Қазақстан қымбатшылық елі

Қазіргі күні біздің елімізде ,барлық зат өте қымбат. Қазіргі жылы адамдардың талабы болып табылатын нәрсе,азық-түліктің бағасын арзандатса -дейді. Себебі:адамдар бір ай бойы жұмыс жасап,тек азық-түліктен ақшамыз артылмайды -дейді. Қазақстан елінде Жаңа жылда барлық адамның ақшасын өз жұмысына ,біліктілігіне қарай арттырады. Қазақстан халқы бұл жаңалықты естіп қуанары анық.Бірақта азық-түліктің бағасы ,жұмысшылардың ақшасымен қоса көтеріледі.Жұмыскерлердің айлық табысын көтергенімен ,сол баяғы азық-түлікпен артылмайтын ақша болса керек.Қазақстан Республикасы бұл мәселені шешеді деген ойдамын.Осы мәселені шешсе халықтың жағдайы жақсарып,көңілдері тоқ болатын еді.
Қазақстан еліндегі екінші мәселе, өзіміздің қарапайым халық өсіретін мақта.Мақтаны өсіру үшін адамдар,тынбай еңбек етеді.Мақта өнімін берген кезде,оны теріп мақта қабылдайтын өнеркәсіптерге өткізеді.Осыншама еңбекте,мақтаның килограмы аздау болады.Халық бұған ашына қарайды.Сол мақта өңдейтін заводтар,мақтаны шетел асырып жібереді.Мақтаны өзіміз өңдей алмайтындығымыз,жанға аядай батады екен.Мақтаны өңдейтін Қазақстан елінен өнеркәсіп ашылса халық риза болатын еді. Мақта арқылы біз өзімізге өте сапалы,таза мақтадан жасалған киімдертшығаратын едік ,және де мақтадан өзімізге керекті киімдердің түр-түрін шығаратын едік. Киім шығаратын өнеркәсіпті дамытып,Қазақстан елі өз өнімін шетел асырып шығаратын едік. Көршілес елдерге өз өнімізді шығарып,экономикамызды да арттыратын едік.Мақтаны өндіретін өнеркәсіптер ашылса, киімдерімізді арзан әрі сапалы бағада алатын едік.Мен осы қоғамдық, қазіргі таңда өзекті мәселелердің шешілгенін қалаймын,шешіледі деген үміттемін.
Қазақстан елінің қоғамдық проблемасы мұнай.Білікті жұмыскерлердің мұнайды алады да,Қазақстан елі шетел асырып,ақшаға сатып жібереді.Қазақстан елі сол өзіміздің елімізде өндіретін мұнайды арзан бағада,шетел елдеріне сатып,сол шетел елдері біздің мұнайымызды керекті заттар жасап шығарып,өзімізге екі,үш есеге қымбатқа сатады.Бұлда қымбатшылықтың белгісі.Қазақстан елі осылайша қымбатшылық еліне айналады.Мұнайды өзіміз өңдегенде,халыққа керекті заттар шығарып,қарапайым халық арзан және де сапалы бағада алар еді.
Қазақстан елі осы проблемалық мәселелерді шешкенде,дамыған елдердің қатарына кіретін едік.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *