Журналистка қоғам мен халықты байланыстырушы көпір!!!.
Журналистика – қоғамның келбеті, жақұт көзі және тілі, елдің жүрегі.Қоғам мен халықтың арасындағы байланыстырушы көпір десекте артық етпес. Өйткені күнделікті тіршілікте болып жатқан хабарларды журналист ой елегінен өткізіп, қалың бұқараға ұсынады. Соның нәтижесінде айналада орын алып жатқан күллі жәйттерден ел хабардар болады.
Ал енді осы Журналистика мамандығына тоқталсақ…
“Журналистика ” мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шғармашылығы арқылы адамға да, қоғамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы бола алатын осы бір кәсіп иелерінің қатары күн өткен сайын көбейіп келеді. Бұл әрине, қуантарлық жәйт.
Бұл мамандықтың қызықты әрі күтпеген кездесулер мен саяхаттар күтеді. Ақпарат теңізімен тығыз байланысты. Жаңалықтарды бәрінен бірінші хабардар болуы керек. Журналист болу үшін адам мақсаткер, талапшыл, тез тіл табысқыш ықыласты болуы керек. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақыттыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шындалғанда ғана жақсы ЖУРНАЛИСТ бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың құдіретін сезінуге болады.
Журналист деген бұл сауатты жаза алатын адам. Айтқым келгені әлемде болып жатқан құбылыстарды саралай алып, жазбаша әдемі жеткізе алатын адам.
Жаңалық атаулыны дәлме-дәл, боямасыз шындықты тура етіп халыққа жеткізу.
Қазіргі таңда жалған ақпараттар легі тараған заманда журналистер ақпараттың ақ-қарасын ажыратып, халыққа шынайы ақпарат жеткізу үшін тынбай еңбек етуде. Журналистиканы таңдаған адамның өзіндік принцип болғаны абзал.Мамандығын адал ұстанбаған маман иесі жеңіл ақшаның соңынан қуып,қоғамды іштен шірітеді. Сондықтан да, біз бұндай жолға түспес үшін бойымыздағы мамандығымызға деген адалдықты қарастырып, жеке бас мүддесі үшін, ел игілігі үшін жұмыс істеу керек.
Егер сен Журналист болуды армандасаң, алдыңа мақсат қойып сол мақсатқа жетуді көздеуің керек.
жаксы жазылған