Міржақып Дулатұлының ” Жастарға ” өлеңі мен ” Біздің мақсатымыз ” мақаласының өміршендік мәні

Міржақып атамыздың әрбір жазған еңбектері бізге аян. Дегенмен соның нақты көрінісі ретінде «Жастарға» өлеңі мен біздің мақсатымыздың мақаласының мәні және мағынасы терең !

Себебі сонау қазақ халқы іштей қиналып, әр атқан таңы мен батқан кешін, ертеңгі күнді қалай көреміз деп жүрген заман еді. Осынау бір уақытта Міржақып қазақ ұғымындағы болашақ сан қилы көріністі өз мақаласынан түйіндейді. Дегенмен Серке газетінде 6 маусым 2 санында басылған мақаланың осынша бір газетті жауып тастайтындай қаһары мен рухы мықты орыс империясына қарсы тың дереккөз болған сияқты. Сол бір мақаладан қысқаша ғана сипаттау қалдыратын болсақ былай деп суреттеп:

«Қазақ жеріне бұл мұжықтарды не үшін  жер аударады… Әлде Россияда жер аз ба? Шұрайлы жерлер аз емес, бірақ соның бәрі байлардың,дворяндардың,помещиктердің қолында, олар өз жерлерін ешқашан тегін бермек емес, ал аштан өлуге шақ жүрген мұжықтардың оны сатып алуға шамасы жоқ…Енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін тартып әперуде»

 Иә, жазылған қысқаша ғана мақала сөздерінен ащы шындықтың дәмін көруге болады. Біздің көрген қорлығымыз бен қасіретімізді көрсетіп, айтып, жеткізетін осындай азаматтар керек – деп Шерхан Мұртаза сөз қалдырып кеткені хақ. Қиын қыстау заман талабында Міржақып сынды қолына қалам алып халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, халықпен бірге болатын қазақ болмысын ойлайтын тұлғалар жоқтың қасы болды. Бұл кісілердің қалам алып шындық жаза бастағаны, оларға ауыр найза секілді қадалатын. Дегенмен де көкірегі ояу тұлға болуы үшін намысын бетке алып,  шыбын жаны шыққанша шындық үшін шырылдап өтті. Тағы да оған дәлел ретінде Міржақыптың «Жастарға» атты өлеңін қарасақ болады. Бұл өлеңде де айтылған біршама дүниелер адамды толғандырып жіберетіні анық ақ . Жалпы ізденіс пен мақсат мұраты өзіне бір төбе көрсететін бұл шығарманың өзіндік ойы шексіз жолдармен түйіскендей. Қысқаша ғана үзіндінің өзіне зер салып назар аударсақ былай деп жазып қалдырған:

Етемін үміт жастардан,

Жаңа гүл шашқан бақшадан.

Мұрады оңай кім табар,

Жар салып жұртқа қақсамай.

Иә, жастарға сенім мен үміт артып біздің келешегіміз жастар қолында деп ұрандатып кеткен болатын. Үміт етіп, еліміздің бірінші болып қалыптасуына жағдай жасап, ел болуымызға белсене ат салысып сол елдің тірегі мен жүрегі жастар екенін көрсетіп, бейнелеп тұрғанын осы бір  өлеңінен аңғаруға болады. Ендігі кезек осы сияқты қазіргі мынау қоғам айнасында қалыптасқан жастар, осынау бір өлең арқылы елі мен жеріне деген құрмет сезімді оята білуі қажет . Бұл жастар үлкеніне құрметті, кішісіне ізетті, елдің тек алдыға қадам бастырар айбыны біз болуымыз тиіс.  Міржақып Дулатұлы айтқандай Мен жастарға сенемін !

Ханатов Диас

1 курс студенті

” жалпы журналистика”

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *