Туған елім

Туған ел – кіндік қаным тамған жерім,

Өзен-көл, асқар тауың, жазық белің.

Ауасы саф алтындай, суы зәмзәм,

Тамсана кім жырламас туған жерін!

 

Жаманның да, жақсының да панасы,

Жанарымның ағы мен қарасы.

Қымбат маған әр талың жайқала өскен,

Қазынасың өлшенбейтін бағасы.

 

Қызылорда, Сыр елі – өз елімсің,

Қорқыт баба, Әйтеке би мекенісің

Ризамын  дүниеге есігін ашқаныма

Маңдайдағы бақытым екі елісің.

 

Сағынышым сарғайған сары күздей

Сағынамын туған жер, сені үзбей

Болса- дағы  мекенім  сұлу, көркем,

Табылмас маған Отан мына сіздей!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *