I дыбысы және әрпі

Иманқұлова Айтолқын Сәтбайқызы

Көркем жазу

Сабақтың тақырыбы: I дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. I дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; сөзге дыбыстық талдау жасату; оқуға, жазуға жаттықтыру 2. оқушылардың сөздік қорын, тілін дамыту. 3. Өз ана тілін елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, суретті үлгі бойынша кітаптың ішіктің, түлкінің, ілгіштің суреті, текшелер.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа даярлығын тексеру.

  1. Өткен сабақты қайталау.
  2. Өтілген дыбыстарды кеспе әліппеден тапқызу.
  3. Қала, жан, ана, ата т.б. сөздерді кеспе әріптермен жазғызып, буынға бөлгізу.

III. Жаңа сабақ.

Кеспе әріптен і әрпін көрсете отырып, өлең шумағын оқу. Жалғыз таяқ боп тұр, Төбесінде доп тұр. Бұл не?

Бұл і дыбысы деп, әріп таңбаларын көрсету. Айтылу артикуляциясына мән беру.

– I дыбысы жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма?

– Дұрыс. Айтылуына қарай қандай дыбыс дейміз?

– Көрдіңдер ме, дауысты дыбыс екі түрлі айтылады екен. Айталық ы дыбысы жуан дауысты, і десек жінішке дауыспен айтамыз.

Сондықтан да дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып екіге бөлінеді. Мысалы: ы-і, ү-ү, а-ә, о-ө.

  1. Сергіту сәті

Жел соқты гу-гу

Жаңбыр жауды тырс-тырс.

Жаңбыр басталды.

Күн ашылды.

  1. Сурет бойынша жұмыс.

Тақтаға кітап, ілгіш, ішік, түлкі суреттері ілінеді. Сөйлем құрастыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Мысалы: ілгіш       і-дауысты дыбыс, қызыл.

л-дауыссыз дыбыс, көк

г-дауыссыз дыбыс, көк

і-дауысты дыбыс, кызыл

ш-дауыссыз

дыбыс, көк – текшемен белгілейміз.

  • Қане, бәріміз хормен оқиық ілгіш

Енді сөзді буынға бөліп оқиық. іл-гіш.

  1. Өз бетінше жұмыс жүргізу

–  Кеспе әліпелеріңе тіл, кітап сөзін жазыңдар. Оқушыларға аз ана тілінің қадір қасиеті, кітап жайлы түсінік беру.

VII.  Мақалмен таныстырып, бірін жаттатқызу.

Кітап – білім бұлағы.

VIII.  Жазу жұмысы.

І-нің үлкен, кіші әрпін жаздыру. Ін, тіл, тіс сөздерін жазғызу.

  1. Сергіту сәті

Кі-кі-кі – бұлаңдайды түлкі.

  1. Оқулықпен жұмыс.
  2. “Әріп тастамақ” ойыны

Ойынның шарты: 7-8 балаға бір-бірден әріп таңбасын таратады. Оқушы өз қолындағы әрпіне сай сөз ойлап табады айтады.

XII.  Үйге тапсырма:

  1. Дәптердегі жазуды аяқтау.
  2. Тіл. кітап туралы мақал-мәтел жаттау.

XIII.  Бағалау.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *