Мен + сен = біз
Серикбаева Клара Тогамысовна
Мақсаты: бір-бірімен біріге отырып,ұйымшылдықпен, ауызбіршілікпен табысқа бірге жетуге ұмтылу.
Әдіс-тәсілі: әңгімелесу, ой тастау, пікір жалғастыру, ойын
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, қарындаш, доп
- Менің атым…… мен осылай жасағанды ұнатамын. Танысу, қобалжуды жою.(Аттарын атап, өзіне ұнаған кез-келген қимылды жасайды)
- Орын алмасу. Қимыл –қозғалыс арқылы сергу. (кез келген сөзді айтып соған сәйкес келген адамдар бір-бірімен орын алмасады. Мысалы: төрт баласы барлар орын алмассын т.с.с, орын жетпей қалған адам жүргізуші болып ойынды жалғастырады.
- Сөйлейтін қолдар ішкі сезімдер арқылы жақындасу (екі шеңбер жасалады, ішкі және сыртқы бір-біріне қарама-қарсы тұрады, сөйлемей қолдарымен ғана қимыл жасайды) Қолдарыңызбен амандық сұрасыңыздар;
Қолдарыңызбен күресіңіздер;
Қолдарыңызбен достасыңыздар;
Қолдарыңызбен көмектесіңіздер;
Қолдарыңызбен аяушылық білдіріңіздер;
Қолдарыңызбен қуанышты бөлісіңіздер;
Қолдарыңызбен сәттілік тілеңіздер;
Қолдарыңызбен қоштасыңыздар; (талқылау: нені жасау қиын болды?)
- Релаксация 7 шырақ. (Музыка қосылады,орындыққа жайланып отырып, денелерін бос ұстап, еркін сезінеміз. Алдымызда бір метр қашықтықта 7 шырақ жанып тұр. Аузымызға ауаны кең жұтып бірінші шырақты сөндіреміз, солайша барлық шырақтарды сөндіріп шығамыз.
- Кім жылдам? бірлесіп қимыл-әрекет жасау (екі командаға бөлініп, айтылған пішінді үнсіз жасау қажет. Мыс: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, әріп, сан т.б). Талқылау Қай пішінді жасау қиынға соқты? Дұрыс жасауға не көмектесті?
- Біз ұқсаспыз (агрессияны шығаруға арналған: бір-біріне допты лақтырып, ұқсастықтарын айтады. Мысалы: Біз екуміз ұқсаспыз, өйткені бір ғаламшарда өмір сүріп, бір ұжымда жұмыс жасаймыз)
- Тек қана бірге агрессияны шығаруға арналған жаттығу(екеуден жұптасып, арқаларын түйістіреді және жәйімен отырып, тұрады. Жұптарын алмастырады. Кіммен жұптасқанда отырып тұру оңай болды?)
- Қарындашты жеткіз (қарым-қатынас икемділігін дамыту) екі адам қатарласып тұрып жерде жатқан қарындашты сұқ саусағымен екінші адамға береді және межелі жерді айналып келулері керек.
- Рефлексия. «Біз тобымызға не сыйлай аламыз?». Мен өз тобыма ауызбіршілік пен сенімділік сыйлар едім. (жалғасып кете береді)
Қорытындылау
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718