Инклюзивті білім беру – болашақтың кепілі

Жақанова Қарлығаш Абылайқызы

Қазіргі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл- ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Білім алуда әр оқушының өз қабілеті әрі өзіндік ерекшеліктері бар. Нақтылайтын болсақ, тәр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы әртүрлі деңгейде. Осы орайда Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру үдерісіне енгізу, олар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету тетіктері белгіленген болатын. Бұл жайында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев « Қазақстандық жол 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болшақ» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналу тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуі керек. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз. Білім беру мекемесінің ортасы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардыңқажеттілігіне бейімделуі тиіс, «кедергісіз» болуы керек, өйткені мүгедек балалардың толыққанды кірігуін қамтамасыз етуі қажет»,- деп атап өткен еді.

Инклюзивті білім беру- барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай,балаларды айыратын кедергілерді жоюға,ата- аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу- педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Яғни, инклюзивті білім беруде оқушылардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық оқушыларға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сондай- ақ оқытудың ерекше қажеттілігі бар оқушыларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Нағыз инклюзия білім берудің екі жүйесін: жалпы және арнаулы жүйелерді бір- біріне қарама- қайшы қоймай, керісінше жақындатады.

Ел ордамыздың төрінде орналасқан №65 мектеп-гимназиясы- еліміздің инклюзивті білім беретін бірден- бір білім ордасы. Бұл- коррекциялық педагогиканың ұлттық ғылыми-тәжірбиелік орталығының эксперименттік аумағы. Аталмыш мектепте есту қабілеті және де басқа мүмкіндігі шектеулі оқушылар білім алуда. Жалпы мүмкіндігі мектебімізде 2500- дей оқушы білім алса, олардың 83-і  мүмкіндігі шектеулі оқушылар. Олардың білім алуларына барынша жағдай жасалған. Атап айтар болсақ, «шектеусіз орта», оқу сыныптарының материалды- техникалық жабдықталуы, коррекциалау және реабилитациалауіс- шаралары оқушыларымыз үшін қызмет жасауда.  Интерактивті сыныптардағы оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде мүмкіндігі шектеулі балалардың спецификасы ескеріледі және осыған негізделе отырып «қалыпты» балаларды оқытумен үйлестіру бағдарламасы дайындалған. Мектебіміздің сабақ кестесі жалпы білім беретін нормативтік- құқықтық актілерге сәйкес келеді. Инклюзивті сыныптарға сабақ беретін ұстаздар  арнайы күнтізбелік- тақырыптық жоспар, олардың үлгерімі мен қабілеттеріне қарай уақыт көлемі де өзгеріп отырады. Координаторымыз ТоишиеваЛяззатЖұмадүллақызы да мұғалімдердің  сапалы білім беруін қадағалап,  мүмкіндігі шектеулі балаларға тиісті жағдайлар жасап отырады. Дамуында артта қалушылықтары бар балалар үшін олардың материалды  қабылдау ерекшеліктерімен  байланысты сәл көбірек мән беріледі. Алайда бұл жалпы білім беру үрдісі мен басқа оқушылардың білім игеруіне әсер етпейді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *