Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің есте сақтау қабілетін дамыту жолдары
Арғынбекова Жанаргүл Арғынбекқызы
Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің есте сақтау қабілетін дамыту жолдары.
Мақсаты:
– Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілетін ойын түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан – жақты жетілдіру;
– Қазақ тіліне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.
• Балаларды адамгершілікке баулу.
• Баланың қиялын есте сақтау қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.
• Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара еске сақтау қабілетін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Ойын арқылы есте сақтау түсініктері болады;
Қазақ тіліндегі сөздік қоры молаяды;
Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілдіреді.
ХХІ –ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден – бір түрі. В.С.Мухинаның пікірінше еске сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде жетіледі, ықтиярлы еске сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады.Мысалы: сатып алушының рөлін алған бала дүкеннен белгілі бір затты сатып алу жөніндегі тапсырманы орындаушы ретіндегі баланың есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден көп болады. Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады.Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып,бала есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды.Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйкені бала алдымен еске түсіруді елестетуді қажет етеді.В.С.Мухинаның айтуынша, есте сақтау мен еске түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды.Ондай жолдарды баланың есіне үлкендер салады.Үлкен адам баладан бір нәрсе сұрағанда, оның есіне түсіруіне бағыт береді, «сосын не болды», «жылқыға ұқсас тағы қандай жануарды көрдің?» Бала біртіндеп қайталай білуге, түсіне білуге, есте сақтау мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды пайдалана білуге үйренеді.Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреуінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады.Өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылдағын бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдында көріп тұрғандай болады.Эйдетикалық ес жас шағының құбылысы.Бұл қабілетін мектепте оқыту кезінде жоғалтады.Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес –бала үшін маңызды оқиғалар мен міндеттерді жадында қалдырады және сақтайды. Тәрбие мен білімнің дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. В.С.Мухинаның айтуы бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады.Есте сақтау мен еске түсіру баланың баланың еркі мен санасына байланысты,екеуі екі іс-әрекеттің сипаты арқылы жүзеге асады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана еске сақтайды. Сондықтан баланың есте сақтау қабілетін дамытуда, ойын әдісінің маңызы көп. Н. К Крупская: Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын – оқу, олар үшін ойын – еңбек, олар үшін ойын – тәрбиенің маңызды түрі. Ойын – баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын – баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс – әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтауы қалыптасады.Ойындар арқылы балалардың есте сақтау қабілетін, белсенділігін арттыруға болады. Бала суреттерді жай ғана қарап шықса, оны еске сақтау нашар болады, осы суреттерді өз орындарына қою ұсынылса бала оларды есіне жақсы сақтайды.Ақыл естің жедел дамитын кезеңі – мектепке дейінгі жас. Баланың есте сақтау қабілетін жаттығулар арқылы дамытудың маңызы зор.Баланың есте сақтау қабілетін арттыратын ойын –жаттығу «Ойыншықты сипатта» жүргізуші балаларға қолымдағы ойыншықты мұқият қарап алуды ұсынамын.Мәселен қуыршақ /оның түр-түсі көйлегі, жемпірі, аяқ киімі, бантигі т.б.с.с болуы шарт/ Содан соң ойыншықты жасырып, балалардың есінде сақталғанын сипаттап беруді талап етемін. Мен тәрбиешілерге балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға арналған көмек құралы ретінде ойындар, саусақ жаттығулары топтамасын ұсынып отырмын.
І.Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар.
Төрт құбылыс Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» – десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады. Көңілді шеңбер Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады. Орныңды тап Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығарылады. Әр түсті заттар
Тәрбиешінің алдында қос-қостан бірнеше суреттер болады. Олар: екі шырша, екі қайық, екі жапырақ т.с.с. Осы суреттердің бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын, пішінін, түр-түсін сипаттап береді. Жүргізуші балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан т.с.с. Ойыншықты сипатта: Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады. Сөзді есіңде сақта Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.
көктем – жаңбыр, жаз – күн шықты, аспан – бұлт, жер – шөп.
Есте сақтауға арналған жаттығулар
Есте сақтауға арналған жаттығулар
Сиқырлы саусақтар
1. Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру). 2. Өзіңді көрсету (бір саусақпен).
- 3. Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру).
Қорқыту (сұқ саусақпен).
5. Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру).
Менің елім
1. Қай елде тұрасыңдар?
2. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
3. Біздің қаламызда немесе ауылда қандай көшелер бар?
4. Сен қай көшеде тұрасың?
5. Ел, жер, Отан туралы қандай тақпақ білесің?
Сөз моншақтар
Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп есітілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.
Қорытындылай келе:
1.Есті дамытуға болады және керек.
2.Есте сақтау қабілетін қайта қалпына келтіріп, дамыту үшін әр түрлі тәсілдерді, қозғалыс ойындарын, жаттығуларды қолдануға болады.
Біз өз жұмысымызда көптеген ойын түрлерін пайдаланып көрдік. Соның ішінде балаларға қызықты және өзіміздің жұмыс жасауымызға тиімді деп мына ойын түрлерін атап айтуға болады. Олар:
Қимыл қозғалыс ойындары (Дене шынықтыру, сергіту сәттерінде жүзеге асады)
Еске сақтау нүктелерін орналастыр (Карточка түрінде орындалады)
Суреттегі затты еске сақта (Барлық ұйымдастыру кезеңінде қолданылады)
Аталған жұмысымызда кемшіліктер де кездесіп отырды. Бұл кемшіліктерді біз баланың денсаулығына, әлеуметтік жағдайына, ата-анамен бірлесе отырып жасасақ баланың еске сақтау қабілетін жоғары деңгейге арттыру нәтижесіне жеткізуіміз мүмкін.
Келесі кезекте өзіме нақты кездесіп отырған кемшіліктермен жұмыс жасау керектігін жоспарлдауды ұйғардым. Бүгінгі таңда тәжірибе жұмысынан тиімді деген ойын түрлерін жинақтай отырып кішігірім кітапша жасауды қолға алып отырмын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ә.Меңжанова Мектепке дейінгі педагогика. Алматы
В.С.Мухина Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясы.Алматы 1986 ж
Бала мен балабақша – № 3 2007 ж
Бала мен балабақша – № 1 2010 ж
Бала мен балабақша – № 2 2010 ж
Ш.С.Сатиева – Психология 8 тарау 62бет
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718