Ұлттық киімдер ерлер, әйелдер және балалар киімі болып бөлінеді.
1.Ерлер бас киімітақия, бөрік, тымақ,донбағай айырқалпақ.(айырмашылық түсінде, ою өрнегінде болған).Тақия, бөрік, ерлерде әйелдерде кездеседі.
2.Қыз келіншектердің бас киімдері.бөрік , тақия, саукеле желек, кимешек, шылауыш күндік, жаулық болған.Қыздардың бурымдарының өрімдерінде көп ерекшелік болған, қыздарға жалаңбас жүруге болады,олар бұрымдарын әсемдеп өруге баулардың небір түрлерін тағуға әуестенген 3-4-10 бурымға дейін өрген.Ерге шыққан әйелдер екі бурым етіп өрген және жалаң жүрмеген.
Келесі кезекте ұлттық киімдерімізге кезек берсек.
18-оқушы..Ұлтық киімнің шығу тарихы
Қазақ халқының ұлттық киімінің шығу тарихы ол қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне халықтың тарихымен мәдениетіне тығыз байланысты болды.Ұлттық киімдерден олардың әшекейін және салт дәстүрлерін тұрған ортасына қарай ұлттық мәндерді көруге болады.Киімге қарап халықтың қал жағдайын тұрмысын аңғару қиын емес.Әсіресе қазақтың ұлттық бас киімдеріне қарап олардың жас ерекшелігін өскен ортасын әл ауқатын айыру қиын емес.Қазақ ұлтық киімінің түрлерін,үлгісін,өрнек мәндерін ғылыми тұрғыдан зертеу улы қазан төңкерісінің желісінен кейн қазақ халқының өз алдына мемлекет құрған кеңес дәуірінде ғана кең өріс алды.
Қазақ ұлттық киімінің қызылды -жасылды әшекейінен халықтық эстетикалық талғамын аңғаруға болады.
.
Нұрасыл.Иықтық киімдер: Сырт киімдер Камзол, шапан,тон, ішік тайжақы
а) Құлын терісінен тігілген топ- жарғақ тон
ә) Ешкі терісінің ұзын қылшығын қиып тастап түбін қалдырады- қылқа жарғақ топ
Жанат ішік- жанат терісінен жасалған
Түлкі ішік- қара түлкі терісінен
Түкті жібектен тысталған былғары ішік қалыңдықтың жасауының ең қымбатты бағалы бұйымдардың бірі болған бұл бұйым” бас тон” деп аталады.Теріден сырт киім тігілген оның жалпы атауын «той» деп атаған.Аң терісінен жасалған сырт киімді «ішік» деп атаған.Ешкі терісінен күдері келеді шапан, жеңіл шекпендер, шалбарлар тікті.Ешкі терісі жұмсақ әрі жауын шашынға төзімді.Қой жүнімен түйе жүнінен шекпен тіккен.
Камзол -көйлектің сыртынан киетін жеңіл жеңсіз ,әрі жеңі бар сырт киім, оңтістік қазақары солтүстікке қарағанда жеңсіз жеңіл әрі ашық , қанық түстерден тігілген майда шымқай кестемен кестеленген камзолдар киген солтүстік қазақтарының камзолдары жеңі ұзын,тізеден түсетін қалыңдау тігілген көбіне суық түстермен әрленген күміс алтын тенгелерімен көмкерілген камзол бөлшекттер киген.
Шапан: Ерлер де әйелдерде киілген
Айжұлдыз.Көйлек:Әр аймақта әр түрлі киім тігіледі.Бойжеткен қыздың көйлегі келіншектің киімінен және жасы ұлғайған әйел киімінен айырмашылығы болды.Оңтүстік бойжеткендері басқа жаққа қарағанда қатпарлы жаңа көйлектер киген кейде желбіршек орнына белдемшелер киді.Киімдер үйге киюге арналған және сән салтанатқа арналған болып бөлінеді.Көбінде сән салтанатқа арналған киімдер өте сәнді, әр түрлі желбезектермен сәнделген ашық ақ түстен киген.
Аружан.Аяқ киім; Кебіс, мәсі, шаңқойма етік киген қыз келіншектердің етіктерінің өкшесі сәл биіктеу болған және ою өрнектермен әшекейленіп аң терілерімен тігілген.
Ерлер аяқ киімі:Кебіс, мәсі сантама етік, кең етік, тас кебіс.
Белдік киімдер :домбыл шалбар бұл әйел киімінен бір бөлігі болып есептеледі.
шалбар:сырт киім әйелдер көбне аттың үстінде жүрген күн суық күндері ауа райына байланысты киілген.Шалбар ерлердің негізгі киім бөлігі болып есептелген.
Айнара.Киімге байланысты ою өрнектердің түрлері?
Тарихи ғылыми деректерге жүгінсек қазақ халқының ою- өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып өзіне тән белгілі бір жүйеге келген қапысыз танып едік, бұған дәлел қазақтың алғашқы ою- өрнек үлгілерімен Андропов,сақ әуес үсін мәдени мұраларынан ұшыратқанымызды айтсақта жеткілікті.Қазақта ою- өрнектер үлкен негізгі төрт топқа бөліненді.
Жануартектес
Өсімдіктектес
Геометрия
Аспан әлемі тектес
Ою- өрнек өнері белгілі бір халықтың тұма ерекшеліктері сол халықтың бейнелеу әсемдікті қабылдау мәдениетінің басты белгілерімен ,ұлттық қол таңбаларымен тікелей сабақтасып жатады.Мысалы; Саз балшықтан жасалған құмыраларда геометриялы ою өрнектермен бейнеленген, тұрмыс тіршілікте қолданылатын заттарға космогониялық, геометриялы және жануар тектес аңдардың, құстардың реалдық және мифтік суретін бейнелеген.
1-жүргізуші. Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала, баланы бесікке бөлеу, дәстүрін атадан балаға жеткізу. Бесік салу рәсімін тамашалаңыздар.Бесікке салу рәсімін мектебіміздің ардагер ұстазы Рашида апайымызды ортаға шақырамыз.
Қыздар тобы би:Кербез сұлулар биі.
Ұлдар тобы би: Алаш
Қыздар тобы би: Ерке сылқым биі
Хор:Қазақстаным.
Хор:Туған жер.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718