ТІЛ САБАҚТАРЫНДА БАСТАУЫШ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

 

Муратбек Жулдыз

«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК

«Бастауыш білім беру» мамандығы, ІV курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Рахимова Айсұлу Сенбіқызы,қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы,педагогика ғылымдарының магистрі

 

                                                 Аңдатпа

 

    Бұл мақалада тіл сабақтарында бастауыш белсенділігін жетілдіру мен меңгеруде  дидактикалық ойындардың маңыздылығы көтерілді. Дидактикалық ойындардың түрі мен оның балаға әсер етуі зерттелді. Дидактикалық ойындардың талаптары мен ойындардың көмегімен нені меңгеретіні көрсетілді.

             Тірек сөздер: дидактикалық ойындар, қазақ тілі

 

                                                     Аннотация

 

     В  данной статье была поднята важность дидактических игр в совершенствования элементарной деятельности на уроках языка. Изучен вид дидактических игр и их влияние на ребенка. Были продемонстрированы требования дидактических игр и то, что они осваивают с помощью игр.

             Ключевые слова: дидактические игры, казахский язык

 

                                                    Annotation

 

     In this article, the importance of didactic games for improving primary activity in Language Lessons was raised. The type of didactic games and its impact on the child were studied. It was shown the requirements of didactic games and what they learn with the help of games.

         Key words: didactic games, Kazakh language

 

  Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы болып табылады. Дидактикалық ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Сондықтан дидактикалық ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескертуге ерекше назар аударған жөн. Дидактикалық ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын – айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ол балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

Бірінші: Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

Екінші: Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Жоғалған зат», «Әдемі кілемшелер» және тағы басқа.

Үшінші: Сөздік дидактикалық ойындар.

   Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге, өзін-өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойынды саналы түсініп, оның шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Ойын мақсатына сай ойын шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы онда жолдастарын тыңдай білу, олардың қатесін түзетуге көмектесуге, ойын шартын түсіндіріп ойынды жалғастыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны басқаларға түсіндіре білуге, ойынды ұйымдастыруға жаттықтырылады. Дидактикалық ойындар оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі.

    Дидактикалық ойындар оқушының байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Ойын барысында балалар да жаңа білім мен әдістерді үйрену керек екенін түсінеді. Дидактикалық ойын көп жоспарлы, қиын педагогикалық құбылыстар, ол балаларды ойын әдісі арқылы үйрету болып табылады, білім беру нысаны және өзіндік ойын ойнау,балаларды жан-жақты дамыту болып табылады.

    Дидактикалық ойын, ойын әдісі ретінде екі жақты қарастырады. Ойын – оқу іс-әрекеттері. Бұл ойында басты рөлді педагог басқарады, педагог әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, ойын жағдайын туғызады, жарыс элементтерін қолданады. Педагог ойын барысында тек қана ойнатып қоймайды балаларға белгілі бір білімді береді, ойнау дағдыларын қалыптастырады. Дидактикалық ойындар қазақ тілінде, тіл дамыту да, қоршаған ортамен таныстыруда, сенсорлық мәдениетін дамытуда қолданылады. Педагог бұл жерде оқытушы да, ойында ойнаушы ретінде болады. Ол ойнауды үйретеді ,ал балалар ойнай жүріп үйренеді. Егер де оқу барысында қоршаған орта туралы білімдерін дамытуда тереңдетілсе, дидактикалық ойында балаларға тапсырмалар жұмбақ ретінде, ұсыныстар, сұрақтар ретінде қолдануға болады. Ойынның бала тәрбиесіне маңыздылығын бұрынғы және қазіргі педагогикалық әрекеттерде қарастырады. Педагогикалық ғылыми жүзінде ойынның екі жақты маңыздылығын көрсетті: жан-жақты даму үшін және шағын дидактикалық тәртіп бойынша ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп-есейгенде де жалғасы береді.

  Дидактикалық ойындар оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлау қабілетін арттыратын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім процесін жеңіл меңгеруге көмектеседі.

Дидактикалық ойындарды тиімді қолдану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынта-жігерін арттырады.

Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.

  Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы болғандықтан, мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.

ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ

  1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
  2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
  3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
  4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
  5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
  6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
  7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
  8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
  9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
  10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
  11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
  12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті.

   Дидактикалық ойындарды сабақта қолдану – оқушылардың білім сауаттылығының дәрежесін көтеріп,оқушылардың қызығушылығын арттырады. Ойын сырттай оңай және қарапайым көрінгенмен, оқушылар сабақ барысында тақырыпты игеріп, сөздік қорын байытады. Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырып, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады. Сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезім әрекетіне сүйенеді. Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.

    Қорыта айтқанда, дидактикалық ойындарды тіл сабақтарында пайдалану бастауыш оқушыларымен жүргізу тиімділігі көп. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің  тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.

   Дидактикалық ойындар: сөздікті толықтырады және белсендіреді, дыбысты дұрыс айтуды қалыптастырады, байланыстырып сөйлеуді дамытады, өз ойын дұрыс айта білуді, балалар тілін дамытады. Мемлекетіміздің ілгерілеу саясатының басты бағыттарының бірі – жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу болып отыр. Қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастырып, ізденімпаз тұлға дайындау біздің міндетіміз.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Никитин Б.П. Дамытушы ойындар. – М., 1994.
  2. Қ.Х.Мусағұлова, «Мектепке дейінгі жаттығулар мен ойындар жүйесі» Степногорск қ. №2 “Балдырған” балабақшасы тәрбиешісі.
  3. Шәмшиева Г. Сабақтан тыс жұмыстардың берері көп. Қазақстан мектебі. 2001. №2. -45 б.
  4. Нұрсейітова С. Оқушылардың сабақтан тыс әрекеттері. Бастауыш мектеп. -2003. №10.-4 б.
  5. Отер Е. Білікті жетекшілік қажет. Қазақстан мектебі. 2002.-№3.-36 б.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *