«Аквариумдағы балықтар»

        Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық.Таным

Оқу іс-әрекетінің түрі:Жапсыру

Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»

Мақсаты:аквариумда балықтар, ұлулар, өсімдіктер болатыны туралы түсіндіру, балалардың елестете білу қабілетін дамыту. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:ұлу, қабыршықтар.

Көрнекі құралдар, қажетті құрал-жабдықтар: табиғат бұрышындағы аквариум, ойыншық балықтар мен ұлулар, қызыл тіктөртбұрыш, сары түсті шаршылар, сулық үлестірмелі материал,қайшы, желім.

Билингвальді компонент:балық-рыба, су-вода.

Іс-әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Педагог жұмбақ жасырады:

Төртбұрышты шыны үй

Терезесі жоқ,іші толған су

Осы үйдің тұрғындары

Шетінен шебер жүзгіштер.

 

Басса ізі жоқ,

Жүрсе жолы жоқ.

 

 

 

 

 

Аквариум, балық.

 

-Ұлу

Ұйымдастырушылық-ізденістік -Бүгін аквариум және оның тұрғындары туралы әңгімелейміз. Қараңдаршы, балалар, бұл-су асты әлемі.

-Аквариумның түбінде не бар?

-Олар не үшін қажет?

Сөздік жұмыс:ұлу, қабыршықтар

Сергіту сәті

Денсаулықты сүйеміз,

Шынығамыз күнде біз.

Бір,екі, ұш,

Бір, екі, үш.

Бұлшық етте ,міне ,күш

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Бойымызды созайық,

Белімізді жазайық.

Билингвальды компонент.

Балық-рыба

Су-вода

Ал,енді балықтарды талдайық.Қандай балықтарды білесіңдер?

-Балалар, аквариумда бірдей балықтарбар ма?

-Олардың бір-бәрінен айырмашылығы бар ма?

-Балықтарға суда жүзуде не көмектеседі?

-Білесіңдер ме, балықтар көзін ашып ұйықтайды.

-Балыққа қабыршақ не үшін қажет?

-Дұрыс, ол балықтың денесін қорғайды.

Ойын «Балықты көркемде»

Балаларға балықтар мен қабыршықтар таратылады.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады, суреттерді қарау ұсынылады.

Педагог жұмыстың жасау ретін түсіндіреді,көрсетеді.

Жұмысқа кірісу ұсынылады.

 

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі

Балалар жауабы

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталайды: ұлу, қабыршықтар.

 

Сергіту сәтін өлең ырғағы бойынша қимылдар жасап орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білетін балықтары туралы айтады.

-қанаты, құйрығы әртүрлі болып келеді.

 

-басы, денесі, құйрығы, қанаты.

 

 

-балықтардың қанаты мен құйрығы суда жүзуге көмектеседі.

 

-қабыршық балықтың денесін қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі материалды қарастырады, суреттерді қарап жауап береді.

Сұрақтарға жауап береді.

 

Жұмыстың орындалу ретімен танысады.

 

Жұмысқа кіріседі.

 

Рефлексиялық-түзетушілік Ойын «Балық,қайда тұрасың?» шеңбер бойына тұрып, балық кімге түссе,сол бала балық қайда тұрғанын айтады. Балалар жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.Ойын ойнайды.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:қию және жабыстыру тәсілімен ұсақ бөлшектерді өзі қалауы бойынша жабыстырады.

Түсінеді: аквариумда балықтар, ұлулар, өсімдіктер болатынын.

Қолданады:табиғат бұрышында тұрған аквариумдағы балықтарды күтуде оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдылар.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *