Кіріктірілген оқу қызметі “Ертегілер еліне саяхат “

Акоразова Эльмира Сембаевна Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты: Балаларға  ертегінің желісін, мазмұнын түсіндіру, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту, тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы жауапкершілікке, табандылыққа және балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Міндеттер:

Білімділігі: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге, ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылығы: Балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, сахналық көрініс бойынша рөлді жауапкершілікпен ойнауға үйрету.

Тәрбиелілік: Балаларды бірлікке, қамқорлыққа, достыққа тәрбиелеу.

Залға кіру. Амандасу.

Жүргізуші: – Балалар сіздер ертегіні жақсы көресіздерме?

-Иә

Ондай болса ертегілер еліне саяхаттап келейік (Әуен қойылады).

(Ақшақардың  дауысы)

«Көмектесіңдер, көмектесіңдер! Достар мен Ақшақармын.                                                                   Мені ертегілер еліндегі Мыстан кемпір сиқырлап тастады. Балалар маған сендердің көмектерің қажет. Көктем  мезгілі болса  жақындап қалды, мен еріп кететін болдым. Сиқырдан құтқарыңдааааар»

Мыстан кемпір: Ха-ха-ха, Неге жиналдыңдар?

А-а-а қап бәлем, білем,білем.

Сендер Ақшақарды құтқармақшысыңдарғой?

Көктем болмақ, жаз келседе, мен оны жібермеймін. Ха-ха-ха…Жоқ жоқ сендер мені алдаймын деп ойламаңдар! Ақшақарды құтқару үшін  сендерге  бірдеңе ойластырып қоюым керек. Ммммм , сонымен не ойластырсам екен. Сендерді де біраз қинап алуым керек қой. Аааа  таптым таптым, ендеше  алдымен менің тапсырмамды дұрыс орындауларың керек, сол кезде ғана Ақшақарды босатамын, ха-ха-ха .  Дайынсыңдарма? Ааааа

Менің тапсырмаларым үйшігімде.

Үйшігім қайдасың, үйшік  ортаға кел, кел. (Үйшік келеді.Үйшікті еркелетеді Мыстан)

Мыстан кемпір:Үйшігім мына балаларға ең қиын тапсырмаларды бер, жарайма! (Үйшік отырып тұрғанда жұмыртқа түседі)

1-тапсырма «Сауат ашу » бойынша

(үйшік жұмыртқа салады, онда бір тапсырма бар)

Д/о «Сөз құра» ана, ата, әке, ел, ән,

Мыстан: ой бұл оңай болған сияқты, мен қазір тапсырманы қиындатайын.

Қазір, қазір… Отан, бала, дала. Бұлар бәрін біледі. Тұра тұрың мен әлі сендерге тапсырманы қиындатамын.

2-тапсырма  «Математика негіздері»

(Үйшік жұмыртқаны тастап кетеді)

«Резинкелерден геометриялық пішіндер жасау»

Төртбұрыш, үшбұрыш, тіктөртбұрыш,  трапеция.

Екі-екіден тұрып, қолда жасау, Артынан аяқпен жасау.

Қап бұл тапсырманы да орындап тастадыңдар.

Бірдей болып тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық!.

3-тапсырма  «Жаңылтпаш айт жаңылмай!»

(Үйшік жұмыртқаны теуіп жібереді)

1.Моншақты тақты оншақты,

Оншақты болды моншақты.

2. Тақпақ жатта,

Жатқа жатта.

3.Торта қойдым

Орта қойдым,

Орта қойдым

Жорта қойдым.

4-тапсырма «Логикалық сұрақтар»

(Үйшік қыдырып жүреді де, жұмыртқаны тастап кетеді)

1.Тауық өзін құспын деп айта алама?

Жауабы: Жоқ,ол сөйлемейді.

2.Бір қасқырдың 2 мүйізі бар

Үш қасқырдың неше мүйізі бар?

Жауабы: Қасқырдың мүйізі болмайды.

3.Алма ағашында 5 алмұрт  өсіп тұр, соның екеуін мен алдым нешеуі қалды.

Жауабы: Алма ағашында алмұрт өспейді.

4. Шатырда 7 көгершін отыр, 1 көгершінге тас лақтырып едім, неше көгершін шатырда қалды?

Жауабы: Бәрі ұшып кетеді.

7. Ешкі:

-«Шырақтарым – лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», – деп әндетемін, сол кезде есік ашыңдар дейді. Осы кезде терезе сыртында тұрған арыстан оның сөзін естіп қалады.

«Нейрогимнастика» (музыкалық)

1,2,0,5 санын қолмен көрсету, шапшаңдықпен орындау. Кері қарай жасау: 5,0,2,1

Үйшікті шақырады. Жұмыртқа салады.

5-тапсырма. «Әдемі сөздер айту»

 

Мұнда гүлдің әрқауызын  әдемі сөздер айтып жинақтау яғни гүлді құрастыру. Мыстан кемпірге әдемі сөздер айту.

(Әдемісіз, сұлусыз, кереметсіз, мейірімдісіз, ғажапсыз, сүйкімдісіз, данасыз, ақылдысыз, көркемсіз, гүлдейсіз, көріктісіз, ажарлысыз, әсемсіз, ақкөңілсіз)

Мыстан кемпір: Оййй, балалар, рахмееет, мен өзімнің осындай әдемі, сұлу, көрікті екенімді жаңа біліп отырмын, тек қана Ақшақар емес менде сұлу екенмін ғой.  Жақсы, жарайды, сендер тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар, мен Ақшақарды босатайын. Үйшік Ақшақарды алып кел.

Ақшақар: Балалар көп  көп рахмет сіздерге. Көктем болмай солтүстікке жететін болдым. Қатты қорықтым еріп кетемінбе деп. Рақмет балалар.

Мыстан кемпір: Иә, балалар барлық тапсырмаларды орындады. Сондықтан екеуміз бір бірімізге ренжімей дос болайық, жарайма.Барлығымыз достық әнін шырқайық.

Ән: «Достық»

Ақшақар: Мыстан, балалар мен еріп кетпей тұрғанда Аяз атаға жетейін.

Мыстан: Тоқта тоқта, сен солтүстік полюске  ұзақ жол  жүресің! Мен сені Сиқырлы үйшігіммен апарып тастайын! Ал балалар сендер жарадыңдар!  Қош көріскенше достар!

Тәрбиеші: Балалар бар білімдеріңмен Ақшақарды құтқардыңдар, енді біздің балабақшаға оралатын кез келді, сиқырлы әуенмен өзіміздің балабақшамызға барайық.

Қорытындылау: Балаларға сұрақ қою, мадақтау, мақтау.

 

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *