Жас кәсіпкерлер үшін «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы»ЖҚ ұйымының бастауымен бизнес саласындағы өзгеріс!
2023 жылдың наурыз айынан бастап «Жастар Рухы»ЖҚ ұйымы жас кәсіпкерлерге 2,5% жыл мөлшері бар микрокредиттерді ұсынып отыр. Кредитті рәсімдей отырып, жас кәсіпкерлер өздерінің жаңадан құрылған істеріне қолдау таба алады.
Микрокредиттер еліміздің 21-35 жас аралығын қамтитын кәсіпкерлерге арналады. Микрокредиттерді берудегі негізгі бір шарт — ол жаңа кәсіптің ашылғанына 5 жылдан аспау қажет. Сондай-ақ, микрокредитті алу үшін қандай да бір нақты бизнестің түрі болуы шарт емес, яғни барлық бизнес түрлеріне беріледі. Микрокредиттің ең ұзақ мерзімі: кез келген сала бойынша 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейін уақыт беріледі.
Несиенің бұл түрін алу үшін ең алдымен сізде кепіл болуы қажет ( жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті жатқыза аламыз) немесе кепіл берушіңіз (ата-анаңыз, туған-туыстарыңыз) болуы тиіс.
Микрокредит жайлы толық ақпаратты өзіңіз тұратын аймақтың @KAZAGRO_KZ филиалдарынан немесе 5353 call орталығынан ала аласыз.
Жас кәсіпкерлер «Жастар Рухы»ЖҚ ұйымының бастамасымен басталған бұл мүмкіндік жіберіп алмаңыздар!