Қош бол,балабақша!
Қош бол,балабақша!
Музыка әуені қосылып, 2 тәрбиеші кіреді.
1 тәрбиеші:- Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
2 тәрбиеші: -Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!-
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
Балдырған бүлдіршін түлектерді.
– Алғыр ,бизы жігіт Курганов Алихан, мың бұралған сүйкімді ару …Аяла
– Әдепті де салмақты жігіт Нуржанов Нурали,қайсар жайсаң жігіт Жансерік
– Тапқыр,ақжүрек жігіт Талғатұлы Дархан,сүйкімді де ақжарқын ару Каирлина Аружан
– Мейірімді кең пейіл жігіт Ерсұлтан …, жайсаң жайдарлы жігіт Мансұр
– Батыр да, ұйымшыл жігі Асанәлі, көркем инабатты ару Нұржанқызы аружан.
– Ақылды да,білімді жігіт Диас..сабырлы жігіт Әди
– Өнерлі жігіт Нұрәлі..ботакөз ару Айза
– Қайсар жігіт Ердан…сабырлы ару Асылым.
– Алғыр жігіт Батырхан…ибалы ару Кәусәр.
– Батыр жігіт Санжар… сабырлы ару Аруна…
Әуен қосылып балалар екіден қол ұстасып қызыл кілемнің үстімен жүреді де екі жаққа жарты шеңбер болып тұрады.
1 Жүргізуші:- Армысыздар,құрметті біздің қонақтар!
Армысыздар,аяулы біздің апайлар!
Құшақ жая қарсы алады сіздерді қарлығаштар.
Өлең,ақыл,әндер бүгін айтылар!
2 Жүргізуші:- Балабақшам сүйікті
Ән салдырды билетті
Шынықтырып денеңді
Шымырлыққа үйретті
Топтық би: «Жаңа үлгідегі би»
Ән: «Біз бақытты баламыз» -орындарына отырады
1 тәрбиеші:- Балалар! Бір сәтке біз ең керемет армандар орындалатын таңғажайып, жұмбақ, сиқырлы балалар еліне келгенімізді елестетейік! Біз бәріміз армандап, кім болатынымызды анықтай аламыз ба?
Сахналық көрініс: «Армандаушылар»
1 бала көзіне очки киіп:- Мен ұлы ғалым болуды армандаймын,
Барлығы:-Неге?
1 бала:- Себебі, мен бала кезімнен тотықұстардың 200 жыл өмір сүреді деген өтірік пе,шынба білгім келген.
2 бала мойнына мойынорағышын орап,қолына сызғыш ұстап шығады:- Мен сәулетші болуды, бұрышсыз үй салуды армандаймын.Мен қазір өз арманымды орындап жатырмын – үйді шеңберлерден саламын!
Менің үйімнің сызбасы аяқталып қалды, оның бұрышы жоқ! Мама! Менің арманым орындалды!Сіз енді бұрынғыдай мені бұрышқа тұрғыза алмайсыз!
Барлығы:-О,о,о,о,,керемет!
3 бала галустыгын жөндеп: -Мен депутат болсам,көөөп балабақша саламын
4 бала қара көзілдірік киіп,қолына лупа алып шығады:-Мен мүмкін «Тайный агент» боламын. Барлық қылмыскерлерлі ұстап отырамын.
5 бала басына кепка киіп:-Мен таксисит боламын. Бульварды,қаланы, тауларды аралаймын. Жолаушыларды поездға уақытында жеткізіп отырамын.
6 бала аспазшының қалпағын киіп алады:-Мен аспазшы боламын. Әртүрлі дәмді тамақтар пісіремін. Борщ,қуырдақ,самса,бешбармақ.
Бәрі:-Эх,дәмдісін-ай.
7 бала:-Келіңдер оданда бәріміз «Крутой» болайық.
Би: «Крутой балалар»
Ән: «Бақшамызға мың алғыс»
2 тәрбиеші:-Балалар,өте керемет. Болашақта сендердің армандарың орындалатынына сенімдімін.
Ойын «МАТЕМАТИКА -ДОСЫМЫЗ»
Балалар шеңбңрге тұрып,қолдарын белге қояды.
Айтады:
Математика – досымыз, (жартылай отырып,оңға-солға бұрылады.)
Сандарды біз көреміз, (екі қолдарының алақанын жаяды)
Тез санауды білеміз (сұқ саусакпен санайды)
Сендерге көрсетеміз (бас бармақтарын көрсетеді)
Босқа қарап сен тұрма, (сұқ саусағын қимылдатады)
Сандарыңды қайтала (алақанымен екі құлағымен кезек тыңдайды )
Бір,екі,үш,төрт.бес, (орнында секіреді)
Кел ойнайық тез (жүргізуші «2» санын көрсетеді)
– Екі санын табайық,жұбымызға тұрайық! (жұппен тұрады)
Жүргізуші: -Бір,екі,үш ойынды қайта бастаймыз!
Ойын тағы қайталанады.
«3» санын көрсеткенде айтады:
– Үш санын да білеміз,қазір көрсетеміз.! (үштен шеңбер жасап тұрады)
2 тәрбиеші:-Балалар,жарайсыңдар. Сендердің математикадан білімдеріңді әлі де тексеріп көрейік.
Ойын: «Молекула»
Балалардың тақпақтары.
(ұлдар тақпақ айтады,қыздар киінуге кетеді)
1 тәрбиеші:-Балалар,байқайсыңдарма, залдың бұрышында мына әдемі қолшатыр мереке басталғаннан тұр. Бұл қолшатыр жай қолшатыр емес сияқты. Айналдырып көрсем қалай болады екен. (қолшатырды айналдырады,артына қыздар келіп тұра қалады) Ой, балалар,расындада сиқырлы қолшатыр екен. Қараңдаршы қыздарымыз әдемі көйлектерімен шығыпты. Ендеше осы қыздарымыздың өнерін тамашалайық.
Би: «Көңілді бояулар»
Ойын: «Сыңарын тап?»
Ән: «Үйретеді»
Қыз бала:- Сүйемін күннің шапағын
Жанарымда мол шуақ
Өнерімізді қызықты
Тек сіздерге арналмақ.
Шуылдақ оркестр: «Полька» А. Филиппенко
1 тәрбиеші:- Міне, балалар, сендерге көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мереке де келіп жетті. Балабақшадағы ойыншықтарыңмен қоштасып,мектепке барып кітаппен,қаламмен достасасыңдар. Олай болса Аружан (Раяна) қызымызбен оның достарының әдемі өнерін тамашалайық.
Ән жеке дауыста «Ойыншықпен қоштасу»
артынан балалар ойыншықтармен би билейді.
2 тәрбиеші:-Балалар, сендердің ойыншықтарыңды бостан босқа сөреде шаң басып тұрмайды. Біз ол ойыншықтарыңды кішкене топтың балаларына сыйлаймыз.
Әуен қосылып кіші топтың балалары кіреді.
Олар түлектерлге тілектерін айтады.
Балалар ойыншықтарын сыйлайды.
1 тәрбиеші:- Аяулы ана қымбаттым
Ұйқынды бөліп түн қаттың.
Нәрін берді ақ сүтін
Құшағында гүл бақтың.
Армандарға жетерміз,
Құстай ұшып кетерміз.
Ыстық құшақ анашым,
Сізді бақытты етерміз!
Аналармен балалардың вальсі
2 тәрбиеші:- Айналайын, балғындар,
Алға бағыт алдыңдар.
Ертең өсіп толыңдар
Ел мақтаны болыңдар!
1 тәрбиеші:- Орындалсын ойларың,
Ашық болсын жолдарың
Қош,балалар,сәт сапар,
Үлгілі бәрің болыңдар.
Ән: «Қош бол, балабақша!»
ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№100 балабақша- бөбекжайы» КМҚК
Қош бол балабақша.
Мектепалды даярлық топтарына арналған ертеңгілік
Әдіскер: Куксина Илона Яковлевна
Музыка жетекшісі: Жакупова Жанар.А
Өскемен ,2022 ж
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718