Мен таныған жазушы

Гульнар Абдикаримова

Қазақ халқы тарихы ерте заманнан бастау алғаннан кейін,қазақ әдебиеті-қазіргі адамзат баласы үшін баға жетпес байлық.Қазақстанымыздың өркендеп өсуіне өз үлесін қосқан ақын,драмашы,лирик Ілияс атамыздың өмірбаянын,шығармашылық жолын өз шығармамда бөліскім келіп отыр.
Сонау ежелгі қазақ тарихынан бастайтындай Ілияс атамыздың қазақ әдебиетіндегі орны қандай?деген сұрақ бәрінің көкейінде шығар,сірә?Ілияс бабамыздың шығармашылығы біз үшін бәрінен де бағалы Қазақ әдебиетінде поэзия,проза,драма саласында атқарған қызметі ұшан-теңіз.Шығармаларындағы тақырып өрістері жанды тебірентеді.Себебі,әр шығармасы шынайы оқиғаға негізделді.Және әр шығармасының астарында үлкен шындық жатты.Қаламгер өзін бір салада ғана көрсетпегені өскелең ұрпақ үшін қуантарлық жайт.Өзін әртүрлі салада сынап,халық қамы,ел тағдыры деп,өзінің қайсарлығы мен жанашырлығын да көрсете білді.Ақын қандай қызмет атқарса да,қандай дәрежеде болса да,өзінің адами болмысын жоғалтпағаны қазақ халқы үшін үлкен мақтаныш.
Ақынның өмірбаяны мен шығармалары әлі күнге дейін зерттеліп жатқаны мені қуантады.
Өз ойымды қорытындылай келе,Ілияс атамыз қазақ халқы үшін ұлы тұлға.Ұлы тұлғамызды ешқашан ұмытпай,шығармаларын жатқа білуіміз керек.Қазіргі таңда Ілияс атамыздың өмірбаянымен танысамын деген әр қазақ үшін керемет мүмкіндіктер жасалғанын айтпай кету мүмкін емес.Талдықорған қаласында Ілияс атамыздың әдеби музейі бар.Ол музей Ілияс атамыздың өмір жолын танып білу үшін үлкен мүмкіндік.Ең қуантарлығы Талдықорған қаласында Ілияс Жансүгіров атындағы университеттің бар болғаны.Ол университетте әр білім алушы Ілияс атамыз туралы жетік біледі.Себебі,университетте Ілиястану пәні енгізілген.Бұл қазақ халқы үшін баға жетпес байлық.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *