Қазіргі жастар неге кітап оқуға қызықпайды?

Бүгінгі күні үлкендерден: «кітап неге оқымайсың?, неге қызықпайсың?» деген сұрақтарды күнде еститін болдық. Бірақ мамандардың нәтижесі көп адамды таңқалдырды. Жалпы,қазақстандықтар  кітаптарды қағаз түрінде де, электронды нұсқада да белсенді оқи бастаған. Мұны кітапханашылар мен кітап дүкендерінің қызметкерлері растайды. Демалыс күндері кітап сатып алушылар кезекте тұрып қалатындығын айтты. Сатып алушылардың басым көпшілігі жас балалар екен. Олар фэнтези,бестселлерлік және детективтік бағыттағы кітаптарды таңдайды.

Ғалымдардың пікірінше, жастардың оқуға деген көзқарасы жақсы жаққа өзгеруде, өйткені бүгінгі таңда олардың рухани әлемін байытудың түрлі жолдары бар. Бұған гаджеттердің соңғы үлгілері де ықпал етеді. Ғаламтордан кез-келген кітапты онлайн түрде жүктеп алып,өзіне ыңғайлы жер мен уақытта ашып оқуға мүмкіндігі бар. Менің ойымша,қазіргі заман ағымына бұл өтте ыңғайлы қадам,себебі қазіргі таңда жастардың таңдауындағы ең арзан деген кітап құны 3000-5000 теңгені құрайды. Ал бұндай бағаны кітап сүйер қауымның барлығының қалтасы көтере бермейді. Осы орайда онлайн кітаптарды оқу көп адамның жептес арманын іске асырады. Расымен, бүгінгі күні адамға кітап сатып алу үшін, әсіресе классиктер мен жаңалықтарды сатып алуға орташа есеппен 6000-7000 теңге қажет. Бұл қарапайым студенттерге қымбат болып көрінуі мүмкін.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *