Кітап неге оқылмайды?
Кітап неге оқылмайды?
“Адамдар оқудан қалғанда ойлаудан да қалады.”
Дидро.
Кеңес елі кезінде ең көп «оқитын» мемлекет болғандығын білеміз. Мүмкін сондықтан моральдық жағынан ол қоғам біраз жоғары болған шығар. Дегенмен… ол кезде тек оқуға болатын, қатал цензурадан өткен кітаптарды ғана оқуға болды. Идеология қыспағынан адамдар санасы ой еркіндігіне жете алмады. Яғни ең «оқитын» ел болғанымен, таңдау құқығының шектеулілігінен кітап оқудан барлық пайданы ала алмады. (өкінішке орай.)
Ал қазір жағдай басқа… кітаптың неше түрлісі бар: қазақша, орысша, ағылшынша дейсің бе. Дүкен сөрелері толып тұр. Бірақ кітаптардың сыртқы мұқабасының жылтырлығы мен атына көп мән берілетіндей. (Мұнда әңгіме қазақ тіліндегі кітаптар туралы емес.) Түк мән-мағынасы жоқ, сырты бүтін, іші түтін «гламур» жылтырауық журналдардан енді кітаптарға да көшкен бе? Ең маңыздысы кітаптың ішкі мазмұны емес пе?!
Кітап оқитын жастар жоқтың қасы ма деуші едім, қателесіппін. Бірақ сол жастар кітапты сыртқы мұқабасына қарап емес, ішкі мазмұнына үңіліп алса екен.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718