Қызыл кітапқа енген гүлдер
Тулешов Мадияр Аманбаевич
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Т2
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: | Қызыл кітапқа енген гүлдер | |
Оқытушы: | Тулешов Мадияр Аманбаевич | |
Күні: | 03.03.2022 | |
Сыныбы: | 4 | |
Дағды: | Тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым | |
Оқу мақсаттары | 4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.3.2.1 Таныс емес сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну |
|
Жаңа сөздер | Гүлзар, аймақ, тікенек, сирек, теру, аймақ | |
Алдыңғы білім | Пайдалы өсімдіктер | |
Сабақтың барысы | ||
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері | Оқыту ресурстары | |
Кіріспе
5 минут |
Топшаларға бөлу.
Интелектуалды ойын ойнату. Оқушыларды ортаға шақырып кәмпит қорабынан бір-бірден кәмпит алуларын өтіну. Кәмпиттерде үш топшаға бөліну үшін әр топшпның аты жазылған. Осылайша оқушылар үш топқа бөлінеді, топ басшылары сайланады. Топшаларға бөлінгеннен соң оқушылар «Кім жылдам» ойының ойнайды.
Қызығушылық ояту (келісім шарт) Сабақтың тақырыбын болжату. Мұғалім сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға – Сендер қандай гүлдердің түрлерін білесіңдер? (раушангүл, қызғалдақ, бәйшешек) Оқушылар өздері білетін гүлдерді атап, тізімін жасайды. Үй жұмысын тексеру (сұрақ-жауап) Балалар, бүгінгі сабағымызда өсімдіктер туралы әрі қарай жалғасады. Оқушыларға қалыптастырушы бағалау туралы түсіндіремін. Әр топқа бағдаршам түстері яғни: қызыл, сары, жасыл таяқшалар беріледі. Ал әр топша осы таяқшалармен бірін бірі бағалайды. Қызыл (қанағат), сары (жақсы), жасыл (керемет). |
Кәмпит қорабы
Әр түрлі гүлдердің суреттері, постерлер.
|
Негізгі бөлім
5-40 минут |
Оқушылардың назары оқулыққа аударылып, онда берілген жаңа сөздерді меңгертуге мұғалім баса назар аударады. Меңгеруге ұсынылған сөздер қатысатын пысықтау жаттығулары жүргізіледі.
Жаңа сөздермен таныстыру.
«Жаттығайық» берілген тапсырмада оқушылар осы сабақта меңгерген жаңа сөздерін қолдануға үйренеді. Тапсырманы топ болып орындайды және тексереді. Сөз тіркестерін құрастыру ГҮЛ АЙМАҚ
сирек көпжылдық ірі орманды далалы таулы
«Тыңдалым» Мәтінді мұғалім оқиды. «Оқиық және жауап берейік» 1- тапсырма. Оқулықта келесі ұсынылған оқылым тапсырмасын мұғалім «Веер» әдісін қолдану арқылы орындатады. Бұл әдіс бойынша сынып оқушылары үш топқа бөлінеді, әр топ өзіне тиіс мәтіндерін оқып оған сұрақ құрастырады және ол сұрақтарды Веерға жазып басқа топқа береді. Ал екінші топ сұрақтарға жауап береді де үшінші топқа Веерді береді. Үшінші топ болса 2 топтын жауаптарын тексереді. Тапсырманың орындау барысында мұғалім уақытты қатаң қадағалайды.
Жасырын сөздерді тап (ойын). Өсімдік, сирек, жапырақ, лалагүл, тікенек, кітап, дәрумен, қызғалдақ, гүлдер, бұтақ, көпжылдық, сары, ақ, қызғылт, ірі, таулы, дәрі, гүлзар, орман.
2-тапсырма. Әр топқа ақ парақ беріледі, «Өсімдіктерді қорғау үшін не істеуіміз керек» – деген сұраққа постерді қорғау арқылы жауап береді.
Грамматикалық жұмыс. Гүлдерге араларды қондыру (көптік жалғауларымен жұмыс) Жазылым (көп нүктенің орнына көптік жалғауларын қойып жаз) Сирек кездесетін гүл… мен өсімдік… қызыл кітапқа енгізіледі. Олар дала… да, орман… да, тау… да өседі. Олардың жапырақ…ы жіңішке және ұзын болып келеді. Жуашық…ы жұмыртқа тәрізді болады. Гүлдерінің түс… і әр түрлі болып келеді. Олардан дәрі…, дәрумен… жасайды.
«Үйге тапсырма» Оқулықта ұсынатын соңғы тапсырма «Итмұрын» туралы оқып, білу беріледі. |
Интерактивті тақта
Интерактивті тақта
Оқулық
А4 парақтары, түрлі түсті маркерлер
Гүлдер мен аралардың макеттері
|
Қорытынды
40-45 минут |
Рефлексия: Кері байланыс
«Бес саусақ» әдісі Оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету. Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады: 1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды? 2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым? 3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым? 4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен? 5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? |
|
Бағалау | Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды. |
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718