Білімді жастар – ұлт болашағы

 

«Терең білімін озық тәжірибемен ұштастыра білген азаматтар елімізді алға жетелейді»,-деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, мына біз, жастардың оқуда озат, әлем жаңалыктарынан құлағдар, дамыған елдер қатарында көш түзейтін елі үшін барын салуы бізге артылған міндет деп білеміз. Ол үшін әрқайсымыздың дұрыс тандау жасап, болашаққа деген нық кадам басуымыз қажет. Біздің максатка жетер жолымызда тұрған ең манызды таңдау – мамандық тандау деп білеміз. Қазакстан Республикасындағы жоғары оқу орындары әлемдік тәжірибеге сүйеніп , оқу жүйесінің өзіндік ерекшеліктерімен айрықшаланатын, үздік университет атануға лайык екені баршамызға белгілі. Осы орайда, еліміздің алдынғы қатарлы, әлемдік үздік университеттерінің қатарына кірген әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін ерекше атап өткеп орынды. Жаңа ғасырға қол созып, көш түзеген сайын әсері мол саяси, әлеуметтік, мәдени жаңалыктар мен экономикалық өзгерістердіңде орын алуына толық көз жеткізіп жүрміз.

Өркениетті, дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алу ушін алдымен мәдени құндылықтармызды және діни сауатымызды арттыру манызды. Осыған орай, әлемдік мәдени құндылықтар үлгісімен алмасып, еліміздің мәдени әлеуетінің жоғарылауына өзіндік үлес қосып, білікті мамандар даярлауда университетіміздегі Философия және саясаттану факультетіндегі дінтану және мәдениеттану кафедрасы жылдар бойы үлес қосып келеді. Кафедрамыздың білімі мен сапалық көрсеткішін арттыруда аянбай қызмет етіп келе жатқан кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор  Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызының еңбегі орасан зор. Университет деңгейінде үздік нәтижелер мен үлгілі жетістіктер керсетіп жүрген «Мәдениеттану» мамандығына ерекше тоқталып өткім келеді. Осы мәдениеттану мамандығының 1 кур доктаранты ретінде ғылыми жетекшім философия ғылымдарының докторы, профессор Исмагамбетова Зухра Нұрланқызының жетекшілімен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін. Өткен тарихымыз бен қазіргі өркенитімізді кезеңдермен ұштастырған мәдениетіміздің орны ерекше. Көптеген зерттеулер мен ізденуді талап ететін бұл мамандық болашақ жастардың рухани , мәдени қызығушылықтарын арттыруға өз үлесіңізді қосамын десеңіз жол ашық. Осы талапқа сай үздіксіз ізденіспен үлгілі кызмет көрсетіп келе жаткан «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының ұжымы тәжірбиелі, жоғары санатты, білікті оқытушы мамандардан құралған. Сонымен қатар, кафедраның қызметі басқа кафедралардың, факультеттердің, жалпы университеттің ұжымымен тығыз байланысты және еліміздің бүкіл ғылыми қоғамдастығымен тығыз байланысты.

«Мәдениттау» мамандығы түлегін жұмысқа орналастырудың мүмкіндігі өте үлкен: олар мәдениет және спорт минстрлігі өкілі, жалпы және орта кәсіптік білім беру оқу орындарының мәдениеттану оқытушысы, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органының арнайы құрылым қызметкері, референт, сараптамашы, ұйымның мәдени-ағартушылық қызметкері, БАҚ жүйесінде мәдени үрдістерді шолушы, мәдени құндылықтарды бағалау бойынша сараптамашы, мәдени жұмыстар аймағының консультанты, имиджеолог, қоғамдық байланыстар маманы, мәдени саясат жөніндегі маманы бола алады.

Ертеңгі болашағына нық сеніммен қарап, анық қадам басуына мәдени-саяси реформаларды қоғам мүдедесі үшін дамытуға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің алдыңғы қатарлы сап түзеген  Филисофия және саясаттану факультетінің  «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының есігі баршаңызға ашық!

 

 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Филисофия және саясаттану факультетінің

мәдениеттану  мамандығының 2 курс доктаранты

Нарымбаев Қуандық Датхайбайұлы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *