Ыдыстар әлемі

Мақсаты:
• Баланы ыдыстармен таныстыру;ыдыстармен дұрыс, өз бетімен қолдануға үйрету; қоршаған әлем заттарымен таныстыру;
• Сөйлеу тілін түсінуін дамыту; таным әрекетін дамыту;кеңістікті бағдарлау; ойын әрекетін дамыту;ұсақ моторикасын дамыту;
• Сабаққа деген қызығушылығын арттыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақ барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
1 Кіріспе
– «Сәлемдесу» Тренинг

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз бір дем алайық.

II Дидактикалық материал
1 Ыдыстардымен таныстыру үшін “көлеңке” әдісін пайдаланамыз. Суретте қандай заттың көлеңкесін көріп тұрмыз. Осыған ұқсас зат көргенсіңдер ма? Атауын бірге қайталайық.

«қасық», «кесе», «тәрелке»
2 Суретпен жұмыс

Суретте ақ дастарханда не көріп тұрмыз. Бақытты отбасы тамақ ішіп отыр.

Неше қасық көріп отырмыз?

Түстері қандай?

Көлемі қандай?

Қасық үлкен бе ?әлде кіші ме?Немесе тең бе?

Балалардың сөйлеу қабілетін жақсарту.
Мынау кесе, қасық, тәрелке.
ІІІ Дидактикалық ойын: «Қуыршақты тамақтандыр?»
Мынау қуыршақтың атын кім деп қойсақ болады? Бұл қуыршаққа Мадина деп атау берсек бола ма?, Мадинаның  тамақ ішкісі келіп тұр.
Ыдыстарды пайдалана отырып, қуыршакты тамақтандыр.
Мынау не?
Кесемен не істейміз?
IV Сергіту сәті
А———–, О——–, У———-, И————.
V Нұсқауларды орындау
Маған қасықты көрсет
Қуыршақ қайда? Маған бер.
Тәрелкені алып, маған бер.
Қасықты дұрыс қолына ұста.
VІ Ойын «Ретімен сал» (6 сақиналы пирамида).
Пирамида жинау
Сен не істеп отырсың?
Мынау Не?
Үлкен сақинасы қайда?
Кіші сақинасын алып, маған бер.
Ретімен дұрыс жина.
VІІ Қорытынды бөлімі
Қорыту
Біз сабақта не істедік?
Ыдыстарды орнына жина?
Мынау не?
Қандай ыдыстар білесің?

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *