БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Сейтмұхамет Сабина Бейсенбайқызы

«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК

«Бастауыш білім беру» мамандығы, ІV курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Рахимова Айсұлу Сенбіқызы,

қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі

Аңдатпа:

    Бұл мақалада бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда интерактивті әдістерді қолданудың мәні қарастырылады. Интерактивті әдіс түрлері мен білім беру платформаларын пайдаланудың маңызы ашылды. Цифрлық білім беру платформаларының түрлеріне шолу жасалды. Оқу үдерісінде пайдалану жолдары көрсетілді. Білім беру платформаларының тиімділігі дәлелденді. Ғылыми және шығармашылық жұмыстарды жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өз білімдерін шыңдауға үлкен ықпал жасайды деген тұжырым жасалды. Сабақта интерактивті әдістерді қолдану барысында оқушылардың жас ерекшелігін, материал мазмұнына сәйкес іріктеп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамыйтыны айтылды.

    Тірек сөздер: әдіс, интерактивті әдіс, педагогикалық технология, білім беру платформасы, қазақ тілі.

 

Аннотация:

    В данной статье рассматривается важность использования интерактивных методов в обучении казахскому языку в начальной школе. Выявлена важность использования интерактивных методов и образовательных платформ. Обзор типов цифровых образовательных платформ. Показаны способы использования в учебном процессе. Эффективность образовательных платформ доказана. Сделан вывод, что она оказывает большое влияние на совершенствование научной и творческой деятельности, на совершенствование своих знаний в глобальном информационном пространстве. Было сказано, что при использовании интерактивных методов на уроке, если учащиеся будут подобраны по возрасту и содержанию материала, у них будет развиваться внимательность, интерес к предмету, абстрактное мышление.

    Ключевые слова: метод, интерактивный метод, педагогическая технология, образовательная платформа, казахский язык.

Annotation:

    This article discusses the importance of using interactive methods in teaching the Kazakh language in elementary school. The importance of using interactive methods and educational platforms is revealed. An overview of the types of digital educational platforms. The ways of using in the educational process are shown. The effectiveness of educational platforms has been proven. It is concluded that it has a great influence on the improvement of scientific and creative activities, on the improvement of one’s knowledge in the global information space. It was said that when using interactive methods in the lesson, if students are matched according to age and content of the material, they will develop attentiveness, interest in the subject, abstract thinking.

    Key words: method, interactive method, pedagogical technology, educational platform, Kazakh language.

    «Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда мұғалім оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиісті», – деп педагог жазушы Ы.Алтынсарин айтқандай [1], бүгінгі таңда мұғалімдердің шығармашылық ізденіспен жұмыс жүргізуіне тура келеді. Ғұлама ұстаз А.Байтұрсыновтың: «Әр әдіс өз орнында жақсы. Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай», – деген қағидасын басшылыққа ала отырып [2], оқу үдерісінде жаңа технологияларды соның ішінде, интерактивті әдістерді дұрыс қолданып, оның тиімділігін таныту мақсат етілді.

    Оқытудың интерактивті әдістері келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

  • оқу материалын игеру үдерісіне әр оқушыны белсенді қосу;
  • танымдық мотивацияны арттыру;
  • табысты қарым-қатынас дағдыларын үйрету (бір-бірін тыңдау және есту, диалог құру, түсіну үшін сұрақтар қою);
  • өз бетінше оқу іс-әрекетінің дағдыларын дамыту;
  • көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу;
  • командамен және командада жұмыс істей білу;
  • нәтижеге қол жеткізу үшін бірлескен және жеке қызмет үшін жауапкершілікті өз мойнына алу.

    ИОТ сабақтың барлық кезеңдерінде қолданылады. Мотивация кезеңі сыныпты ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру, сабақтың мақсаттары мен міндеттерін қою, жаңасын түсіндіру, оқығанын бекіту, релаксация, білімді жалпылау, өзіндік жұмысты ұйымдастыру, сабақты қорытындылау, рефлексия.

    Интерактивті әдісті таңдағанда сабақтың мақсаты мен міндеттеріне, тақырыбына, жас ерекшеліктеріне және т.б. критерийлерді ескеру қажет. Ендігі кезекте, әр интерактивті әдістерге жеке қысқаша түсінік бергенді жөн санадым. Мысалы:

    Миға шабуыл, кластерлер, салыстырмалы диаграммалар, басқатырғыштар – белгілі бір шағын тақырып бойынша кілт сөздер мен мәселелерді іздеу. Олар мәселелерді топтастыруға, өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтарын тануға, ақыл-ой картасын жасауға, ойлау дағдыларын дамытуда өте тиімді.

    Аудио және бейнематериалдар, АКТ платформалары – интерактивті режимді түрлі тапсырмалар. Оларды қолдана отырып интерактивті сабақ ұйымдастырылады. Мысалы, онлайн режимінде тестер құру, электронды оқулықтармен жұмыс жасау, оқу бағдарламаларын құру, оқу сайттарымен қосымша жұмыстар жүргізу, сауалнамалар алу және т.б.

    BarCamp немесе антиконференция әдісі. Бұл әдісті веб-шебер Тим О´Рейли ұсынды. Оның мәні әркім тек қатысушы ғана емес, сонымен қатар конференцияның ұйымдастырушысы болады. Барлық қатысушылар берілген тақырып бойынша жаңа идеялармен, презентациялармен, ұсыныстармен сөйлейді. Әрі қарай, ең қызықты идеяларды іздеп және оларды жалпы талқылайды.

    Сабақта мастер-класс, пікірлер шкаласын құру, Попс формуласы, шешім ағашы сияқты интерактивті әдістерді қолдандым. Сонымен қатар «Диплом алдындағы практика» атты іс-тәжірибемде қазіргі заман талабына сай, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне назар аудардым. Онда жұппен, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды мақсат еттім. Санасына сіңірген ақпараттарды орынды қолдана білу дағдылары қалыптастыру мақсатында Wordwall, Learningapps, Kahoot, Genially, quizizz білім беру платформаларын қолдандым. Бұл қосымшалармен жұмыс істеу оқушыларға қатты ұнады, әрі өз нәтижесін берді. Оқушылар бұл платформаларымен жұмысты өте жақсы орындады.

    Осындай тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында мынадай  нәтижелер көрініс тапты:

  • оқыту үдерісінің белсенді мүшесі болу;
  • өз ойларын еркін жеткізу;
  • Learningapps, Kahoot, quizizz қосымшалар арқылы тақырыпты ашу;
  • оқыған білімін ұзақ уақытқа есте сақтау.

    Wordwall платформасы – интерактвті әдістерге бай құрал. Көптеген шаблондары бар. Мысалы, септіктерді тақырыбын бекіту үшін сәйкестендіру тестін қолдана аламыз. Осы орайда оқушылардың сабақты қандай деңгейде түсінгенін біле аламыз.

    Қазіргі заман балалары телефонға бейім болғандықтан, сабақты түсіндірудің тиімді жолының бірі ретінде қолданған өте тиімді болды.

    Қорыта айтқанда, оқушыларға қазақ тілін интерактивті оқыту технологиясы негізінде меңгерту, біріншіден, білім сапасының көтерілуіне жол ашса, екіншіден, оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін заманауи талаптарға сай дамытуға кепілдік береді; үшіншіден, оқу үдерісінің оқушы үшін мәнін танытып, олардың оқу мотивацияларын дамытады;

    ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа компьютерлік технологияларды тиімді пайдаланудың қазақ тілін үйретіп, сол тілде еркін сөйлеу алуға септігін тигізеді. Қазақ тілін оқытуда компьютерлік технологияны, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне тіл үйретуде интерактивті оқытумен оның әдістерін жатқызуға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. . Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. – Алматы: Рауан, 1991.
  2. . Байтұрсынов А. Шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320б.
  3. . Капитонова Т.И., Москвин Л.В., Щукин А.Н. Методы и технологии обучения русскому языку как иностранному. – Москва, 2008.
  4. . Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. – Москва: Просвещение, 20
  5. . Выготский Л.С. Вопросы детской психологии. Союз, 20
  6. . Беспалько В.П. Программированное обучение. Дидактические основы. – Москва, 1970.
  7. . Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. Народное образование. – Москва, 1999. – 60 с.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *