« Ғарыштық аппарат».

Қысқа мерзімді жоспар: « Ғарыштық аппарат».

 

Сырбаева Сагадат Маликовна

Ақтөбе қаласы, «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер, педагогика  ғылымдарының магистрі.

 

Мектеп:

 

Ақтөбе қаласы, «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис.
 
Мұғалімнің аты-жөні: Сырбаева Сагадат Маликовна
Сынып 8 Қатысқандар:                    Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Ғарыштық аппарат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.6.1 – коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.

8.4.4.1 – сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері,  есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану.

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар орындай алады: «Ғарыштық аппарат» туралы тыңдалым материалына  сай  ғылыми және халықаралық терминді, ғылыми деректі орынды қолданып, диалог, монологта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді. Тыңдалым мәтінінен есімді және етістікті сөз тіркестерін ажыратып, қолданады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: «Ғарыштық аппарат» туралы тыңдалым материалына  сай  ғылыми және халықаралық терминді, ғылыми деректі орынды қолданып, диалог, монологта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді. Тыңдалым мәтінінен 3-4 есімді және етістікті сөз тіркестерін ажыратып, қолданады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

« Ғарыштық аппарат» туралы тыңдалым материалына  сай 4-5  ғылыми және халықаралық терминді, ғылыми деректі орынды қолданып, диалог, монологта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді. Тыңдалым мәтінінен 4-5 есімді және етістікті сөз тіркестерін ажыратып, қолданады.

Пәнаралық байланыс Физика пәні
Тақырып бойынша алғашқы білім Ғарыштың бізге әкелген пайдасы мен ғарыштың экологиялық әсері туралы біледі.

 

Жоспар
Уақыт Жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

Психологиялық тренинг. «Біз ұқсаймыз». Оқушыларға көк аспанның немесе ракетаның суреті беріледі. Оқушы суретті өздерінің жеке бастарының қасиеттерімен байланыстырады.

Мысалы,

Біз ұқсаймыз, себебі мен де осындай түсті ұнатамын.

…  себебі мен де осындай биікке ұмтыламын.

… себебі мен де зерттегенді ұнатамын.

…  себебі маған да жұрт қызығып қарайды т.б.

Сыныппен жұмыс. «Артығын алып таста».  Оқушыларға сабақ тақырыбымен қатысты суреттер жинағын көрсетемін. Олар қай сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтау керек. Сол арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамын.

 

«KazSat-3». Наноспутник.                Ұшақ

Нанороботтар

 

Нанотрубкалар

Зымыран-тасығыш               Ғарыштық лифт.

 

Сабақтың тақырыбы ашылады. Енді суреттердің атауына назар аударамыз.

Кімге қандай термин таныс?

Олай болса, біздің сабағымыздың мақсаты қандай? Жетелеуші диалог арқылы сабақ мақсаты айқындалады.

Олай болса, бүгінгі сабағымызда ғылыми ғарыштық терминдерді қолданып, диалог, монолог құрастырамыз.

 

Каталог продукции -ТОО “Издательство “Мектеп” expert.

mektep.

Kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғарыш аппараттары-

ның суреті беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

5 минут.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16 минут.

Тыңдалымалды тапсырма.

Топтық жұмыс. «ПАЗЛ» тәсілі арқылы жаңа терминдермен танысады.

1. Оқушыларға жоғарыдағы суреттердің атауының анықтамасы жазылған түсті қағаз түрлі формада қиылып, бөліктері таратылады. 2. Оқушылар өз пазлының бөлігі бар басқа оқушылармен топтасады. 3. Оқушылар өздерінің кездейсоқ топтарын тапқаннан кейін, олар командада жұмыс істеп, пазлды құрастырады. 4. Топ өз пазлдарын партада жинастырып, жаңа ақпаратпен барлық сыныпты таныстырады.

Наноспутник – орбитадан шықпай-ақ, ешқандай қоқыс қалдырмай қалдықсыз жанып кете алады,ірі спутниктер секілді ірі тапсырмаларды орындай алады.

Нанороботтар – өзге планетадағы тіршілікті жүзеге асырады, жақын жердегі планеталар, айды, астероидтарды ретке келтіреді, адамзат тіршілік ете алатындай жағдай жасайды.

Ғарыштық лифт — планетарлық орбита және одан тыс жерлерге жүктерді көтеру үшін арналған құрал. Мұндай әдіс болашақта ракет-тасымалдаушылардан едәуір арзан болатыны анық.

Нанотрубкалар – Ғарыштық лифттің жұмыс жасауына қажетті жоғарғы қысымды көміртекті құбыр.

Зымыран-тасығыш — реактивті қозғалыс  принципі бойынша әрекет ететін және пайдалы жүктемені ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған аппарат.

Дескриптор:

v  Түс бойынша топтасып, анықтама құрастырады;

v  Ғылыми  терминдермен танысады;

Қалыптастырушы бағалау. Экранда көрсетілген дұрыс жауабы арқылы өзара тексеріледі.

Мұғалімнің бағалауы. «Шындық детекторы» әдісі. Мұғалім оқушыларға анықтамаларды шатастыра отырып береді, оқушылар шындық немесе жалған екенін анықтайды.

Мысалы,

Нанотрубкалар – ғарышқа  жүк тасымалдайтын құрал. /жалған/

Ғарыштық лифт қалдықсыз жанып кете алады. /жалған/

«Планетарлық орбита» есімді тіркеске жатады. /шындық/

Тыңдалым кезіндегі тапсырма.

Тыңдалым мәтіні: « Қазақ

ғалымдарының тың жобасы

ғарышты шарлайды»

Мәтіндегі ғылыми терминдер мен деректерді тіркескен сөзімен берілген кестеге түсіру.

Мысалы,

Ғылыми терминдер Ғылыми деректер
Алғашқы наноспутник Сейсмологтарға хабарлайды
Жасанды жер серігі Жоғарғы дәлдіктегі спутник АҚШ-та ұшырылды.

Сабақтағы жылдамдық (темп) бойынша саралау жүргізіледі. Оқушыларға терминдер мен ғылыми деректердің саны шектеліп беріледі.

Дескриптор:

v  Мәтінді мұқият тыңдайды;

v  Кемінде 3-4 ғылыми термин  мен деректер жазады.

v  Есімді, етістікті сөз тіркестерін ажыратады.

Қалыптастырушы бағалау. «Домино» әдісі. Оқушылар берілген қима қағаздағы терминдер мен деректерді тіркестіреді.

Мұғалімнің бағалауы. Экраннан дұрыс нұсқасы көретіледі.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

«ТІКЕЛЕЙ  ЭФИР» ойыны. Байқоңыр ғарыш айлағынан тікелей репортаж жүргізеді.

Жағдаят.№1. Сіз жаңа ғана «Қазақстанда іске қосылғалы отырған жаңа ғарыштық аппарат туралы хабар тыңдадыңыз. Ғарыштағы наноаппараттың қызметі қандай болуы мүмкін? Сол туралы журналист ретінде аппарат ойлап тапқан ғалымдармен сұхбаттасып, диолог құрастырыңыз.

Жағдаят №2.  Қазір қазақша-орысша ғарыштық терминологиялық сөздік құрастырылуда. Осы сөздіктің болуы қаншалықты сен үшін маңызды? Ғылыми терминдер мен деректерді қолдана отырып, пайымдау монологын жазыңыз.

Оқушыларға таңдау бойынша саралау жасайды, өздеріне ұнаған тақырыпты таңдауға мүмкіндік алады.

Дескриптор:

v  Тапсырманы таңдап алады;

v  4-5 терминдер мен ғылыми деректерді тиімді қолданады;

v  Өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді.

Қалыптастырушы бағалау. «Үздіктер алаңы» әдісі. Шағын топта бірі-бірі тыңдайды.

«Үздік журналист» пен «Үздік өнертапқыш ғалым» анықталады. Әр топтан осы атаққа ие болған оқушылар ортаға шығады.

«ПАЗЛ» тәсіліне қажетті анықтама жазылған

түсті

қима

қағаздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ

ғалымдарының

тың жобасы

ғарышты

шарлайды

https://www.youtube.

com/watch?v=

f_mh5XvTfrw

 

«Дамино» әдісіне қажетті қима қағаздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рольге ену үшін микрафон мен көзілдірік.

 

 

 

 

Белсенді оқыту әдістері. Астана, 2013. А.Әлімов.

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

3 минут.

«Сөйлемді толықтыр» әдісі.

 

Мен сабақта … құрастырдым.

Сол кезде … пайдаландым.

Тапсырма орындау кезінде … ажыраттым.

 

Рефлексия. Стикерлер жапсырады.

 

Мен ұшуға дайынмын.(түсіндім)

Мен көмектесуге дайынмын.(көмек қажет)

Мен армандаймын.(түсінбедім)

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *